Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Мәтінен одағай қыстырма және қаратпа сөздерді теріп жазыңдар Мәтін:Жалған солдат болуға біздің құқымыз жоқ. Біз ерліктің екі бірдей мектебінен тәлім алдық. Бізшығыстың Қобыланды, Тарғын сияқты батырларынан ерлікті бір үйренсек, бауырлас орысхалқының қолбасшылары - Суворов, Кутузовтардан екі үйрендік. Біз - Исатай мен Махамбетті, Амангелді мен Абайды дүниеге әкелген халықтың балаларымыз. Біздің қылышымыз фашистнемістің қанымен суарылуы керек, серт осы болсын.Әрине, немістің басына күн туса, минометті ала жүгіретін әдеті... Міне, мина ұшып келеді.Оның дауысы бізге мәлім... Бірінен соң бірі он шақты мина жарылғанда, тулаққа салып жүн сабапжатқандай болып естіледі. Тіс қаққан, күзем тойда болған қазақ жігіттері "Фрицтер күземге кірісті»деп күлісіп тұрады. Жау оғының астында қасқайып күлісіп тұрған шығыс адамдарын жаным сондайсүйеді. Ия, біздің халық намысқой, "өлімнен ұят күшті" дейтін халық қой, сірә! Ел намысы үшінбілген, ер өлімі бізде қадірлі, сондықтан біз өлімнен намыс күшті дегенді жау оғының астында дақайталап айтамыз.Нағыз қиыншылық кезеңде менің көз алдыма шығыстың 28 батырының бейнесіелестейді. Жазғытұрым сол 28 батырдың бейітінің үстінен өттік. Шығыстың топырағы торқа ерлеріжер астында жатқанменен қолын қысып амандасқың, тілдесіп сөйлескің келеді. Осыларша өлубіздің де дәстүріміз болуы керек. Отан: "Жауынгер, менің тағдырым сенің қолыңда", -дегенде28 батырдың сертін жоғары көтеріп, бас иіп жауап беруіміз керек оған, Шығыс ұлы!Немістер бізді әрі минометтің, әрі артиллерияның снарядтарымен атуда. Оқ астыменкеліп шабуыл жасамақ. Танктің алыстан шуы естіледі. Қарсы атакаға дайындалыңдар дегенкоманда беріледі. Мықты бол, Шығыс ұлы! Біз қазір шабуылға шығамыз…
Ауыз әдебиетінің бағы заманнан ескірмей ұрпақтан–ұрпаққа ауысып отырған күрделі де мол бір саласы — батырлар жыры. Бұл жырларды жыршы–жыраулар ғасырлар бойы қобызға немесе домбырыға қосып, белгілі бір әнмен айтып, ауыздан-ауызға таратып келген. Қазақ батырлар жырындағы басты қаһарман елін сүйген батыр, ал оның басты мақсат-мұраты — халқын, Отанын басқыншы жаудан қорғау. Батырлар жырының көпшілігінде халықтың түбегейлі мұң-мүдесі көкселеді. Батырдың халыққа қамқоршы болу арманы, сол жолдағы іс-әрекеті жырлануы арқылы оның өз-үй ішіне, өз руына деген сүйіспеншілігі, де айқындалады. Батырлар жырларынан ерте замандағы баласы жоқ қарттың, бастаушысы жоқ елдің басқадан жәбір-жапа көретіні де танылады. Басқыншылардан қорғайтын батыр жайлы жырлар ел қиялында осындай зарығу, торығу тұсында туады. Мұндай батырды халық қартайған ата-ананың амандығы үшін қажет деп біліп, оның көршілес рулармен де күш біріктіруін көздейді. "Алпамыс батыр”, "Қобыланды батыр”, "Ер Тарғын”, "Қамбар батыр” сықылды қазақ батырлар жырларында қалмақ, моңғол басқыншыларының шабуылы баяндалып, қазақ батырларының сол күрестегі ерлігі жырланады. Олардың отаншылдығы мен адалдығы, уәдеге беріктігі зұлымдық пен қиянатқа қарсы қойылады.
Қазақтың батырлар жырының қайсы-сын алсақ та бәрінде де ел бірлігі мен Отан қорғау мәселесі бірінші кезекте тұрады. Батырлардың ойы мен арманы, ел мұны халық тағдырымен ұштасып жатыр.