Объяснение:
Менің кіндік қаным тамып, алғаш тәй-тәй басқан, алғаш «ана» деп күлім қаққан, апама еріп қой баққан елім, киелі жерім, ата мекен – Жерұйығым бар. Халық даналығы «Әркімге өз туған жері – Мысыр шаһары» деп бекерге айтпаған.
Туған жерін жырға қоспаған, туған жері жайлы толғанбаған ақын-жазушылар жер бетінде жоқ шығар.
Қасиетті де киелі елім! Сенің кең жазиралы төсіңде еліміздің сан ғасырлық шежіресін баяндайтын шынайы да анық, дәлелді тарих жатыр. Тамыры тереңге бой тартқан сара жолымыздың «Тәуелсіздік» атты бабалар аңсаған, біздер қолдап, қорғаған теңізде көш жалғастыруы – біздерге, келер ұрпаққа, беріліп отырған «баянды бақыт» дер едім.
Қазақстан – кең-байтақ өлке, ұлан-ғайыр жеріміз табиғат ресурстарына, шикізат көздеріне, тіпті, бай. Бұл ерекшеліктер «Тәуелсіздік» атты қасиетті ұғымға қол ұшын жеткізудің бір бағыты болды, бүгінде біз басқа да дамыған елдермен тереземізді теңестіру жолындамыз.Менің туған өлкемнің байлығы өте көп. Менің елім табиғи қазба байлықтарымен әлемге әйгілі
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Сын-қимыл, мөлшер үстеулерін тап. Қазақстанның табиғаты қоңыржай. Соған қарамастан біраз жерінің топырағы онша құнарлы емес. Қазақстанның бірталай жері — ормандыдалалы. Онда бидай, арпа, күріш тез өседі. Орталық Қазақстанда анағұрлым көп өседі. Шығыс Қазақстан мен Оңтүстік Қазақстанда бидай бірен-саран шығады. Елімізде мұнай өндірісі тез дамуда. Сонымен қатар шикізаттан мырыш, қорғасын, жез, құмтас, мәрмәр бірталай өндірілуде.
Мен фермер болғым келеді.
Менің фермамда сиыр, бұқа, жылқы, шошқа, қаз, тауық болады.
Әрине, мен мұндай үлкен ферманы жалғыз өзім көтере алмаймын, сондықтан көмекшілерім болады.
Біз адамдарға органикалық өнімдер сатамыз: сүт, ет, жұмыртқа. Сонымен қатар, біз ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін шағын зауыт саламыз. Содан кейін, бізде қаймақ, айран, сүзбе, май, ірімшік, тартылған ет, котлеттер, тұшпара сатылымда болады.
Мен күн сайын өз жерімде атқа мініп, жайылымда жайылып жүрген малымды бақылаймын.
Мен табиғатты, жануарларды қатты жақсы көремін. Мен болашақ мамандығым осыған байланысты болғанын қалаймын. Әрине, фермер болып жұмыс істей отырып, үлкен табыс табамын деп сенемін. Сонда мен барлық сүйікті тілектерімді орындай аламын. Бірақ мен қазір мектепте және кәсіптік оқу орнында оқуымды аяқтауым керек.
Мен жетістікке жетемін деп үміттенемін.
Объяснение: