Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Болсын!»1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын баяндаңыз. Мәтінде көтерілген мәселені анықтаңыз, негізгідеректерді белгілеңіз.Қазақ - ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Мінсе - көлігі, ішсе - сусыны, жесе -тамағы, кисе - киімі, тұтынса - бұйымы, байлық, мақтаны мен салтанаты да осы мал болған. Қасиетті төрттүкке қатысты ұлтымыздың ұғымдары мен түсініктері бар. Мысалы, түйені өсу жолымен бота, тайлақ, буыршын, інген, атан, бура деп атайды. Түйені қасиетіне қарай біртуған, мая, желмая, нар, аруана, қоспақ, үлек деп беледі. Қазақ үшін ең құнды, қасиетті мал - жылқы. Оны жасына, түріне қарай құлын, жабағытай, құнан, байтал, дөнен, қулық, бесті, бие, ат, сәурік, айғыр деп ажыратады. Бұрынғы ел қорғағанбатырлар жылқы iшiндегi таңдаулыларын жорға, сужорға, жүйрік, тұлпар, қазанат, сәйгүлік, дүлдүл, арғымақ деп сипаттап, ерекше дәріптеген. Ауыз әдебиеті туындыларында жылқыға тіл бітіріп, батырдыңжан серігі деп бағалаған. Халық ер-азаматтарға ат мінгізіп, шапан жапқан. Халық сиырды жасына қарайқұнажын, дөнежін, сиыр, бұзау, баспақ, торпақ, тана, тайынша, қашар, өгіз, бұқа деп атайды. Қой түрінежәне жасына қарай қозы, марқа, тоқты, бағлан, тұсақ, азбан, ісек, қошқар, саулық деп бөледі. Ал ешкінілақ, туша, шыбыш, серке деп жіктейді.Қазақ халқы төрт түліктің әрқайсын шақыруда арнайы шақыру одағайларын пайдаланған. Мәселен, төрт түліктің төресі түйені көс-көс деп шақырса, желден жүйрік жылқыны құрау-құрау деп шақырады. Алсиырлы аухау-аухау немесе әукім-әукім деп шақырады. Қойды пұшайт-пушайт деп дыбыстау арқылышақырса, ешкіні шере- шөре деп шақырады.Малын қадір-қасиетін тәжірибелі халқымыз «түйе - салтанат, жылқы – мақтан, сиыр - қанағат, қой- казына» деп бағалаған. Ал қазіргі уақытта жастардың мал шаруашылығымен айналысуы үлкен мәселе..«Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» кітабынан СЕГОДНЯ
Мәтін қазақ халқының мал шарушылығымен ежелден айналысқаны. Малды мінсе көлік, жесе тамақ қылғаны жазылған. Қазақ халқының малды құрметтегенің айтады. Сонмен қатар оларды түрлеріне қарай бөлгендігі айтылады.
мәтінде көтерілген мәселе: Жастардың мал шаруашылығымен қызықпауы.
Объяснение: