Арқалық... өз уақытында 50 мың халқы бар, 50 жылдық тарихы бар, шағын болса да, әдемі әсем қалалардың бірі еді. Алайда, сонау қиын-қыстау кезеңді көтере алмаған жұрт сыртқа ағылып, соның салдарынан біршама мөлтек аудан қаңырап бос қалып, соңы бірінші қабатынан аспан көрінетін қирандыларға айнала бастады. Тек қаланың әйтеуір бір қалмасына сенімді тұрғындар ғана өз орындарын суытпай, қаңырап бос қалған үйлерде қала берді. Біз де сол тұрғындардың қатарында болатынбыз. Мөлтек ауданымыз бос қалуға қалған шағында, тәуір деген қала орталығына көштік. Сол үйімізде әлі күнге дейін тұрып келе жатырмыз. Бірақ, «Жыртық үйдің Құдайы бар» демекші, Елбасымыз Қазақстанымыздың экономикасын алға шығарып, тынымсыз еңбек етуінің арқасында, біздің қала ұмтылған қалалардан ауылы алыстай бастады. Жұрт – жылу, жарықты жылдар бойы көрмей, қиын-қыстауға көніп, қала жағдайы түзеле бастаған шағында, ұйқысынан оянған баладай күй кешті. Бірақ, жылдар бойы «ұйқыға» кеткен қаламыз оянып, адамдарға жаңадан жұмыс орындары табылып, бірнеше үйлер мен жатақханалар, балабақшалар салына бастады. Адамдар бұрын бір күнін ғана ойлайтын жағдайда болса, енді міне болашағын ойлайтын жағдайда. Мен бұларды бір кітаптан көшіріп жазып алған дүниелер емес, бала болсам да есімдегі күндер, ата-анамның қыстан бізді қалай болса да ашықтырмай, тоңдырмай алып шығамыз деген ойлары басым болғанын көрген соң жазылып отырған дүниелер. Халыққа жұмыс болмай, құр нан мен қара шаймен отырған күндеріміз де қаншама. Бірақ, мұндай қиындықтардың өзі де бір сабақ сияқты, төзімділік пен сабырлыққа үйретеді. Қаланың қазіргі жағдайы мен, қала халқының көңіл-күйі қазіргі кезде алайда мұндай емес. Басқа қалаға жан сауғалап кеткен жастар мен адамдар қалаға қайта оралып, өз туған қаласына еңбек етуде. Қайда барсаңда адамдардың көңілі жайдарлы, өзіңе бір қуаныш ұялатқандай. Қаламыз күннен-күнге алға жылжуда. Қала орталығы да, шеті де құрылыс үстінде. Саябақтарда ағаштар отырғызылып, жастар дем алатын орындар пайда болуда. Қала көшелері де тазарып, гүлзарлар күтулі, қарай берсең – көз тоймас, жаза берсең – сөз жетпес. Әрине, басқа әсем қалаға жете алмас, алайда өз туған қалам бәрінен де көрікті, бәрінен де ыстық болып тұрады. Жазғы демалыста басқа қалаға барып қыдырып қайтамын, бірақ өз қалама жеткенше асығамын. Қазіргі қаламыз мүлде басқа қала, әсем де көрікті қала!
Қалалар бірден бой көтермейді. Оның құрылуы үшін ондаған, жүздеген, мыңдаған жылдар қажет. Сырт келбетін өзгертіп, уақыт талабына сәйкес дамиды. Әр ұрпақ оның жылнамасына өз үлестерін қосып, болашақты болжайды...
Астананың тұңғыш мерейтойы да он жылдықтармен емес, керісінше, ғасырлар бойғы ауыр сынақтар, үлкен жетістіктер, есте қалатын оқиғалармен өлшенетін өзіндік күрделі тарихқа бай.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешімі қаламыздың тарихын түбегейлі өзгертіп жіберді. Кеңес Одағы ыдырап, елдің бәрі жұмыссыз қалып, ел енді ғана еңсесін көтере бастаған тұста бұл шешім үлкен сынға ұшырады.
Алайда, алғашқы он жылдың өзі осы шешімнің арқасында Қазақстан картасында бүкіл әлем тамсанатын, еліміз боп мақтанатын қаланың пайда болғанын көрсетті.
Қазақстанның жаңа астанасы бейнесінде саяси, рухани және пәлсапалық мән жатыр. Бұл - жай ғана мегополис емес. Бұл – мемлекетіміздің қайта жаңғыруы. Астана қазақстандықтардың арманы, мақсаты, болашағы мен үміті байланысқан қалаға айналған.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Сиквейн к слову жастар можно несколько вариантов
Жастар
Здоровая учится
Модные современные
и дальше сама делай