ValeriyaAleksandr
?>

ЖАЗЫЛЫМ. АЙТЫЛЫМ8-тапсырма. Мәтінді мағыналық бө-ліктерге бөліп, әр бөлігіне тақырыпқой. Әр бөлік бойынша екі сұрақ-тан дайындап, көршіңнен сұра..КіріспебөлімНегізгібөлімҚорытындыбөлім​

Казахский язык

Ответы

Sofinskaya1185

Киім кию мәдениеті.

"Қыздың көзі қызылда" демекші, мен өзім қыз бала болған соң сәнге, әдемі киімге көп мән беремін. Қазіргі кезде сән әлемінде неше түрлі киімдер бар. Бірақ ең алдымен киімнің жарасымды әрі ыңғайлы болып тұрғаны дұрыс. Сонда ғана ол көрікті болып көрінеді. Аталарымыз "Адам көркі шүберек" деп бекер айтпаса керек, таза, әдемі әрі жарасымды киім бізді көрікті етіп тұрады.

Қазіргі кезде сән әлемінде өзіндік орны бар киім дизайнерлері жетерлік, солардың ішінде бірегейлері ол өзіміздің отандастырымыз деп ойлаймын. Себебі олар өзіміз өмір сүріп отырған қоғамға сай киім - кешектер ойлап табады деп есептеймін.

Адам көркі шүберек екені сөзсіз, қазіргі қоғамның өзінде барған жерінде қанша ақылды болсаң да, үстіндегі киген киіміңе қарап алдымен баға береді. Дегенмен, сәнді әрі жарасымды киініп жүру - қазіргі заман талабы. Менің ойымша, әрбір киім екі - екіден, ал аяқ киім төрт - бесеуден болғаны абзал. Сонда алмастырып киюге болады.

Бірақ, менің ойымша, сәнді киіну үшін міндетті түрде көп қаражаттың керегі жоқ. «Қыстың қамын жаз ойла» демекші, әр маусым аяқталар кезде ірі сауда орталықтарында арнайы жаппай сатылым жүргізіледі, біз мысалға отбасымызбен осындай сатылымдарда жиі өзімізге ұнаған киімдерді екі - үштен сатып аламыз. Мысалға, сәннен шықпайтын классикалық үлгідегі киімдер, немесе қашанда әркімнің гардеробында елеулі орын алатын шалбар - күртелердің әрқайсысы екі - үштен болса жеткілікті. Былғарыдан жасалған аяқ - киімдерді де осындай маусымаралық сатылымдарда әрқайсымызға екі - екіден сатып аламыз.

Қаражатымызды үнемді жұмсап, әдемі де жарасымды киіне білейік.

Tsevich333639
Категория:

Мақалалар › Ислам және отбасы
Қазақ отбасындағы ұл бала тәрбиесінің ерекшеліктері
Қазақ отбасындағы ұл бала тәрбиесінің ерекшеліктері
3 жыл бұрын 37623 10
0500
Қожағұлова Ғ.Қ.
Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы мәдени құндылықтары қалыптасады. Ата-бабамыз ұл баланы ертеңгі абыройлы әке, қадірлі отағасы, елді қорғайтын ер, батыр, би, ақын, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кешірімді болуына, өнерге, білімге, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелеген. Ұл бала – қазақта шаңырақ иесі, ер-азамат – ата-ананың отын тұтатушы болып саналады. Қазақ отбасының ерекшелігі жасы кішісінің үлкеніне «сен» деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде. Қазақ отбасындағы үлкенді құрметтеу әдеті жауапкершілік, адамгершілік сезімдерін туғызған.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

ЖАЗЫЛЫМ. АЙТЫЛЫМ8-тапсырма. Мәтінді мағыналық бө-ліктерге бөліп, әр бөлігіне тақырыпқой. Әр бөлік бойынша екі сұрақ-тан дайындап, көршіңнен сұра..КіріспебөлімНегізгібөлімҚорытындыбөлім​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

garikman-flesh486
korj8
AleksandrovnaIgor
РубенШафетдинов
Demina-Khokhlov584
Дмитрий192
ananyananar
Okunev1034
Михаил1121
Платон Демцун
Елена Надыч524
annodomini1
eoils-info
kotovayaanastasia2069
s45983765471717