Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Қазақ тілі пәні бойынша 6-сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары ІV тоқсан Сабақтың нөмірі: 4 9-бөлім: Әлемдегі ірі кітапханалар. Морфология Сабақтың тақырыбы: Ең үлкен, ең кіші, ең қымбат, ең ауыр кітаптар Оқу мақсаты: Бұл сабақта оқушы мәтіндегі үстеулерді тауып, синонимдерін қолданып жазады. 1-тапсырма. Мәтінді оқы Әлемдегі ең ауыр кітаn -Лондондагы Британ мұражайында сақтаулы тұрған географиялық атлас. Атластың ұзындығы бір метрден асып түседі, ал салмағы – 320 килограмм. Әлемдегі ең үлкен кітап Нидерланд астанасы Амстердамдагы мұражайлардың бірінде сақтаулы тұр. Бұл кітап «Теңіз ережелерінің жинағы» деп аталады. Кітатың ұзындығы – орта бойлы адамнан сәл биік, ені - 4 метр, қалыңдығы - жарты метрге жуық. Әлемде ең кіші он екі кітап бар. Олардың көлемі бір ас қасыққа сыяды. Олар: Құранның миниатюралық басылымы; 12 мың сөзден құралған ағылшын тілінің сөздігі; Галилейдің шығармалары (пошта маркасының жартысындай шамада онда 208 бет); Жаңа өсиет, 1896 жылға дейін жер жүзіндегі ең кіші басылым болып саналган шағын кітапша; Британ (шотланд) ақыны, фольклортанушы Роберт Бернс өлең жырларының томдығы (пергаментке басылған); француз және неміс анықтамалығы : Моисей заңдары кітабы (ежелгі еврей тіліндегі ең кіші кітап); «Гита» үнді кітабы (санскритте); Ирландия және Шотландия әндерінің жинағы (нотасымен); Франция Конституциясы (томдықтың әрбір мұқабасы алтынмен жиектелген); Бас бармақ көлеміндей кітап АҚШ-тың 16-Президенті Авраам Линкольннің басылымы. Франциялық Жозеф Форе жарыққа шығарған әмбебап «Апокалипсис» кітабы әлемдегі ең қымбат кітап болып саналады. («Кітап патшалығы» журналынан) 2-тапсырма. Мәтіндегі үстеулерді тауып, синонимдерін қолданып, оқылым мәтіні негізінде 4-5 сөйлем жазыңдар. 3-тапсырма. Берілген ойды түсініп оқыңдар. «Ғибратты сөз» айдары Кітап - ең сабырлы ұстаз. Тек кітап қана қайырымдылық пен айуандықтың, ақиқат пен жалғанның аражігін айнытпай танып білуге үйретеді. Кітапты аялайық, құрметтейік, кітапқа адал болайық! (Нұрсұлтан Назарбаев Берілген пікір негізінде «Төрт сөйлем» тәсілімен пікір, дәлел, мысал, қорытынды жазыңдар. Сабақтың тақырыбы: Александрия кітапханасы Оқушы мақсаты: оқулық мәтініндегі ақпараттармен кестені толықтырады, үстеулерді тауып, мағыналық түрлеріне ажыратады, 3-мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді түзетіп, редакциялайды.
70 жыл жүрегіме жара салған,
Тілім мен дінімді алған дүние жалған.
Тәуелсіздік аңсаған бабаларым,
Қасіретті күндерді басы шалған.
Анамның ақ сүтімен келген білім,
Босағада боздап-ай жылап тұрған.
Дінім мен иманым да сол күндерде,
Христостың аяғында болған құрбан.
Жетім бала сатылып көрші елге,
Қазақтың сәбилері көп жылаған.
Қарттар үйі көбейіп, ана жылап,
Туған жердің тағдыры күлкі болған.
Әсіресе, айырылып бостандықтан,
Қазақ елі қайырылды қанатынан.
Өктемдігі ресейдің жан шошырлық,
Ата-баба ақ жолы ұмыт болған.
Колбин деген бәлесін сайламақ боп,
Елбасына сол күні қатер төнген.
Дінмұхаммед атаның еңбегіне,
Көз алартып кеңестен, қайғы енген.
Сен үшін қанша адам болған құрбан,
Сен үшін жылады екен қанша ана?
Қанша адам қырылып қанға бөккен.
Желтоқсанның ызғары зарлы екен.
Қайрат, Ләззат, Сәбираға баға жетпес,
Асылдар алып берген тәуелсіздік.
Сен үшін менің мынау жаным құрбан,
Тәуелсіз ел – Отаным құдай берген.
Назарбаев ағамды жақсы көрем,
Көрегендік, жақсылық ойлап жүрер.
Ең алғаш егемендік ту ұстаған,
Мәңгілік жүректерде нұр боп енер.
Қазақ елі дамыды күндер санап,
Әрбір таңын егемендік жырға балап.
Қара жерге табынып өсе бердік,
Көк туымыз қолымызда әнді жалғап.
Әртүрлі салалар бар өркен жайған,
Білімді, мәдениетті дамытты адам.
Жасампаз миллион жұрты қазағымның,
Жарқылдады үміті көрік шашқан.
Табынып Бекет ата тұрағына,
Үш жүз алпыс әулиеге тәуеп еттім.
Тәуелсіздік қыраны самғады ғой,
Мен бақытты екенмін дәл осы күн!