Galliardt Sergeevna1284
?>

Менің калам кызылорда мәтин курастирип бериниши​

Казахский язык

Ответы

gusrva3001

Мен Қызылорда қаласында туып өстім. Қызылорда қаласы жылдан-жылға көркейіп келеді. Қаламызда көптеген тарихи тұлғаларға қойылған ескеркіштер: Бұқарбай батыр, Жалаңтөс Бахадүр, Қобыланды, Үшалып, Сыр ана маноменттері бар. Қызылорданың ауылшаруашылығы күрішке, балыққа бай. Бізде мұнай өндірісі жұмыс жасайды. Үлкен әкімшілік ғимараттар, емханалар, ауруханалар, кітапханалар соңғы үлгіде жасалып жатыр. Елімізге еңбегі сіңген атақты тұлғалар өсіп өнген жер. Соның ішінде: Ғани Мұратбаев, Сабира Майқанова, Әбілдә Тәжібаев, Тұрмағамбет Ізтлеуов, Асқар Тоқмағанбетов сияқты еңбегі сіңген және тағы басқа көптеген аға-апаларымыз  бар. Туған жерім мен үшін ыстық. Сол үшін Қызылордамды мақтан тұтамын.

Привет Кызылординцам! Ванлав)

i7aster26
Ана жайлы ойыңды, айтып тауса алу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген махаббаты шексіз. Мен де анамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып, өз ойымды аз да болса жеткізгім келеді.
Ана! Ана! Ана! «Ана» дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ. Осы үш қана әріптен тұратын «ана» сөзінің астарында ұшан теңіз ой жатыр. Ана — әрбір а үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. А алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Адамның аузынан шығатын ең алғаш сөзі де – «ана». Міржақып Дулатов ағамыз айтқандай, бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын абзал жанды адам, бұл – ана. Алдыңа қойған мақсатыңа жетуің үшін ана жанын қиюға да дайын. Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін салып, тер төгеді. Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талай ақын әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген.
«Анаңды меккеге үш арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың» деген дана қазақ халқы. Шынында да, осыншама қиналып, көз жасын төге жүріп, бізді өсірген анаңа қолыңнан келгеніңнің бәрін істесең де, оның бәрі анаңның түн ұйқысын төрт бөлген бір күніндей ғана. Өз парызыңды өтеу, бұл – ана алдындағы парызды өтеу.Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге әйгілі адам болсаң да, анаңды, оның саған жасаған жақсылығын ұмытпау – сенің өмір бойындағы борышың. Қай адам қолынан келген сый – құрметін жасамады десеңші, шіркін! Бірақ соның бәрі анаңның бір ауыз жылы сөзіне де жетпейді. Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы – ананың қолында. Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді. 
Қорыта айтқанда, барлық адам ана алдындағы парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, ананың шашына ақ түсірмей, тек осы киелі жандардың бақытты болуын ойлау керек. Себебі ең бақытты адам – анасы бар адам. Жер бетіне жақсылық нұрын себетін аналарымыз аман болсын!
Maksimova-Shorokhov303
Жаңа жыл - менің ең сүйікті мейрамым. Жаңа жыл мерекесін неге соншалықты жақсы көремін? Өйткені, барлығы қуанышты, бір-біріне сыйлықтар ұсынады. Бұл күнге арнап барлығы үйлеріне шырша алып, бірге оны безендіреді. Көше бойы жарқырап, мерекенің келуін сезе бастайсың. Кешке қарай аспан түрлі түсті салюттерге толады. Жаңа жыл түні менің отбасым Президенттің құттықтауын есту үшін, телевизордың алдында жиналады. Президент құттықтау сөзін айтып жатқанда, мен өзімнің алдыма көптеген мақсаттар қоямын, ішімнен тілегімді тілеймін. Жаңа жылдың ең кереметі - ол менің отбасымның бірге жиналуы. Өтйкені менің отбасым мен үшін ең қымбатты.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Менің калам кызылорда мәтин курастирип бериниши​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

ajuli2
Salnikov1730
сергей1246
fotomuha1
katrinasvr
Galina_Yurevna
pastore
Anatolevna
dentinnsmr467
petria742
dimanov
osechkinandrejj
oafanasiev41
nestruev
kobzev-e