вам нужно переписать текст без ошибок. 4 класс. Казахский язык. 108 урок 19 упражнение
grebish2002
04.08.2022
Біздің дастарханымыз ежелден-ақ халқымыздың ұлан-асыр жеріндей кең. Таспен ұрғанды аспен ұратын қазақ үйіне келген жанның бірін де дәм ауыз тигізбей жібермеген. Бас сұққан үйден нан ауыз тимей шығатын жанға қапа болып, көңіліне алып қалатын болған. Бұл қазір де жоқ емес. Үйге аяқ басқан адамды алаламай "Нан ауыз тиіп кетсеңші" деген үйдегілердің сөзі санамызға сіңіп қалды. Олай етпеген жанға "наннан үлкен болғаны ма" деп ренжиміз. Мұның бәрі біздің сан мыңдаған жыл бойы сары майдай сақталған салтымыздың көрінісі. Бүгіндері де ол салттан ары ұзай қоймадық. Бүгін біз қазақтың мерекелік дастарханының жай-күйімен таныспақпыз: Баяғы салт пен дәстүр ұлттық дастарханымызда қаншалықты көрініс тауып жүр? Сырттан не қосылды? Ұн тағамдары. Нан Дастархан дегенде оның қақ төрінде шаңырақтың отағасы секілденіп ас атасы жайғасады. Әрине, нан. Ұннан жасалынған тағамдар бағзыдан-ақ ақ дастарханымыздың сәні болып келген. Қазірдің өзінде нансыз ән болмайды, сән де болмайды. Сондықтан қазақ өзінің шаңырағындағы кез келген жиында дастархан үстінен нанды алыстатпайды. Майға пісірілетін бауырсақ, шақ-шақ, қытырлақ шелпектерді қоса кетейік. Нан тағамдары ретінде печеньелер мен прәндіктерді де атап өтуге болады. Бәліш пен самса, тортты да атаусыз қалдыруға болмас. Сүт өнімдері Одан кейінгі кезекте ақты төкпей қадірлеген қазақ халқы үшін сүт өнімдерінің рөлі ерекше. Бүгіндері баяғы дәстүрді сақтаған халық той-томалақта, түрлі мерекелік жиындарда дастархан басына құрт пен қаймақ, және т.б. сүт тағамдары мен сусындарын қоюды ұмытқан емес. Жеміс-жидектер "Қонақ" тағамдар Қазақтың ақ дастарханына сырттан келген тағамдар баршылық. Қазақ жерінің аумалы-төкпелі замандардан бері сақталған ас мәзірі мен ұлттық тағамдары бүгіндері өз құнын аса жоғалта қоймады. Елімізге бөтен жерден келген дүниелер мен тілімізге шет елден келген кірме сөздер секілді "қонақ" тағамдар біздің де дастарханымызға арнайы ат басын бұрды. Қазақ дастарханына бүгін сән беріп тұрған тағамдардың көбі осы "қонақ" тағамдардың тізіміне кіреді. Солардың ішінде ең ерекше атап өтуге тұрарлығы - экзотикалық жеміс-жидектер. Бүгіндері берекелі дастарханымыздың өңін ашып тұратын мұндай жемістер дастархан басында өз орнын алып та үлгерді. Мұндай сырттан келген жемістер қазақ жерінде өсетін жемістермен (алма, алмұрт, жүзім, өрік, алша, қара өрік) қатар тұрады. Анар, апельсин, құрма, лимон, мандарин, киви, банан, ананас сынды экзотикалық жемістердің қазақ дастарханында орын алғанына да көп болды. Жаңғақтар Ақ дастарханымыздың тағы бір бұлжымас бөлшегіне айналған тағамдар тізіміне шеттен келген жаңғақтарды айтуға болады. Солардың ішінде америкалық жаңғақтар, грек жаңғақтары, бразилиялық жаңғақтар, кешью жаңғақтары, миндаль бар. Олар өз жерімізде өсетін жаңғақ ағашының дәндері және өрік дәндерімен қатар тұрады. Сусындар Түрлі сауынды сүттер мен ашытылған түйе және жылқы сүттерін көрген ақ дастарханымыз қазір жеміс шырындарымен толы. Газдалған сусындар мен минералды сулар қаптаған дастарханымыздан тек анда-санда қымыз бен шұбатты кезіктіріп қаламыз. Бүгіндері ұлттық сусындар дегенде айқайлап тұрып осыларды ғана айтатын болдық. Ыстық тағамдар Қонақ келгенде алғаш алдына тартатын ас - ет тамақ. Мал баққан халық ежелден-ақ еттен тарыққан емес. Қыдырып келген әр қонағын қорадағы жалғыз қойын сойса да, тойдырып жіберген. Жақыны десе жаны қалмайтын қазақ дос көңілін табу үшін өзі мініп жүрген жалғыз атынан түсіп соны сойып берген. Осындай жомарт халықтың ұрпағы атанған біз де қазір келген қонақты етсіз шығарып салмаймыз. Күн демей, түн демей қазан асуға келгенде қарап қалмайтын қазақ аналары мен келіндері ет тамақты нақышын келтіріп дайындайды. Бүгіндері қырық күн тойын, отыз күн ойын жасамасақ та, кез келген жиында осы ас бірінші мәзірде тұрады. Жай күндердің өзінде қазан көтеріп, қамыр жайып, ет жейтін халық той дегенде аянсын ба? Дастархан басына еттен жасалған тағамдар, салаттар жайғасады. Өзбек ағайындардан келген палау тағамынсыз да той жиын өтпейтіні расқа айналды. Сорпа, мәнті, тұшпара, лағман сынды тағамдар мен қатар қуырылған ет және қуырылған картопты да қонақ алдына тартамыз. Одан бөлек шеттен келген қонақ тағамдар да баршылық. Салаттар Той-томалақ пен мереке күндері жайылатын ақ дастархан басында кем дегенде екі салат болады. Олар кәбіне көкөністерден жасалады. Әрине, ішінде бауырдан, өкпеден, қара кесек еттен, тауық етінен, жұмыртқа мен басқа да көк шөптерден дайындалатын салаттар жоқ емес. Тәттілер Кең дастарханымызды жайып тастағанда ең алдымен жылтырап тәттілер көзге шалынады. Бұрын да, қазір де дастархан сәнін ашып жүрген тәттілер қатарынан науатты және қантты ерекше атап өтуге болады. Одан кейін "жолдан қосылған" қызылды-жасылды орағыштармен қапталған кәмпиттер және шоколадтарды қоса кетуге болады. Ал шәй туралы ұмыту мүмкін емес шығар "Шәй ішіп кетсең қайтеді, мен ұсынған кеседен?!" демекші, мереке күндері бас сұққан үйімізден шәй ішпей шығу мүмкін емес сияқты. Massaget.kz
zhandarmova
04.08.2022
Қазақ халқының ұлттық болмыс-бітімінің бір өзгешелігі –дастархан жайып, кімді болса да адал көңілмен қарсы алатын кең пейілдігінде, меймандостығында. Қазақ үйіне келген адамға дастархан жайып, қонақжайлылық ниет білдірмеген адамды «қазанын қара суға малып отырғандай» деп кемсітетін болған. Сондықтан да қазақ халқы танысын, танымасын үйіне бас сұққан адамға «Қырықтың бірі – Қыдыр» деп қарап, дастархан жайып, барын оның алдына қойған. Қазақ – намысшыл халық. Қонақтан тамақ үшін ақы алу деген оның әдетінде мүлдем жоқ. Бұл көргенсіздік саналып, ырымға жаман деп есептелген. Расында да қазақ «дастарханы қурап тұр» дегізбеу үшін, өзінің ең дәмді асын қонағына сақтап отырады да, реті келгенде, оны дастарханға қояды. Қазақтың ұзақ сақталып, тек қонақ келгенде ғана дастарханға салатын сыйлы асы – сүрленген ет, қазы, шұжық, жент, құрт, қарынға салынып сақталған сары май, тәтті, тары, қант, шай, өрік-мейіз т.б. «Қонақ асы – қазақтың бөлінбеген еншісі» деген сөз бұрынғыдан қалған. Ерулік, қымызмұрындық, сірге мөлдіретер, соғым басы, көңіл шайы, келін шайы т.с.с. бас қосулардың мақсаты, тілек мүдделері қазақтың меймандостық ниетінен туындаған. Қазақ – қонақжай халық., көңіл табуға шебер, дос жинауға құмар. Қазақта келген қонақты «құдайы қонақ», «сый қонақ», «арнайы қонақ» деп түрліше атаған. Бұлардың қайсысына болмасын, қазақ, ең алдымен, мал сойып, қан шығарған. Дастарханның қадірлі асы жаңа сойылған малдың бас-сирағы деп есептелген. Өте қадірлі адамға қазақтар тай да сойған. Сойылатын малды алдымен босағаға әкеліп, қонақтан бата сұраған. Сонан соң ғана ол сойылып, еті қазанға салынған. Етті мол етіп асу, қазыны қазанға бұзбай салу – үй иесінің келген қонаққа деген ниетін білдіреді. Ет піскенше мейманға кең дастархан жайылып, құрт, ірімшік, бауырсақ, жент, сары май қойылады, қаймақты шай құйылады.
вам нужно переписать текст без ошибок. 4 класс. Казахский язык. 108 урок 19 упражнение