Nadezhda Malakhov53
?>

«Ұлпан-ел анасы» напишите эссе

Казахский язык

Ответы

Azat859

Відповідь:

Әйел, ана, арулар тақырыбына арналған Ғабит Мүсірепов шығармаларының ішіндегі ең көлемдісі де, көрнектісі де – «Ұлпан» романы. Өзінің бар ерекшелігімен, көркемдік бітімімен, романда көрінетін Ұлпан тек қана жазушының өз шығармашылығы емес, бүкіл қазақ әдебиетіндегі оқшау тұрған әдеби бейне. Жеті мың бетке жуық қолжазба, жазу кітапшаларын қалдырған Леонардо да Винчиге еліктеген қазақтың сөз зергері Ғабит Мүсірепов қойын дәптеріне "Менің Джокондам – Ұлпан" деп жазған екен. Сондай-ақ қаламгер "Тұтқын қыз" атты кітабында былай дейді: "Ұлы суретшімен жарысқа түстім десем, оным барып тұрған астамшылық болар еді. Мен онша ақымақ болмасам керек. Әрбір жазушының ойында әр кезде өзімен бірге жасасып, толыға түскен бейнелері болу керек. Менің ойымда Ұлпан 40 жыл бірге жасасып жүрді. Мен ол бейнені әр қырынан көрсетуге тырыстым – ойы, сезімі, сырт суреті, жас кезі, есейген кезі, мінезі, мейірімі т.б. Джоконда да маған мұңайыс пен жымию сиқыры сияқты елестейді. Мен сиқырға бара алмадым, кәдулігі тірі әйел бейнесін жасамақ болдым. Горькийдің бағытын ұстадым. Ұлпанда романтизм бар деп те ойлаймын. Орыс сыншылары Ұлпан бейнесінде аңыз бар десті. Мен жоқ деймін. Ұлпаннан бірнеше ғасыр бұрын өткен Абай, Қарқабат, Ақкелің, Домалақ ене, тағы басқа да рулы елге ұран болған әйелдеріміз болған ғой!" деп жазады.

Расымен, халқымызда дәстүрлі мәдениеттің бесігін тербетіп, әйелдіктен даналыққа, отбасы, ошақ қасы тірлігінен рулы елдің қамын жейтін ел анасы деңгейіне көтеріле білген аналарымыз бен апаларымыз, қолға қару алып жауға шапқан қазақ қыздары көп. Мәселен, Төле бидің келіні Данагүлді, Шыңғыстың анасы Айғанымды бүкіл қазақ елі пір тұтқан. ХІХ ғасырда өмір сүрген Ұлпан да тарихи кейіпкер ғана болып қоймай, осындай аналарымыздың жиынтық образы ретінде алынып отыр деуге болады. Жазушы шығармасының соңында, "Ұлпанды" ауыл ақсақалдарының аузынан естіген шынайы оқиғаларға сүйеніп жазғанын және осы еңбегін Ұлпан секілді абыз аналардың құрметіне арнағанын ашық жазады. "Ұлпан" романындағы басты кейіпкерлер Есеней де, Мүсіреп те – шынайы кейіпкерлер, өмірде болған жандар. Есеней қаншама тегеурінді би болғанымен, тағдыр талқысына түседі. Асқаралы алпысқа келгенде маңдайына жазған тақсыретін тартты, екі ұлы да шетінеді. Ақырында, төсек тартып қалып, ел басқаруға шарасыз болып қалады. Осындайда, батырдан туған Ұлпан ерлік танытып, Есенейдің орнын басады, жарын да, елін де сыйлайды, "елдің Есенейі" атанады. Ақылы тұлғасына сай би өзінен қырық жас қызды жар етпек болғанда да Ұлпанның болашағына сенген секілді. Романда Ұлпан "Есеней, екеуміздің арамызда ең кемі қырық жылдық айырма бар. Осыны ойландың ба?",-дейді. Ердің құны, нардың бұлы болса да мал-жанды аямауға бел байлаған Есеней: «Қырық жыл болса қайтейін? Қырыққа келгенде біздің елдің Есенейі сен боласың. Оған дейін сен менің Есенейім бола тұр... Мен саған сұлу деп, жас деп қызықтым ба, болмаса Есенейдің орнына Есеней болатын адам деп қызықтым ба? Оны өзім де біле бермеймін. Әйтеуір осы түннен бастап, менің Есенейім сенсің»,-деп кесіп жауап береді. Жазушы тағы бірде «Есеней қатал еді, озбыр еді. Енді оның жан-жүрегін жібіткен Ұлпан болды» деген сөздерді айтып кетеді.

Ұлпан әйгілі Сибан жорығына да атсалысады, бүкіл Торғай уезіне Есенейдің аты Ұлпанның атымен қатар жайылады. Ұлпан өлгеніне жетпіс бес жыл болғанда нағашы атасы Сырым батырға әнші, күйші, домбырашы, палуан, атбегі адамдарын ертіп, Сыр бойына айғыр үйір жылқы айдап барып аза тұтып, асын бергізеді. Күңдерінің арасына теңдік орнатып, кедей-кепшіктің қамын жейді. Есенейдің бауырына өзі иіле отырып идіреді, бірнеше жыл бойы ат жібін кескен қайынымен татуласады. Қазақ даласына медресе ашып, монша салдырады. Бір қарағанда, мұның бәрі әйелдің ғана емес, кез келген ер азаматтың шамасы жете бермейтін іс-әрекеттер. "Әйелдің қырық жаны бар" деген осыдан қалған болар... Ұлпан – аналардың анасы, ел билеген көсем, сөз бастаған шешен, аузы дуалы қоғам қайраткері. Халықаралық әйелдер мерекесі 8 наурыз қарсаңында осындай аналарымызды еске алу, оны бүгінгі ұрпаққа насихаттау, енді ғана құлпырып келе жатқан қыздарымызға үлгі ету әрбіріміздің парызымыз деп білейік.

Пояснення:

Марина Федорович924

1 менің отбасым

2 тапсырма

Дұрыс

Дұрыс

Дұрыс

Бұрыс

Дұрыс

3 тапсырма

Еркебұлан: Алмасбек, маған

шығармашылық жұмысқа түрлі

адамдарын пікірін жинастырып, талдау

жұмысын жасау керек. 5 - 10 минут

уақытың болса, бір сауалға жауап беріп,

өз пікіріңді айтқанға қалай қарайсың?

Алмасбек: Жақсы, қандай сауал екен?

Еркебұлан: Қазақ халқында «Отан

отбасынан басталады» деген терең

мағыналы сөз бар. Осы сөздермен

келісесің бе, жалпы пікірің, көзқарасың

қандай?

Алмасбек: Иә, толықтай келісемін. Себебі,

әрбір отбасы қоғамның бір бөлшегі,

шағын Отан. Отбасы - әрқайсымыз үшін

сүйіспеншілік, сыйластық, жарастық,

татулық орнаған қасиетті мекен. Осы

кішігірім «Отанымызда» бойымызға

дарыған тәлім - тәрбие, елімізге,

жерімізге деген сүйіспеншілік, ар -

намыс қағидалары өмір бойы бізді

жетелеп жүреді. Себебі, отбасының бала

тәрбиесінде алар орны ерекше, баланың

қалыптасуы отбасынан бастау алады,

сондықтан да туған үйдің жылуы - оның

көкірегінде көп жылдар бойы сақталып,

мәңгі есінде жүреді.

Еркебұлан: Қандай керемет жауап.

Рахмет. Жалпы, отбасында ұл бала менҚыздың тәрбиесі қандай болуы керек? Алмасбек: ата-ана тәрбиесі қатар жүретін жерде жақсы азамат қалыптасатынына күмән жоқ. сонымен бірге мен "ұлдың масқарасы - әкеде, қыздың масқарасы - анада" деген мақал туралы ойлаймын, яғни біздің халқымыз отбасында басталған ұлдар мен қыздардың тәрбиесіне үлкен мән береді. қазақ отбасында кез-келген уақытта ұл бала әкесіне қарап өседі, ал қыз анасына қарап өседі. біздің әкелеріміз балаға өнер мен еңбек, сондай-ақ жақсы моральдық қасиеттерді сіңірді. "Мен білмеймін", - деді ол. Еркебұлан: Пікіріңіз үшін көп рахмет, досым!

4 тапсырма

менің әке-шешем

сенің әке-шешең

сіздің әке- шешеңіз

оның әке-шешесі

5 тапсырма

Родина-отаным

Скучать-сағыну

Священный-қасиетті

Единство-бірлік

Очередь-кезек

Достижение-жетістік

Долг-қарыз

myudanova631

экономиканың нашарлауы адамдардың табиғатқа антропогендік әсер етуінен болып отыр.

климат өзгерісі атмосферадағы көмірқышқыл газдардың концентрациясының артуына байланысты климат өзгеріп отыр

ненің салдарынан құрғақшылық болады? жер планетасының атмосферасының температурасы артатын болса планетаның көптен6 бөліктерінде құрғақшылдық болады

Табиғат байлықтарын калай тұтынуға болады? табиғатты қорғау мәселесі бүкіл дүниежүзілік проблемаға айналды. Экологиялық проблема дегенмен ең алдымен Арал,балкаш, Каспий,Семей қасіреттері еске түседі

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

«Ұлпан-ел анасы» напишите эссе
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

yamal-toy
Novikova
bellenru
palchiknr
Полковников_Милана
simonovaliubov5852
Borshchev1820
simonovaliubov5852
Сергеевна-Иван1045
anastasiya613
kukoleva
Yanusik24
Цветкова
satinvova
vahmistrova