Ас, тамақ туралы мақал – мәтелдер.
Өле жегенше, бөле же.
* * * * *
Ат адамның қанаты,
Ас адамның қуаты.
* * * * *
Қазан қайнап тұрса, ақыл сайрап тұрады.
* * * * *
Қайнаған қара суда қасиет бар.
* * * * *
Шыбын да балға қонады.
* * * * *
Есек мінген ат сұрамайды,
Балық жеген ет сұрамайды.
* * * * *
Асы жоқ алтын аяқтың,
Алтынын ал да отқа жақ.
* * * * *
Ішіп тоймаған, жалап тоймайды.
* * * * *
Қарны ашқан қазанға қарар.
* * * * *
Дастарханда наны жоқтың,
Тамағының сәні жоқ.
* * * * *
Тоқ адамды ұйқы басады,
Аш адамнан ұйқы қашады.
* * * * *
Шай ішіп үйренген, қымыз деп қыстамайды.
Аштың ақылы астан әрі аспайды.
* * * * *
Жейтін ауызды жемес ауыз байлайды.
* * * * *
Сыйласқанның суын іш.
* * * * *
Жарлының бір тойғаны шала байығаны.
* * * * *
Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.
* * * * *
Тату үйдің тамағы тәтті.
* * * * *
Сыйлап берсе суын іш.
* * * * *
Жоқты бар десең – құт болар,
Барды жоқ десең – жұт болар.
* * * * *
Берген ас түске жетпейді,
Ниет естен кетпейді.
* * * * *
Атың барда – жер таны желіп жүріп,
Асың барда – ел таны беріп жүріп.
* * * * *
Дастарханның басында дұшпан да дос.
* * * * *
Таңғы асты тастама.
* * * * *
Ас адамның арқауы.
* * * * *
Ас атасы — нан.
* * * * *
Нан астығын жинаймын,
Елге астық сыйлаймын.
* * * * *
Нан— тамақтың атасы
Ынтымақ — көптің батасы.
* * * * *
Дәнді шашпа, нанды баспа.
* * * * *
Нан бар жерде ән бар.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Қызметтік іс қағазына жататын құжат түрі: А)түйіндеме; Б)өтініш; В)мінездеме; Г)бұйрық; Д)анықтама. 2.Бұйрыққа кім қол қояды? А)орынбасар; Б)жетекші; В)қызметкер; Г)төраға; Д)орындаушы. 3.Ақпараттық құжатқа жататын құжат түрі: А)қолхат Б)сенімхат В)мінездеме Г)жеделхат Д)өтініш 4.Жеке адамға қатысты құжат түрі: А)хаттама; Б)бұйрық; В)өмірбаян; Г)жарғы; Д)хаттама. 5.Құжаттың бірінші рет жасалған нұсқасы қалай аталады? А)көшірме; Б)төлқұжат; В)куәлік; Г)түпнұсқа; Д)құжат. 6.Түпнұсқа жоғалған кезде берілетін құжат: А)үзінді; Б)төлқұжат; В)көшірме; Г)түпнұсқа; Д)жарғы. 7.Қызметтік хатқа жататын хат түрі: А)жеделхат; Б)ұсыныс хат; В)телефонхат; Г)хат; �)құттықтау хат. 8.Белгілі бір адамды сипаттау мақсатынды жиі жазылатын іс қағазының түрі: А)өтініш; Б)түйіндеме; В)өмірбаян; Г)мінездеме; Д)анықтама. 9. Ұйым басшысына белгілі бір ақпаратты, мәліметті жеткізу мақсатында жазылатын құжат түрі: А)өтініш; Б)қолхат; В)өмірбаян; Г)бұйрық; Д)түсінік хат 10.Мекеменің немесе қызметкердің заңсыз іс-әрекетін көрсету мақсатында жазылатын құжат түрі А)жолдама хат; Б)шағым хат; В)ұсыныс хат; Г)сұраныс хат; Д)құттықтау хат. 11. Мекеме мен мекеме арасында жазылатын құжат түрі: А)сұраныс хат; Б)шағым хат; В)ресми хат; Г)ұсыныс хат; Д)жолдама хат. 12. «Құжат»деген сөз қандай мағынаны білдіреді? А)куәлік; Б)түйіндеме; В)қағаз; Г)ақпарат; Д)мінездеме. 13.Толтыру орнына қарай құжаттардың түрі: А)жедел және жедел емес; Б)ішкі және сыртқы; В)қызметтік; Г)жекелік; Д)ұжымдық. 14.Жасалу сатысына қарай құжаттардың бөлінуі: А)қызметтік; Б)кіріс және шығыс; В)түпнұсқа және көшірме; Г)ресми-жекелік; Д)мемлекеттік. 15.Заңдылық күшіне қарай құжаттардың бөлінуі: А)толық көшірме; Б)шын және жалған; В)ұйымдық-өкімдік; Г)шығыс құжат; Д)кіріс құжат.
Салалас құрмалас сөйлем
Сложносочинённые предложения состоят из независимых друг от друга простых предложений.
1. Предложения могут перечисляться через запятую и не связываться союзами (жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлем).
2. Предложения (жалғаулықты салалас құрмалас сөйлем) могут связываться следующими союзами:
1) және, да/де, та/те – и, да, к тому же;
2) бiрақ, ал, әйтсе де, сонда да – а, но, однако, но всё же;
3) не, немесе, бiресе, әлде – или, то.
4) сондықтан – поэтому; сол себептен, өйткенi – потому что;
Примеры:
1)Жаз келдi де, күн жылынды. – Лето пришло, дни стали тёплые.
Мұғалiм келмедi және сабақ болмады. – Учитель не пришёл, и урока не было.