Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
ЖАЗЫЛЫМ-тапсырма.Көп нүктенің орнына жақша ішіндегі қажеттісөзді қойып жаз.Фильм-дегі бастыкейіпкерлерҚазақ халқы өзге ұлт өкілдерін құшақ жая„. (шақырған, сағынған, қарсы алған Қазақхалқының ... (Ынтымағы, кеңпейілдігі, бірлігі) менбауырмалдығына олар үнемі рақмет айтады.Қазақстандағы ... (барша, көптеген, бірнеше) ұлтөкілдерінің біздің елімізге келу тарихы «Жерұйық»фильмінде жақсы көрсетілген. «Жерұйық»фильмі тарихи ... (оқиғаға, құбылысқа, фактіге)негізделген. Фильмде Сон Лаврентийдің ..жастық, кәрілік, балалық шағы бейнеленген.Арып-ашып келген адамдарды қазақ халқыбауырына тартады, ... ( суықтан, жаңбырдан, ажалдан) аман алып қалады
Бір құдайға сиынып,
Кел, балалар, оқылық ,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық..
Істің болар қайыры
Бастасаңыз аллалап,
Оқымаған жүреді
Қараңғыны қармалап.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық..
Мал дәулеттің байлығы,
Бір жұтасаң жоқ болар,
Оқымыстың байлығы,
Күннен-күнге көп болар,
Еш жұтамақ жоқ болар.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Сиса көйлек үстіңде
Тоқуменен табылған.
Сауысқанның тамағы
Шоқуменен табылған...
Өнер-білім бәрі де
Оқуменен табылған.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Надандықтын белгісі –
Еш ақылға жарымас.
Жайылып жүрген айуандай
Ақ, қараны танымас.
Аяңшыл ат арымас,
Білім деген қарымас...
Жөн білмеген наданға
Қыдыр ата дарымас.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Оқу деген шыны-ды,
Тұрған сайын шыныққан...
Оқу білген адамдар
Май тамызған қылыштан...
Білмегенді білуге
Есті бала тырысқан,
Есер бала ұрысқан.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Әлпештеген ата-ана
Қартаятын күн болар.
Қартайғанда жабығып,
Мал таятын күн болар.
Ата-енең қартайса –
Тіреу болар бұл оқу,
Қартайғанда мал тайса
Сүйеу болар бұл оқу.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Оқу білген таниды
Бір жаратқан құдайды,
Танымаған құдайды
Не қылғанда ұнайды?
Шырағым абай болғай деп,
Ата-енең жылайды,
Баладан қайыр болмаса,
Баланы неге сұрайды.