Ата – ана туралы мақал – мәтелдер.
Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада.
* * * * *
Жалғыз баласы атқа шапса,
Атасы ауылда тұрып
Тақымын қысады.
* * * * *
Ана жақсылығын,
Ауырсаң білерсің.
Қайын жақсылығын,
Қырырсаң білерсің.
* * * * *
Баланың өзі болғандай,
Келіннің өзі келгендей.
* * * * *
Ата-ананың қадірін
Балалы болғанда білерсің.
Ағайынның қадірін
Жалалы болғанда білерсің.
* * * * *
Ақ шашты ана:
«Жастығым - балам» дейді.
Ақылды бала:
«Ай-күнім - анам» дейді.
* * * * *
Ана алдында – құрмет,
Ата алдында – қызмет.
* * * * *
Малды баққан өсірер,
Баланы тапқан өсірер.
* * * * *
Бала –
Ананың бауыр еті көз нұры.
* * * * *
Мылқаудың тіліне анасы түсінеді.
* * * * *
Бесіктегі баланың
Күлгенін көрген бір мұрат.
Алдынан түсіп ананың
Жүргенін көрген бір мұрат.
* * * * *
Өз кемеріңнен шыққан баланы
Бал сүтіңмен бағарсың.
Бал сүтіңмен бақпасаң,
Қайтіп көңілін табарсың?!
* * * * *
Мейірімі мол ананың –
Жүрегі жылы, қолы кең.
Кең пейілді атаның
Жүзі жылы, жолы кең.
* * * * *
Ақ жаулығы ананың –
Ақ көрпесі баланың.
* * * * *
Ана алақанының аясы –
Ақы шынардың саясы.
* * * * *
Ананың сүті – бал,
Баланың тілі – бал.
* * * * *
Ана сүтін ақтамағанды
Ешкім мақтамайды.
* * * * *
Әкеден – ақыл,
Анадан – мейір.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
НАПИШИТЕ ! С ПЕРЕВОДОМ 3. «Қазақстандағы жер байлығы» тақырыбында берілген мәтіннен мәліметтер жинақтап, постер не сызба-кесте жасаңыз. Қасиетті туған жердің тау тасы да, топырағы да, талға біткен жасыл жапырағы да қымбат. Осыншама бағасы, құны байлықпен өлшенбейтін жасыл белдерді, асқар тауларды сүймеу мүмкін емес. Асыл армандарымызды әрқашан туған жермен байланыстырамыз. Себебі туған жер ол біздің ой өлшеміміз бойынша тарихы терең отанымыздың белгісі. Жер ана - қасиетті туған жер. Ол - біздің тылсым тарихымыз. Туған жер топырағын иіскеуге зар болыр кеткен боздақтар қанша ма?! Туған жер үшін соғысқа түсіп туған жер топырағы бұйырмаған қандастарымыз қанша ма?! Қазақстан бүгінде жер асты да, үсті де байлыққа кенелген тәуелсіз ел. Жері байдың елі бай деген осы болар. Еліміз тұғырлы мемлекеттер қатарынан көрінсін
(8 предложений)