Сәукеле туралы шағын шығарма.
Әрбір халықтың өзіне тән салт – дәстүрлері, әдет – ғұрыптары, халық ауыз әдебиеті, мәдениеті, тәрбиелік ұстанымдары бар. Міне, осы асыл қазынамыз бізге ұрпақтан ұрпаққа сан ғасырлар бойы аманат ретінде ұласып, ұлттық болмысты жоғалтпай, өзгелерден ерекшелеп тұратын айна секілді. Қазақ халқының екі жүзге жуық салт – дәстүрі, сенім – ырымдары, ұлттық ойындары бар, олардың әрқайсысының тәрбиелік те, танымдық та маңызы зор. Осы ретте қазақ халқының ұлттық киімдері мен оны кию әдебінің ерекше маңызы бар.
Мысалға, сәукелені алар болсақ, сәукеле - ұзатылған қыз киетін аса қымбат, бағалы, кәделі әрі әсем бас киім. Сәукеле 2-3 қарыстай биік, ол дөңгелек төбе жағына қарай жіңішкере береді. Жоғарғы жағына үкі тағылады. Ол үкі тіл – көзден, арам пиғылдан сақтайды деген сенім болған. Әдетте, сәукеле түгелдей қымбат маталармен қапталып, оның сыртына алтын, күміс, інжу-маржан, меруерт, лағыл сияқты асыл тастардан жасалған моншақтар тағылады, түрлі-түсті қымбат жіптермен тігіледі, безендіріледі. Матасына әшекей, шашақ, оқа тағылып, жиегіне бұлғын, құндыз терілерінен жұрын ұсталады. Бастан қисайып немесе түсіп кетпеу үшін тамақтан өткізетін бау тағылады. Екі құлақ тұсына омырауға жететін құлақша тоқылады. Сәукеленің артқы жағына ұзындығы жерге жететіндей ақ желең тағылады.
Сәукеле - тек бас киім емес, ол - қазақ халқының байлығы мен сән-салтанатының, мәдениеті мен өнерінің озық үлгісі, өнер туындысы ретінде бағаланатын өте қымбат этнографиялық мүлік. Сонымен бірге ол - қазақтың қыздарына деген көзқарасының да бір белгісі. Дәстүр бойынша сәукеле тек ұзатылатын қыздарға ғана кигізіледі, оны айырбастамайды, басқаға киюге беруге болмайды.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
“Біз соғысқа қарсымыз” тақырыбындаэссе жаз. Из 50, 60 слов. На казахском языке нужно ЗАРАНЕЕ
Мен соғысты жеп көрем
Талай өткен ғасырлар:
Еш соғыссыз өтпеген,-деген ашу-ыза талай батырларымыздың жүрегінде ерімес мұз болып қатып қалғандай. Сол алапат соғыстың аяқталғанына, яғни Ұлы Жеңіске 70 жыл толып отыр. Қазақстандықтардың майдан даласындағы ерліктері мен батылдығы ешқашан ұмытылмайды.
Екінші дүниежүзілік соғысты әзірлеуші және бастаушы фашистік Германия болды. Бірінші дүниежүзілік соғыста жеңілген Германия өзін отарлар бөлісуден құр қалған мемлекетпін деп есептеді. Сонымен қатар өздерін шығу тегі жағынан таза қанды арийлердің ұрпақтарымыз деп, дүние жүзіне билік жүргізгісі келді. 1933 жылы Германияда фашистік партия сайлауда жеңіске жетті де, оның жетекшісі Адольф Гитлер елде қатал фашистік тәртіп орнатты. Гитлерлік Германия өзінің агрессиялық соғыс жоспарын жүзеге асыруды 1939 жылы бастады. 1939жылы 1 қыркүйекте Польша жеріне басып кірумен Екінші дүниежүзілік соғыс басталды. Еуропа елдерін бірінен соң бірін бағындыра отырып, 1941 жылы өзінің басты қарсыласы деп есептеген КСРО шекарасына жақындады.
1941 жылы 22 маусымда таңғы сағат 4 шамасында фашистік Германия әскері КСРО-ның батыс аумағына баса-көктеп кірді. Гитлердің соғыс жоспары "Барбаросса" деп аталды. Ол сол бойынша КСРО¬-ны қысқа мерзім ішінде жаулап алып, оны болашақ соғыс жорықтары кезіндегі шикізат, адам қоры көзіне айналдырмақшы болды. Кеңес халқы тарапынан әділетті бұл соғыс тарихи әдебиеттерде "Ұлы Отан соғысы"деп аталды.
Соғыстың бетін аулақ қыліміз аман, тыныштық болса екен