Дәрумендер-денсаулық кепілі.
Әрбір адам мүмкіндігінше дәрумендерді пайдаланынп тұрғаны дұрыс, маусым арасында адам ағзасы дәрумендерді аса көп қажет етеді. Мүмкіндігінше табиғи дәрумендерді қолданған дұрыс. Табиғи дәрумен дегенiмiз - жеміс-жидек, көкөністер. Дегенмен, оларды қолданған кезде де маусымына қарай пісетіндерін колдану керек. Жеміс-жидек пен көкөністер әрқайсысында өздеріне тән, ерекше дәрумендері болады. Бірінің құрамында С витамині басым болса, енді екіншісі А витаминіне бай, басқасы асказанға, жүрек жұмысына, ас қорытуға т.б. пайдалы. Бiздiң үйімізде маусымына байланысты түрлі жеміс тер көкөністер жиі қолданылады.
Әр түрлі көкөністер, жеміс - жидектер мен тағамдардың құрамында өздеріне тән ерекше дәрумендері болады. Маусымарасында ағзамызға дәрумендер жетіспеген уақытта қажетті көкөніс немесе тағамды пайдалану арқылы ағзамызды дәрумендермен байыта аламыз. Сонымен қатар, айта кететін бір жайт - казак халкынын сүт тағамдары дәрумендерге ерекше бай. Мысалға, ұлттық сусын қымыздың бiр литрiнде 200-260 мг С дәрумені бар екен. Қымызда сонымен катар сөл бөлу және жүрек жұмысын жақсартатын В тобындағы В(1), В(2), В(3), оның ішінде қанның жасалуына қатысатын В12 дәрумені және ағзадағы тотығу-тотықсыздану реакцияларына әсер ететін С тобы дәрумендері, сондай-ақ, А тобы дәрумендері
кездеседі.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды жалғап, сөйлем жаз.қазақ халқы еліміз...
Қазақта бата мен ер көгерер, жаңбырменен жер көгерер деген мақал бекер айтылмаған Батаны үлкен кісі, ардақты, сыйлы кісі береді. Бата дегеніміз -ақ тілек. Батаны қазақ дәстүрінде күнделікті ас ішіп болған соң береді, бұны дастарханның батасы дейді. Жаңа туылған балаға, бесікке салғанда берілетін бата- шілдехана, бесік баталары. Жастарға бата: мектеп табалдырығын аттағанда, мектеп бітіргенде, жоғарғы оқу орнына түскенде, жол жүргенде, отау көтергенде, яғни болып атқан қуаныштың түріне қарай беріледі. Батада тек жақсы тілектер айтылады. Үлкеннен оң бата алған істеріңе сәттілік әкеледі.