Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
1 Тамсырма - Козыргы тылемызге баска тылден енген создердын копшылыгы компьютер мен экономикага катысты 10 созге косымша жалгап сол создермен сойлем кураныз 2 тамсырма - Стиль турлерыне газет журналдарды гылым енбектерден коркем адебиеттен мысалдар келтырыныз Можно ответы
Алматы – үлкен белестерді бағындырған қала. Оның тарихына көз жүгіртсек, басынан сан-қилы тарихи кезеңдерді өткерген. Мысалыға, қарапайым өзіміздің тәуелсіздік алған жылдардың тарихи маңызы өте зор екені белгілі. Ызғарлы желтоқсанның құрбанына айналған адамдардың өздері әлі күнге Алматының айбынды жерін еш естерінен шығармайды. Себебі бұл тарихи мекен әрі ұлы оқиға. Ал қазір тәуелсіз елдің көркем аймағына айналып отыр.
Алатауы айқарыла ашылып қарсы алса, Көктөбесі жайқала жадырап құшақ жаяды. Соңғы кездері қаламыздың экологиялық жағдайлары бәсеңдеп бара жатыр. Экологиялық апатты аймақтардың бірі екені де рас. Оның алдын алу шаралары да қарастырылуда. Дегенмен, ол шаралар шаһардың толық тазаруына көмек бере алмайды. Сол себепті әрбір алматылық азамат өз қоршаған ортасына септігін тигізіп, Табиғат-Ананы да естен шығармаған жөн. Тағы айта кетерлік жайт, бұл қала қазіргі қазақ қоғамындағы ірі мегаполистердің бірі. Жаңа заманға сай дамыған ғимараттарымен де ерекшеленеді. Бизнес пен бәсекенің орталығы және болашағынан біршама биік белестердің күтіп тұруы да ғажап емес.
Не айтсақ та, Алматының әсем табиғаты мен шырайлы шуағы кез-келгенге туған анасы әлдилегендей сезім ұялатады. Қаламыз өркендей берсін!