Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Оқылым6-тапсырма. Мәтінді оқы. Негізгі және қосымша ақпараттарды анықта.Қазақта «аспанмен еркін тілдесіп», сол арқылы адамныңөмірін болжайтын, табиғат күйінің құбылысын алдын ала тани.тын адамды «жұлдызшы» деп атаған. Біздің қазақ халқы табиғаттылсымына терең үңілді. Кез келген құбылысты назардан тысқалдырған жоқ. Тіпті құстардың төмен-жоғары ұшқанынақарап-ақ, күні ертең қандай ауа райы болатынын болжап білді.Түнде жолға шыққан адам Темірқазықты бетке алып жүретінСол арқылы баратын жеріне адаспай жетті. Оған Жетіқарақшы.Шолпан жұлдыздарының қозғалысы да күнделікті тіршіліктіөз пайдасына қарай ыңғайлауға жарайтын. Қысқасы, қазақтыңаспан әлемін зерттеуінің өзінде көптеген құпия бар.Жұлдызшылық тек қазаққа ғана емес, жалпы адамзат ба-ласына бұрыннан-ақ таныс болған. Олар ежелгі дәуір мен V-Xғасырларда аспан денелерінің қозғалысын бақылап, ол жайындаөз тұжырымын жасаған.
Жақсылық жасау – имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса» деген халқымыздың игі дәстүрі қазіргі кезде қайырымдылық қоғамдарының іс-тәжірибелерімен жалғастырылып келеді. «Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без», – дегендей, кісілікті ту етіп, адамгершілікті биік ұстау, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямау, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін таныту – екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс.
«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» – деген екен халқымыз. Мұхаммед пайғамбарымыз да бір хадисінде: «Кім Алла үшін бір жетімнің басынан сипаса, қолы тиіп өткен әрбір тал шашы үшін сауап алады»,– деген. Бұл өмірде жасалған ешбір жақсылық та, жамандық та ешқашан жерде қалмақ емес. Әркез жүрегіміз кең, пейіліміз ақ болып, жақсылық жасауға ұмтылып тұрайық.