Қосымшаның түрлері.
Қазақ тілінде қосымша жалғау, жұрнақ болып екіге бөлінеді. Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейміз: жұмыс – жұмысшы, ойын – ойыншық, оқу - шы, бала - лы, орын - дық, сыр - мақ т.б.
Ал сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейміз: жұмыс – жұмыста, ойын – ойынға, дәптер – дәптерді, көше – көшеде.
Қазақ тілінде жалғаудың 4 түрі бар:
1. Септік жалғау;
2. Көптік жалғау;
3. Тәуелдiк жалғау;
4. Жіктік жалғау.
Қазақ тіліндегі жұрнақ мағынасы мен қызметіне қарай екіге бөлінеді:
1. сөз тудыратын жұрнақтар өзі жалғанған сөзінен жаңа сөз тудырады. Мысалы, “жылқы - шы”, “біл - ім”, “жасы - қ”, “таға - ла”;
2. сөз түрлендіретін жұрнақтар өзі жалғанған сөзіне үстеме мағына қосып, сөздің тұлғасын өзгертеді. Мысалы, “көк-шіл”, “көк(г) - ірек”, “сары - лау”, “сары - рақ”, “жаз - ып”, “жаз - ғалы”. Жұрнақтар сөзге белгілі бір жүйеде рет - ретімен жалғанады.
Түбірге тете сөз тудыратын жұрнақтар, одан кейін сөз түрлендіретін жұрнақтар, бұлардан соң жалғаулар орналасады. Жұрнақтар түбірге де, туынды сөзге де жалғанады (“бас - шы”, “басшы - лық”, “ұйы - м”, “ұйым – дас – тыр – у – шы”).
Достық (жұрнақ) Адамдардың достығы әдетте жыл өткен сайын беки түседі.
Досым (жалғау) Менің досымның есімі - Арнұр.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Мәтінді пайдаланып сөйлем құрап жаз. Мағжан Жұмабаев 1893 жылы... Бала кезінен өте зерек болып өст.. сауат ашқан тілдерін үйренеді. аударады тұңғыш рет алтын медальмен... орыс тілін
Қарсылықты бағыныңқы сабақтастың жасалу жолдары.
Басыңқыдағы іске бағыныңқыда айтылған іс немесе бағыныңқыдағы іске басыңқыдағы іс қарсы қойыла айтылған сабақтасты қарсылықты бағыныңқы сабақтас дейміз.
Қарсылықты бағыныңқылар: қайтсе де?, не етсе де?, қайткенмен?, не еткенмен ?деген сұрауларға жауап береді.
Қарсылықты бағыныңқының баяндауыштары мынадай жолдармен жасалады.
а) Шартты райлы етістікке да, де жалғасып келуі арқылы.
ә) шартты райдың болымсыз түрінен: са,-се.
б)есімшеге көмектес септік (мен) Есімшенің бұл да,де шылауы қосылып та қарсылықты сабақтас құрмалас сөйлем жасалады.
в) есімшеге - ша,-ше жұрнағы жалғану арқылы.
г) а,-е,-й көсемше түрінен болады.
ғ) келер шақ есімшенің болымсыз түрінен шығыс септік жалғану арқылы ( тан,-тен )жалғану арқылы жасалады.
Қарсылықты бағыныңқы сабақтастың жасалу жолдары
Бағыныңқының баяндауышы
Тұлғалық белгісі
сұрауы
сызбасы
1.Шартты рай
-са,-се
-да,-де
Қайтсе де?
Не етсе де?
// шаршаса да,
//.
2.Көсемше
-ған,-ген, -ғаны,
гені,-ғанына,-геніне
болмаса,қарамастан қарамай
қайткенмен?, не еткенмен?, қайткенше?, не еткенше?, қайтпей? (не етпей? болмаса?)
//шаршағаны болмаса, //.
шаршағанына қарамастан,қарамай, //.
3.Есімше
-а,-е,-й, тұра
қайте?
не ете тұра?
// көре тұра, //.
Объяснение:
я так думаю