Жауаптар:
1) "Қыз Жібек" жыры - қазақтың ең көне лиро-эпостық жырларының бірі.
2) ХVІ-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ қоғамында жеке бастың, сезімнің бостандығы, махаббат еркіндігі туралы мәселе мұндай деңгейде ашық айтыла бермеген кезі суреттелген.
3) Алғаш рет 1894 ж. бастырылған.
4) Батыс Қазақстан жері.
5) Жырдың негізгі кейіпкерлері:Төлеген,Жібек,Бекежан,Қаршыға, Сансызбай,Базарбай, Сырлыбай т.б.
6) Жыр мазмұнының негізгі арқауы - Төлеген мен Жібек бірін-бірі шын сүйген ғашықтар,бірақ әке батасынан аттап кеткен Төлегеннің өлімі мен Жібектің қайғылы тағдыры.
7) Ең алғаш Жібек туралы Төлеген өз елінде жүргенде естіп, сұлуды іздеп шығады.Содан соң Жібек жайында Қаршығадан қанығып,оны көруге асығады. Сөйтіп, Қаршығаға ілесіп, көштің соңына түседі. Көш үлкен, аяғынан басына дейін баруға тура келеді. Жол бойы бірінен бірі әдемі он үш қызды көреді.Олардың бәрі Жібек болмай шығады.Кейін Жібекпен алғаш кездескенде оның сұлулығы бейнеледі.
8) Қыз Жібек" жыры екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде Төлегеннің Жібекке үйленуі әңгімеленсе, екінші бөлімде Жібектің Сансызбаймен қосылғаны баяндалады. Екі бөлім - екі оқиғаны жырлайды, бірақ сюжет біреу: жігіттің үйленуі баяндалады.
9) "Қыз Жібек" жырының шығуы сол дәуірдің өзінде-ақ халықтың идеал туралы эстетикалық пайым-түсінігінде белгілі бір дәрежеде өзгеріс болғанын айғақтайды.Төлегеннің де, Жібектің де өзіне лайық жар іздеуі, сүйіспеншілікпен үйленуді көздеуі - сол кезеңдегі жастардың ойында, көкірегінде жүрген арманын, мұңын, тілегін аңғартады. Жырдың ел арасында кең тарағанының бір себебі осында.
10) Базарбай - Төлегеннің әкесі.
11) Төлеген - жырдың бас кейіпкері,Жібектің сүйгені,Базарбайдың баласы.Ол бай болуды, батыр болуды көксемейді.Оның арманы - өзіне лайықты сұлуды сүю, соны өзіне өмірлік жар ету. Ал Сансызбай - Төлегеннің інісі,ісін жалғастырушы.
12) Жібек туралы Төлеген Қаршығадан естиді.
13) Төлеген қасына бірнеше нөкер ертіп,"жылқыдан екі жүз елу жорға алып, бірнеше күн жол жүріп" Жібекті іздеп,қыздың көшіне келеді.
14) Жырда қыздардың келбеті өте шебер суреттелген, оларды көрген Төлеген енді тезірек Жібекті көруге ынтығады. "Қаршығадан озып, Жібектің күймесіне бұрын жетеді. Бірақ Жібек онымен "сөйлесуге намыстанады". Тек Қаршығаның үгітінен кейін ғана Жібек "бетін бір ашып, жарқ етіп көрініп, амандасты да, қайтадан бетін жауып, пәуескенің қақпағын түймелеп, жатып қалды".Осылайша екеуі алғаш кездескен еді.
15) Жібектің ағасы Қаршыға көмектеседі.
16) Бекежан - романдық эпостағы дәстүрлі кейіпкер, яғни екі ғашықтың ортасында жүрген қастангер.
17) "Егер Алла бұйырса, мен қаздармен бірге келемін" деп,аман-сау оралатынына уәде береді.
18) Базарбай баласының тілегін қолдамай,оған оң батасын бермейді.
19) Төлегеннің жолын Жібек 8 жыл күтеді.
20) Жібек кейін Сансызбайға тұрмысқа шығады.Жібек марқұм болған жарының өсиеті мен ата салтын орындау үшін ғана тимейді Сансызбайға.Ол өзі ғашық болады, сөйтіп, оның Төлегенге деген іңкәрлігі Сансызбайға ауысады.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Переведите арақұйрық - сымбатты жіңішке аяқтары бар, әсем жүп түяқты жануар. Аталығының басында ұзындығы 40 сантиметр жіңішке мүйізі болады, аналығы - мүйіасіз. Шол оміріне жақсы бейімделген және ұзақ уақыт бойы су ішпей жүре береді, бірақ түйемен салыстыруға болмайды. Көктемде және жаздың бірінші жартысында аздаған топ болып жүреді. Күзге жақын, қыста үлкен үйір бірнеше жүздеген бас болып жиналады.Қарақұйрықтың жаулары - қасқыр, түлкі. Төлдерін кейде қыран, бүркіттер алады, бірақ ең үлкен қауіп - мылтықты адам.- ат пен есектің жабайы туысы, еліміздегі тақтүяқты сүтқоректілер отря- . дының жалғыз өкілі. Бұл - мықты, кішілеу келген ат. Ашық сарғыш сұр түсті, жотасын бойлай қара жолағы, үлкен басында ұзын құлықтары және қысқа тіке тұратын жалы бар. Құлан осыдан 100 жыл бұрын Қазақстан мен Орталық Азияның барлық шел-шөлейтті жерінде, Каспийден Ертіске дейін мекендеген және де ең үлкен аумақты Қазақстан құланы алып жатқан.
Қазақ халқына кеңінен танымал көркем жырлар өте көп. Солардың бірі — «Қыз Жібек» жыры. Бұл жырдың негізгі тақырыбы қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы, дүниеге деген көзқарасы, ұғымы . «Қыз Жібек» жыры қазақ халқының сол кездегі көшпенділігін білдіреді, сондай-ақ
салт- дәстүр орнаған қоғамда туып-өскен адамның көзқарасы қандай екенін көрсетеді.
Лиро-эпостық яғни махаббат жырларында негізінен батырлық, ерлікті жырлаудан гөрі, екі жастың арасындағы шынайы махаббат, халықтың әдет-ғұрпы , салт-дәстүрі көбірек суреттеледі екен. «Қыз Жібек» жыры да солардан кенде емес. Солардың бірі «Қыз көру» (салт). Кейде «қыз таңдау» деп те аталады. Салт бойынша белгілі кісілердің балалары немесе өнерпаздар , сал-сері жігіттер өзіне лайық қыздарды ел ішінен өздері таңдаған. «Пәлен жерде жақсы қыз бар» дегенді естіген жар таңдаған жігіттер өнерлі дос-жолдастарын ертіп қыз аулына барады. Қазақта «Қызды кім көрмейді, қымызды кім ішпейді» деген мақал қыз іздеген жігіттерге жол ашады.
«Бата аяқ» (салт) Құда болған кісі екі жақтың келісімінен кейін жігіт әкесі қыз аулына келіп «бата аяқ » өткізеді. Кейде мұны «сырға тағар» деп те атайды.
Поэманың екінші бөлігінде ақын Жібекті жаңа рольде көрсеткенде, оның ескі әдет-ғұрыптың бірде-бір әрпін бұзбайтын мүләйім жан ретінде суреттейді. Бұл жағдай Жібектің қара басының қамы үшін ғана емес, ең алдымен елін қоршап алған қалың жау-қалмақтардан құтылудың тура жолы.
Әмеңгерлік (салт) Халқымыздың бұрынғы салты бойынша күйеу қайтыс болғанда оның жесірі "ерден кетсе де, елден кетпек жоқ", "аға өлсе, іні мұра" деген қағидамен әмеңгерлік жолмен күйеуінің аға не інісінің біреуіне өзінің таңдауы бойынша тұрмысқа шығады.
Қорыта айтқанда, белгілі ғалым, зерттеуші Р.Бердібаев жырға өзінің мынадай әділ бағасын береді. «Қыз Жібек» — қазақ халқының даналығы туғызған асыл жырлардың бірі. Мұны эпиакалық суреттеу өнерінің ең жетілген кемес нұсқасы десе де болады.