Borisovna24
?>

Соствьте пословицуБілімді / жығар / білімсіз/мыңды / жығар / – / бірді​

Казахский язык

Ответы

Abdullaev

Білімсіз бірді жығар,

Білімді мыңды жығар.

Объяснение:

.

lokos201272
Абыралы өңірінен шыққан өнер саңлақтарын сөз еткенде, алдымен ауызға алатынымыз — Әміре Қашаубаев.
Әміре 1888 жылы Семей облысы, Абралы ауданына қарасты Дегелең тауының етегінде туды.
Әкесі Қашаубай кедей адам болған. Ауылды жерде тиянақты кәсіп болмаған соң, Қашаубай көп ұзамай Семейге көшіп барды.Қалада да кәсіп істеу оңай болған жоқ. Дала байы мен қала байының кедейдің, жалшының еңбегін жеуде қандай айырмасы болсын, Әміре әрең дегенде үй ішін асырап тұрды. Қашаубайдың денсаулығы күннен күнге нашарлап, жұмысқа жарамайтын халге келді.Әміренің шешесі Тойған да үй ішінің ұсақ-түйегі болмаса білекпен келетін ауыр жұмысқа жарамады.Барлық ауыртпалық Әміренің мойнына түсіп, Жаңа Семей жағында тұратын Исабек деген байдың көлік айдаушысы болады. Осы жұмыста Әміре үнемі әндетіп өлең айтып жүретін. Ат айдаушы екенін ұмытып, әннің қызығына түсіп, қожасынан сөгістер алып қалатын.. Әкесінде айта қалғандай өнер жоқ болса да «жаман» Қашаубайдың баласының музыкаға деген қабілеті оның атшылығынан бұрын «әнші бала», бері келе «әнші жігіт» деген атағын шығарды.Бүкіл Жаңа Семейдегі ойын -сауық Әміресіз өтпейтін болды. Әншілігінің үстіне әсем мінезді, ақ көңіл жігіт халықтың назарын үнемі өзіне тез аударып алатын. Осындай екі бірдей қасиетінің арқасында Әміренің атағы көп ұзамай Ертісті кесіп өтіп, Семей қаласына жетті. Әміренің дауысы түнгі Семейді тегіс аралап, әнқұмар қауым құлақтарын тосып тыңдап ләззат алды. Исабекпен есеп айырысып, Арқа әншілерінің Мекесі болған Қояндыға жол тартты. Қояндыға келуі, әнші үшін ән дүниесін ашуына себепші болды.1925 жылы Халық Ағарту комиссары Луначарскийдің шақыруымен Парижде болатын дүниежүзілік көрмеде қойылатын этнографиялық концертке қатысуға жолдама алды. Париж сахнасында әнші өзінің сүйікті «Ағаш аяқ», «Үш дос», «Екі жирен», «Дудар», «Қос барабан», «Қызыл бидай» әндерін орындады.Әміре Парижден елге келген соң, онда көп бола алмай, күзге қарай Қызылордаға келіп, ол кездегі Қазақстанның астанасында ашылғалы жатқан театр труппасына жұмысқа кіреді. 1926 жылы Мұхтар Әуезовтың «Еңлік-Кебек» пьесасымен қазақ тарихында бірінші рет Әміре қойшы Жапалдың ролін ойнайды.1927 жылы Әміре Москваға шақырылады. Советтер съезінде концертке шығып, үлкен табысқа ие болады. Сол жылы Германияның Франкфурт- на Майне қаласында болатын дүние жүзілік музыкалық көрмеге жіберіледі. Әнші Франкфурттың үлкен театрында 9 концерт берді. Әміре осы жерде екінші рет көзге түсті. Ол қазақ халқының ән байлығын шетке көрсетіп жүрген өнер қайраткерлерінің ішіндегі ең жас әнші еді.Әнші Қызылордаға қайтады. 1928 жылы театр Алматыға көшкенде, театрмен бірге Алматыға келеді. Қаракөзде Доскелді, Айман — Шолпанда Жарастың бейнелерін сомдады.1934 жылы музыкалық театрға ауысады, бірақ көп ұзамай қайтыс болады.
Әміре — ұлы әнші, азамат, Үздік әншілік өнері қазақ халқының бай өнерін дүние жүзіне паш етті. Заманымыздың ұлы жазушысы М.Әуезов «Әміренің әнінде ақындық тазалықтың шамшырағы жанғандай. Әміре әншіліктің ақыны» деген еді.
bezpalova2013
Ашық энциклопедиясынан алынған мәліметБізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар — осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз үғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы - Көкшетау», «Жер жаннаты - Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген.Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген.«Су ішкен құдығыңа түкірме»«Бұлақ көрсең, көзін аш»деп, жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғаудың тәрбиесін сіңірген.Табиғатта үздіксіз өзгерістер болып жатады. Мысалы, жанартаудың атқылауы , найзағайдың жарқылы, судың мұзға айналуы сияқты құбылыстар табиғаттағы өзгерістерді көрсетеді.Аспан денелерінің қозғалысы, гүлдердің шешек атуы, ағаштың жайкалып өсуі, өзеннің тасуы немесе көлдердің тартылып суалуы - осылардың барлығы да қоршаған ортадағы өзгерістер.Әлемде орын алатын сан алуан өзгерістер табиғат құбылыстары деп аталады.Табиғат қүбылыстары бір-бірімен тығыз байланысты. Оларды физика, астрономия, география, геология, биология, химия сияқты ғылымдар зерттейді. Әр ғылымның табиғатты зерттеуде өз мақсаты мен міндеті бар. Мысалы, физика негізінен механикалық қозғалысты, жылу, электр, жарық құбылыстарын зерттейді. Физика ғылымы зерттейтін табиғат құбылыстары физикалық құбылыстар деп аталады.Физика басқа да жаратылыстану ғылымдарымен өзара тығыз байланыста болады

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Соствьте пословицуБілімді / жығар / білімсіз/мыңды / жығар / – / бірді​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Александр Джабраиловна1967
kuznecovav3066
artmasterstyle
kriapex
Shikhova-Vitalii1290
sergeevna
marinakmaa86
vadim1140
Васильевна_Наталья
родичева1812
molodoychek
panstel
office426
semenovakotya577
artem032100