Ақындықтың шығар шыңы көп еңбекті қажет етеді.Ақын болу қиын.Сөз сүмбілелері өз жүрегінің үнін тыңдай отырып,жүрек түкпіріндегін қағаз бетіне қопарады.Ақын болу үшін əр ойдың астындағы мағынаны түсіне білу керек.
Егер де мен ақын болсам,өмірді өзгерту үшін қаламымнан маржандай төгіліп тұратын сырлы сөздер жазатын едім.Əр адамның бойында алып күш жатқандығын сезіндіріп,оның ойын өзгертетін едім.Қаламымның сиясын тауыссам да,адамдарға шабыт беретін туындылар шығаратын едім.Сол арқылы өзіме шабыт алып,кең ойдың құшағында өзіме-өзім мəз болып отыратын едім.Туған жерім жайлы қорғасындай ауыр сөздер,жалынды жырлар шығарып,жылы жүректен-жылы жүрекке,ешқашан өшпейтіндей етіп жыр шумақтарын тілге тиек ететін едім.Эхх,шіркін,ақындық деген менің бойыма тума талант болып біткенде ғой.Жүрек түкпірімдегі сөздерді қағаз бетіне қаламыммен қопара салатын едім.Еш өзгеріссіз,еш өтіріксіз,жалғансыз.
chavagorin
13.08.2020
1 Сөз қадірін білмеген өз қадірін білмейді. Кто слово не ценит, тот себя не ценит. 2 Жанған от тәнді жылытады, жақсы сөз жанды жылытады. Зажжённый огонь тело греет, доброе слово – душу. 3 Қиыстырып қаласаң отын жанар, қиыстырып айтсаң халық нанар. Если ладно сложишь, дрова загорятся; если складно скажешь, люди поверят. 4 Ми ойлағанды тіл тындырады. Что в голове зарождается, язык на свет выдает. 5 Жыланның уы – тісінде, адамның уы – тілінде. Яд змеи – в зубах, яд человека – в языке. 6 Жаман сөз жылатады, жақсы сөз жұбатады. Плохое слово до слёз доводит, хорошее слово утешает. 7 Құлаққа кірген суық сөз – көңіліңе барып мұз болар. Вошедшее в ухо холодное слово, в душе льдом становится. 8 Жаман сөз – жанға кірген тікен. Дурное слово занозой вонзается в душу. 9 Өсекшінің тілі қышып тұрады. У сплетника язык чешется.10 Көп сөз – күміс, аз сөз – алтын. Многословие – серебро, молчание – золото.