Ана тілің – арың бұл.
Ана тілі - әрбір адамның бойына анасының ақ сүтімен дарыған тілі. Менің ана тілім - қазақ тілі.
Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, қазақ халқының ана тілі, шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты, көркем, дана, сұлу, рухани бай, Абай әрлеген, Жамбыл жырлаған, Мәңгілік елдің Мәңгілік тілі!
Қазақ тілі әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, келбетті тілдердің бірі. Қазақ тілі қазақ халқының ана тілі. Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі не? Себебі, тіл халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз қазақ тілі.
Тіл қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғап, оның орынсыз шұбарлануының қарсы тұруы тиіс. Себебі, ана сүтімен дарыған тіл - ең басты байлығымыз.
Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын. Қадыр Мырза Әли атамыз айтқандай:
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
Объяснение:
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Тыңдалым ОҚЫЛЫММӘТІНМЕН А-тапсырма.Мәтінді тыңда. Түсініп оқы. Тақырып қой.Түсінгеніңді баянда.н ынтымақтастықта өмір сүріп осиылы 1 наурызда Казахстанабар. Оның төрағасы - Разанояк және т.б. халықтардыңелу тарихы Меруйың» фильмінецел. Фильмнің сценарийін Сламбетарихи оқиғаға негізделген. СитеҚазақстан Республикасындағы барлық ұлт бір-бірімен ынтыКазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1995 жылтассамблеясы құрылды. Ассамблеяның 350-ге жуық мүшесі бар. ОныРеспубликасының Президенті. Әзербайжан, грек, шешен, поляк жәнемәдени орталықтарының жанында жексенбілік мектептер жумысҚазақстандағы көптеген ұлт өкілдерінің біздің елімізге келу тарижақсы көрсетілген. Фильмнің режиссері - Сламбек Тәуекел ФильмТәуекел мен Сон Лаврентий жазған. «Жерұйық» фильмі тарихи ониСон Лаврентийдің өзінің балалық шағы бейнеленген.Фильмде өз Отанынан қуғындалып, Қазақстанға жер аударылып келгешешен, күрд және т.б. ұлттардың ауыр жағдайы бейнеленеді. Арып-ақазақ халқы бауырына тартады, ажалдан аман алып қалады.«Жерұйық» көркем фильмі Абай Құнанбаевтың «Адамзаттың бәрін сүй басөзімен басталады. Фильмнің басты кейіпкері - Орынбай - өмірде болған адам схалқының бауырмалдығы, жомарттығы осы бейне арқылы көрінеді.Қазіргі таңда фильмде көрсетілген ұлт өкілдері бір ананың баласындай бірлікте -өмір сүріп жатыр.алып келген керіс, неміс, Туркні Арып-ашып келген адамдардыәрін сүй бауырым» дегенолған адам. Барша часахның баласындай бірлікте, татулыкта1 наурыз — өзге ұлт өкілдерінің қазақ халқына алғыс айтатын күні. Бұл күнді крпаарнайы белгіледі..
Сан есімнің емлесі сөйлемдердегі сан есімнің сауатты жазылуын қамтамасыз етеді. Бұл қарапайым ережелерді білу - заманауи адамның парызы.
Сан есімнің емлесі:
Күрделі сан есімнің әр сыңары бөлек жазылады. Мысалы: жүз бір, жиырма бесінші, бір мың тоғыз жүз сексен бес т. б.
Цифрмен таңбаланатын дара және күрделі сан есімдерге жалғанатын жалғаулар дефис (-) арқылы жазылады. Мысалы: Ол 25-ке толды, мен 6-дан 7-ге көштім. т. б.
Реттік сан есімдер араб цифрымен берілсе, -ыншы, -інші, -ншы, -нші жұрнағының орнына дефис (-) жазылады да, рим цифрымен берілсе дефис қойылмайды. Мысалы: 5-класс, 23-қатар, 105-мектеп, бірақ X класс, XX ғасырдағы әдебиет, III том т. б.
Күн, жыл аттарымен тіркесіп келген реттік сан есімдер араб цифрымен берілсе де, дефис жазылмайды. Мысалы: 1992 жыл 7 қазан, 8 наурыз, 1945 жыл т. б.
Екі, алты, жеті деген сандарға жинақтық сан есімнің -ау, -еу жұрнағы жалғанғанда, түбірдің соңғы қысаң ы, і дыбыстары түсіп қалады. Мысалы: екі — екеу, алты — алтау, жеті — жетеу:
Болжалдық сан есімдер цифрмен жазылғанда, оларға жалғанатын қосымшалар дефис (-) арқылы жазылады. Мысалы: 100-деген, 1000-дап, сағат 5-терде т. б.
Болжалдық сан есімдердің қосарлану арқылы жасалған түрлері сөзбен жазылса да, цифрмен жазылса да, арасына дефис қойылады. Мысалы: қырық-елу үй, 40—50 үй т. б.
Болжалдық сан есім жасайтын шамалы, шақты, қаралы, тарта, жуық, таман, жақын, сондай-ақ бөлшектік сан есім жасайтын жарты, жарым, ширек сөздері өздері тіркескен сандардан сөзбен берілсе де, цифрмен берілсе де бөлек жазылады. Мысалы: мың қаралы, 100 шамалы, елуге тарта, 40-қа таман, он бір жарым, 2 жарты, бір ширек т. б.
Қосарланып айтылған топтау сан есімдері сөзбен берілсе де, цифрмен берілсе де дефис (-) арқылы жазылады. Мысалы: он-оннан, 10—15-тен, 20—20-дан т. б.
Есептік сан есім, реттік сан есім, жинақтық сан есімдер зат есімше септеледі.
Объяснение: