Павловна897
?>

Төмендегі сөздердін әрқайсысымен жеке-жеке сәйлем құрап жазыңыз.Жаттығу, мәре, ұпай, тынымсыз, жаттықтырушы.​

Казахский язык

Ответы

kotocafe45

Бүгін менде алғаш қашықтық Дене шынықтыру сабағы болды мен гимнастикалық жаттығулар жасадым

Мәреге дейін 27 қадам қалды

Доп лақтврып 17 ұпай алдым

Мені мұғалімдерім тынымсыз дейді өткені мен тентекпін

Оксана Николаевич

Объяснение:«Жерұйық» көркемфильмі 1937 жылы Қиыр Шығыстан кәрістер жер аударылған Алматы облысы, Үштөбе аулында өскен сценарист Сон Лаврентийдің балалық шағы туралы фильм. «Жерұйықтың» көрермен назарына жол тартқанына да бір жылдың көлемі болып қалды. Фильмнің басты идеясы — Қазақстандағы көпұлттылық­тың пайда болуын көрсету. Режиссері  - Сламбек Тәуекел, ал сценарийдің авторы - Лаврентий Сон сол заманның тірі куәгерлері.

Басты рөлдерді Болат Әбділманов, Назгүл Қарабалина, Сергей Попов, Бағлан Әбдіраимов, Тамара Қосубаева, Алтынай Нөгербек, Меңтай Өтепбергенов, Алексей Шемес сынды дарынды әртістер сомдайды. Алғашында «Атажұрт» деп аталып, кейіннен «Жерұйық» болып өзерген бұл фильмнің сюжеті қасіретті жылдардың ауыр жағдайында ізгілік пен адамгершілікті алға қойған Қазақстан халқының достығын бейнелейді. Сценарийі үш айда жазылып біткен фильм 2009 жылғы қарашадан 2010 жылдың қараша айына дейін Қаратал өзенінің бойында түсірілген.  «Адамзаттың бәрін сүй, ба­уырым деп». Ұлы Абайд­­ың осы сөзін беташар қылған картинаның көтерген жүгі барынша ауыр.

Қазақ халқының қанына сіңген қонақжайлықты дәріптеген бұл көркем фильм бір жылдың ішінде-ақ, айтарлықтай деңгейде өз  көреременін жинап үлгерді. Біз тарих кітаптарынан ақтарып отырып оқитын Сталин заманындағы өзге  ұлттарды қазақ жеріне қоныстандыру саясатының құрбандарын және олардың кешкен ауыр да, азапқа толы тұрмыстарын осы фильмнен көре аламыз. Болат Әбділманов  сомдаған Орынбайдың бойына достыққа адалдық, қонақжайлылық, турашылдық, әділеттік жолында басын бәйгеге тігуге дайын батырлық сияқты жағымды қасиеттер топтасқан.

Ұжымдастыру, ашаршылық, саяси қуғын-сүргін, соғыс сияқты небір зобалаңға тап келсе де, адалдығынан айнымаған, тектілігін жоғалтпаған, ізіне шам алып түскен сатқындардың сөзіне арбалмай, бір-бірін отқа итермеген мәрт адамдардың ерлігі еріксіз таң қалдырады. Кәріс, неміс, түрік, шешен, күрд және басқа да ұлттар амалсыз туған жерінен алыстап қазақ еліне келген кезде қатты жатсынады. Бірақ бауырмал қазақ халқы оларды төріне шығарып, бір үзім нанын да бөліп береді. Фильмде жұрттың берекесі мен бірлігін ойлап, елдің қамын жейтін нар тұлғалы азамат Орынбай - өмірде болған кейіпкер. Ол өз туған жерінен амалсыз көшіріліп әкелінген әртүрлі  ұлттарды жатырқамай, бауырына басады. Міне, қазақтың қазақшылығы да осында ғой... Нағыз бұқпасыз шындықты дәл көрсеткен көркем туынды сапасы жағынанан да ешқандай фильмдерден кем емес. Фильм соңы мәрт азамат – Орынбайдың Сібірге жер аударылуымен аяқталады.

 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: muz-tracker.net, abai.kz

#ФИЛЬМ

#"ЖЕРҰЙЫҚ"

#СЛАМБЕК ТӘУЕКЕЛ

#ЛАВРЕНТИЙ СОН

Алмат Сақатов қазақ халқына суық хабар жеткізді

«Мынау не сұмдық Қасым-Жомарт Кемелұлы» – Алтынай Жорабаева ..

Ескендір Хасанғалиевтің жағдайы туралы жаңа ақпарат пайда ..

Бөлісу:

Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз

Мадлен Мадлен

8 жыл бұрын

0

Гастаның сөзі есіме түсіп кетті... "2,5 сағат уақытымды қайтарып беріңдер" деген :mrgreen:

Нұрман Қымбатов

8 жыл бұрын

0

барі керемет суреттелген фильм , катты асер калдырады.

9 жыл бұрын

0

Қазақ халқының қонақжайлығы мен бауырмалдығы тамаша суреттелетін кино.

ЕҢ КӨП ОҚЫЛҒАН

Тәулік

Апта

Ай

Табақ тарта білу де өнер

# ШАҢЫРАҚ

Табақ тарта білу де өнер

Археологтар адамның бес мың жыл бұрынғы саусақ ізін тапты

# ТАРИХ

Археологтар адамның бес мың жыл бұрынғы саусақ ізін тапты

Алан Бөрібаев: "Абай" операсы – әлемдік классиканың озық үлгісі

# ТЕАТР

Алан Бөрібаев: "Абай" операсы – әлемдік классиканың озық

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/madeniet/kino/1666/

daverkieva568

Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі не?

Себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі.

Әр халықтың өзінің ана тілі бар. Тіл – жеке адам ойлап тапқан туынды емес, ол барша ұлтқа ортақ, соның төл перзенті. Сол халықтың мәдени әлеуметтік өмірінде өзіндік мәні бар киелі ұғым.

Тіл – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Тіл – еліміздің іргетасы, «Ұлттың қуаты тілінде».

Тілдің адам өмірі үшін мәні айрықша. Тіл – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем». «Тіл – асыл ойдың бұлағы». «Тіл –құдірет». «Тіл - тәуелсіздік тұғыры». «Тіл – ұлттың жан дүниесі».

Тіл құдіреті - ерекше. Оның бітпесті бітіретін, жетпесті жеткізетін, үзілгенді жалғайтын мүмкіндігі бар. Бір ауыз сөз опық жегізіп, өмір бойы өзегіңді өртесе, бір ауыз орынды айтылған сөз жадында жатталып, бақытқа жеткізеді.

Тіл – ұлттың жан дүниесі. Расында қазақ халқының басында талай қиын нәубет, зұлматтың, қайғылы күндердің болғаны тарихтан белгілі. Сондай ауыр сәттерде, сын сағаттарда атамекен қонысын тастап босқан халықтың өзімен бірге алып жүрген байлығы – ана сүтімен санасын дарыған ана тілі ғана.

Халқымыздың тілге беріп жүрген бағасы бұл ғана емес, ана тілге деген мейірім, махаббат сезімін білдіретін сөздер көп-ақ. Оған жүздеген мысалдар келтіруге болады. Осы сияқты ой тұжырымдардың баршасы ел аузына түспей, ғасырлар өтсе де ұрпақ жадында сақталған қанатты сөздер.

«Тәрбие басы - тіл» деген осы күнге дейін мән-мағынасын жоғалтпаған қанатты сөз XI ғасырдың ұлы ойшылдарының бірі Ахмет Иүгінекидің есіміне қатысты.

Үзілмей келе жатқан осындай даналық дәстүрінің жалғасын біз бүгінгі ұрпақтан да көреміз. Ана тіліміздің айтып жеткізуге болмайтын асыл қасиеттерін тап басып танып, қанатты сөздерге айналдырған зиялыларымыз да баршылық.

Бүгінгі қазақ тілінің тағдыр мен болашағы Елбасын аз толғандырып жүрген жоқ. Сондықтан да болар Ел басының «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде», «Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы» деген сөзі бар. Ал кейінгі 2005 жылғы жолдауында айтылған «Біз барша қазақстандықтарды біріктіруші басты факторлардың бірі – еліміздің мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан әрі дамытуға бар күш-жігерімізді жұмсауымыз керек» деген уәжінде қазақ тілінің Қазақстан халықтарының басын біріктіруші ұйытқы болуын көздеп отыр.

Қай қоғамда да тіл мәселесі болатыны белгілі. Біздің ұлтта да тіл өзекті мәселе болып отыр. Қазақстанда қазақ тілі –мемлекеттік тіл. Солай бола тұрса да бізде қазір көптеген қазақтар үй ішінде, сыртта, қоғамдық орындарда орысша сөйлеп, қазақ тілінің сөйлеу өрісін тарылтып, қолданылу аясын әлсіретеді, тіпті жоғарғы жақтағы басшылардың өздері орыс тілінде сөйлейді, қазақша сөйлегеннің өзінде шұбарлап сөйлейді. Басты кемшілігіміз – осы.

Қазір көптеген жастар ана тілін дұрыс білмейді. Ауылдық жерде жақсы, қалалық жерлерде тіл құнарлылығы сұйыла түскен.

Объяснение:

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Төмендегі сөздердін әрқайсысымен жеке-жеке сәйлем құрап жазыңыз.Жаттығу, мәре, ұпай, тынымсыз, жаттықтырушы.​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Тарбаева1243
Amulenkov
kristina
narkimry134
Анна Марина1873
viktorovna_Imamaevich679
kulagin777
karpov68
DzukaevAlekseevich
cernovarmechta
Kaccak8778
in-1973
lanac3po
okasnab
kengyra