NatalyaAlekseevich1644
?>

Эссе на тему стихотворения "Анама" Фариза Оңғарсынова:Кеудеңде мені тербеттің, жас шыбық енді көктеді.Мінеки мен де ер жеттім, еңбегің бекер кетпеді.Өмірде мынау ең жақын, аяулым сенсің, анашым!Болмаса мейлі зор даңқың, мен үшін бірақ данасың.Мейірім төккен нұр жүзің тұрғандай сезем жанымда.“Адал бол, - деуші ең, - жұлдызым”, сақталды сөзің жадымда.“Игі еңбек түбі осы-ау” дер көргендер жеміс ағашын.Қартаймай, мәңгі жасай бер мәңгілік Күндей, анашым!​

Казахский язык

Ответы

chuev4444

Фариза Оңғарсынова-қандай керемет ақын болған десеңші. " Анама" атты өлеңі жүрегімнің төрінен орын алды.  Мен осы өлең арқылы асыл Анамның қадірін бұрынғыдан да ұғындым. Түн ұйқыңды төрт бөліп, жас шыбықтай мәпеледің. Барша әлемге күн нұрын төккендей, сенде бар шуағыңды маған арнадың аяулы Анам. Маған сенен аяулы, сенен қымбат ешкім жоқ бұл өмірде. Адал бол деп үйреттің, анашым, ақсүтіңмен бойыма сіңірдің адалдықты. Мен үшін сен данасың, анашым. Бүгін менде есейдім, ержеттім, еңбегіңді ақтауға бар күшімді саламын, жаным, Анам.  Мәңгі жасай бер, игі еңібегіңнің, мен үшін өткізген ұйқысыз түндеріңнің енді рахатын, жемісін көр, Анашым.

Объяснение:

Анатольевич-Митюшин
Қыс келді. Әр мезгілдің өзінің ерекшелігі бар. Қыс аппақ қарымен, көк айдын мұзымен сәнді. Күн бірде жылынып, бірде суытып тұр. Көлде мұз қатты. Қыстың таңғы салқын ауасы керемет күйге бөлейді. Қарға күн сәулесі түсіп, көз тоймайтындай жарқырайды. Ағаш жапырақтарынан айрылған, аянышты күйге түскен. Одан самал желдің әсерімен ғажап музыка ойнап тұрғандай дыбыс шығады. Дала – тынық, тып-тыныш. Кешке таман жел күшейіп, боран басталды. Суретші аяз терезеге әсем суретін салды. Осының бәрі көзге ыстық көрінеді.
kosstroy
Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел ешқашан да егеменді ел бола алмайды, болуы мүмкін емес.Қазақ тілінің тағдыры үшін күрес соңғы жүз жылда бірде-бір толас тапқан жоқ. Ұлы Абайдың заманын айтпағанда, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсыновтар бастаған алып топ тіл мәселесіне ерекше мән беріп, оның шексіз байлығын, суреткерлік қуатын, бейнелігі мен саздылығын көркемдік сапаға жеткізді.Бүгінгі таңда мемлекеттік тілді білу – мемлекеттік қызметкерлердің ең басты біліктілік талабына айнала бастады. Қазір мұндай талап қойылатын лауазымдар саны күн өткен сайын артып келеді.Біз өзі намысшыл халықпыз. Біреу итің жаман десе де намыстанып қаламыз. Тіл білетін қазақ – намысшыл. Тіл білмейтін қазақ одан да намысшыл. Оларды тіл білмедің деп шетке итермеу керек. Қайта бауырға тарту керек. Бізге көп тіл білгеннің артықтығы жоқ. Күні ертең Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына кіргелі отырмыз. Осы ретте бізге қазақ, орыс, ағылшын, тіпті қытай тілін де мықтап меңгеріп алу керек. Әлемдік бәсекеге түскелі жатырмыз. Домбыраны шерткендей, біздің мықты мамандарымызды да мемлекет ісіне шертіп-шертіп таңдап аларда олардың бірнеше тілді еркін меңгергеніне артықшылық беріліп тұрылуы тиіс. Қазақстан – көп ұлтты мемлекет болғандықтан тіл мәселесі аса күрделі мәселе болып отыр. Тіл мәселесінің өте нәзік екендігі, оның зорлықпен емес тек қана шынайы ынталылықпен ғана ыңғайланатын шаруа екендігі белгілі.Ал тілдің өзі - тарих тереңіне бойлатып, өнер мен мәдениеттің кәусар бұлағына сусындататын рухани әлеміміздің сарқылмас қазынасы. Олай болса, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне сай қолданылу аясын кеңейте түсу қажеттігі - заңды құбылыс.«Тіл туралы» Заңның 4-бабында: «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы” деп жазылған. Үкімет, өзге де мемлекеттік, жергілікті, өкілді және атқарушы органдар Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға міндетті» - делінген.Яғни, қазақ халқы болашақта өз ана тілін сақтап, дамыта алмаса, күндердің күнінде өз алдына жеке мемлекет болып өмір сүруін тоқтатады.Қазақстан тәуелсіз ел болып қалсын десек, онда ең алдымен қазақ халқының ұлттық мәдениетін, ұлттық салт – дәстүрін, ана тілін дамытуға күш салғанымыз жөн.Қорыта келгенде, мемлекеттік тілді ғылым мен техниканың түрлі саласына енгізіп, сапасын арттыру - уақыт талабы. Ал, уақыт талабын орындау – баршамыздың абыройлы парызымыз

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Эссе на тему стихотворения "Анама" Фариза Оңғарсынова:Кеудеңде мені тербеттің, жас шыбық енді көктеді.Мінеки мен де ер жеттім, еңбегің бекер кетпеді.Өмірде мынау ең жақын, аяулым сенсің, анашым!Болмаса мейлі зор даңқың, мен үшін бірақ данасың.Мейірім төккен нұр жүзің тұрғандай сезем жанымда.“Адал бол, - деуші ең, - жұлдызым”, сақталды сөзің жадымда.“Игі еңбек түбі осы-ау” дер көргендер жеміс ағашын.Қартаймай, мәңгі жасай бер мәңгілік Күндей, анашым!​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

horst58
julichca68
Ни Дмитрий1095
unalone5593
Aleksei806
mvinogradov6
Goldglobe
Татьяна-Мишин1307
iv1as2
webotryvclub21
ЛаринаЛощаков
Рафаэль633
nanasergevn
voropayelena26
eizmaylova6