silicon-films3375
?>

"Қазақстан туралы" 10 легких предложений чтобы выучить

Казахский язык

Ответы

marinatehnomaster21

Жел энергетикасы — жел энергиясын механикалық, жылу немесе электр энергиясына түрлендірудің теориялық негіздерін, әдістері мен техникалық құралдарын жасаумен айналысатын жаңартылатын энергетиканың саласы. Ол жел энергиясын халық шаруашылығына ұтымды пайдалану мүмкіндіктерін қарастырады. Елімізде арзан электр энергия көздерін іздеу мақсатында, “Қазақстанда 2030 жылға дейін электр энергиясын өндіруді дамыту туралы” мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, жел күшімен өндіретін электр энергиясы қуатын халық шаруашылығына қолданудың тиімді жолдары қарастырылуда. Қазақстанда жел күшімен алынатын электр энергиясы қуатын кеңінен және мол өндіруге болады.

Жел энергиясының басқа энергия көздерінен экологилық және экономикалық артықшылықтары көп. Жел энергетикасы қондырғыларының технологиясын жетілдіру арқылы оның тиімділігін арттыруға болады. Жел энергиясын тұрақты пайдалану үшін жел энергетикасы қондырғыларын басқа энергия көздерімен кешенді түрде ұштастыру қажет. Республиканың шығыс, оңтүстік-шығыс, оңтүстік аймақтарында су электр станциялары мен жел электр станцияларын біріктіріп электр энергиясын өндіру өте тиімді. Қыс айларында жел күші көбейсе, жаз айларында азаяды, ал су керісінше, қыс айларында азайса, жаз айларында көбейеді. Сөйтіп, энергия өндіруді біршама тұрақтандыруға болады. Алматы облысының Қытаймен шекаралас аймағындағы 40-ендікте Еуразия мегабассейніндегі орасан зор ауа массасының көлемі ауысатын Орталық Азиядағы “жел полюсі” деп аталатын Жетісу қақпасындағы желдің қуаты мол. Ол екі таудың ең тар жеріндегі (ені 10 — 12 км, ұзындығы 80 км) табиғи “аэродинамикалық құбыр” болып табылады. Қақпа Қазақстанның Балқаш — Алакөл ойпатын Қытайдың Ебінұр ойпатымен жалғастырады. Осы жердегі жел ерекшеліктерін зерттеу нәтижесінде оның электр энергиясын өндіруге өте тиімді екені анықталды. Қыс кезінде желдің соғатын бағыты оңтүстік, оңтүстік-шығыстан болса, жаз айларында солтүстік, солтүстік-батыстан соғады. Желдің орташа жылдамдығы 6,8 — 7,8 м/с, ал жел электр станциялары 4 — 5 м/с-тан бастап энергия бере бастайды. Желдің қарама-қарсы бағытқа өзгеруі сирек болуына байланысты мұнда турбиналы ротор типті жел қондырғысын орнату тиімді. Желдің жалпы қуаты 5000 МВт-тан астам деп болжануда. Бұл өте зор энергия көзі, әрі көмір мен мұнайды, газды үнемдеуге және, әсіресе, қоршаған ортаны ластанудан сақтап қалуға мүмкіндік беред

Объяснение:

Захаров-Иванович

Дүниежүзілік Экономикалық форум (World Economic Forum) өзіне әріптес ұйымдар мен компаниялардың қатысуымен статистикалық мәліметтер мен сауалнамаларға сүйене отырып, терең зерттеулер жасаудың нәтижесінде әлем елдерінің Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексін (The Global Competitiveness Index) шығарып отырады.

Аталған зерттеулер 2004 жылдан бері жүргізіліп келе жатқанын айта кету керек. Биылғы рейтинг бойынша Дүниежүзілік экономикалық форум әр елдің бәсекеге қабілеттілігін сол мемлекет пен оның институттарының ортамерзімдік дамудағы экономикалық өсімді қамтамасыз ететін қабілеттілік ретінде анықтайды.

Аталмыш көрсеткіштері күшті елдерде халықтың әл-ауқаты өте жоғары болады. Бұл индекс әр ел экономикасы мен бәсекеге қабілеттілігін дамыту жолындағы проблемалар мен мәселелерді шешу үшін таптырмас талдау құралы болып табылады. Осы арқылы экоомикалық прогресске жету жолындағы стратегияны жасауға септігін тигізеді.

Дүниежүзілік экономикалық фоум өкілдерінің айтуынша, елдердің бәсекеге қабілеттілігі көптеген факторлар арқылы анықталады. Егер мемлекеттік басқару жүйесі тиімсіз болып, инфляция жоғары болса, онда даму тежеледі. Ал, зияткерлік меншік жақсы қорғалып, сот жүйесі тиімді жұмыс істесе, индекстің жоғары болуына пайдасын тигізеді. Сонымен бірге білім беру, жұмыс күшінің біліктілігін көтеру және жаңа білім мен технологиялардың қолжетімді болуы да маңызды рөл атқарады. Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын факторлар экономикалық жүйеге әр елде түрлі жағдайларға байланысты әр түрлі әсер етеді.

Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексін алғаш рет 2004 жылы Колумбия университетінің профессоры Ксавье Сала-и-Мартин жасап шығарды. Бұл индексті жасауда 114 ауыспалы көрсеткіш пайдаланылды. Оның үштен екісі компания басшыларынан алынған сауалнамалар болса, қалғаны статистикалық мәліметтер мен халықаралық ұйымдардың зерттеулері болып келеді. Жалпы алсақ, 12 бақылау көрсеткіші бар:

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

"Қазақстан туралы" 10 легких предложений чтобы выучить
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*