aleksvasin
?>

Қатыстық сын есімдерді қатыстырып, "Табиғаттың құпия сырлары" деген тақырыпта 5-6 сөйлеммен мәтін құрастыр. *

Казахский язык

Ответы

sensenagon50
Жеңілі мен ауыры, шуағы мен дауылы қатар жүру – өмір заңы. Қазіргі уақытта қамқорлық пен қолдауға мұқтаж болған, көңілдерін шер, қабақтарын мұң басқан, қайырымды адамдардан мейірімділік, алақан­дарынан жылулық сезімін күтетін жандарды күнделікті өмірде жиі кездестіреміз, телехабарлардан көреміз.
Жақсылық жасау – имандылықтың, тәр­биеліліктің, парасаттылықтың айқын көрі­нісі. «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса» деген халқымыздың игі дәстүрі қазіргі кезде қайырымдылық қоғамдарының іс-тәжірибелерімен жалғастырылып келеді. «Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без», – дегендей, кісілікті ту етіп, адамгершілікті биік ұстау, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямау, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін таныту – екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс.
«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» – деген екен халқымыз. Мұхаммед пайғамбарымыз да бір хадисінде: «Кім Алла үшін бір жетімнің басынан сипаса, қолы тиіп өткен әрбір тал шашы үшін сауап алады»,– деген. Бұл өмірде жасалған ешбір жақсылық та, жамандық та ешқашан жерде қалмақ емес. Әркез жүрегіміз кең, пейіліміз ақ болып, жақсылық жасауға ұмтылып тұрайық.
best00
Наурыз - барша мұсылман әлемі тойлайтын ұлы мереке, Ұлыстың ұлы күні. Бұл күні күн мен түн теңеліп, Самаркандтың көк тасы жібиді. Осы күннен бастап күн жылына бастайды және күн ұзарып, түн болса, керісінше қысқара бастайды.

Ертеректе бұл мерекені бүкіл ауыл болып дайындалып, үлкен той қылып тойлайтын. Қазірдің өзінде Наурыз мейрамының орны ерекше. Бұл күні қаланың бас көшелеріне қазақ халқының дәстүрлі киіз үйлері тігіледі. Ұлттық тағам ет асылып, бауырсақ пен шелпек пісіріледі. Бірақ бұл күні ең басты тағам Наурыз көже болып саналады. Ол - жеті түрлі тағамнан дайындалатын көже. Киіз үйге келуші әрбір қонақ әдетте Наурыз көжеден ауыз тиеді.

Алаңға алтыбақан қойылып, жас жеткіншектер алтыбақанға мінеді. Ауылдық жерлерде ат жарыстары да ұйымдыстырылады.

Бұл күні адамдар бір - біріне деген реніштерін ұмытып, кешірімді болады.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Қатыстық сын есімдерді қатыстырып, "Табиғаттың құпия сырлары" деген тақырыпта 5-6 сөйлеммен мәтін құрастыр. *
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Zheleznyakova
Васильева-Александрович
Лебедев972
cetarbkilork82
ksyrika
aleksey7800
mgrunova
cherkashenko87543
Тоноян
Анатольевна824
Platon
el-dent12
tanysha1990
Yelena_Irina826
docvet4