Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары биыл қыста төрт мұз қалашығын қызықтай алады, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің мәдениет басқармасы.
Қаладағы мұз қалашықтарының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Мұз қалашық еліміздің бас шыршасы жағылған 18 желтоқсаннан бастап ашылады.
Биыл Астанада Жаңа жыл мерекесіне арналған бас шырша Тәуелсіздік күнінен кейін, 18 желтоқсанда «Хан шатыр» ойын-сауық орталығының жанында жағылады. Жыл сайын шырша 1 желтоқсан күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен жанатын. Биыл Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, қала алдымен Тәуелсіздік мерекесіне дайындалып жатыр.
Елордада Жаңа жыл мерекесіне орай барлығы 17 шырша орнатылады. Бір ғана Есіл ауданы мен Үркер, Қаламаңы тұрғын алқаптарында 10 шырша орнату жоспарланған. Биылғы жаңажылдық безендірудің басты нышаны — Тауық қана емес, еліміздің басты оқиғасы — ЭКСПО көрмесі де болады.
Айта кетейік, Астанада ашық аспан астындағы ең үлкен мұз айдыны «Арай» саябағында салынып жатыр. 250 адамға арналған мұз айдынының жалпы аумағы — 5 мың шаршы метр.
Қалалық мәдениет басқармасының хабарлауынша, биыл мұз қалашықтар «Хан шатыр» ойын-сауық орталығының жанында, қалалық әкімдік жанындағы алаңда, Есіл өзенінің жағалауында, «Студенттер» паркінің жанында орналаспақ.
«Былтырғы тәжірибеге сүйенек, қала халқы мұз қалашықтарға өте көп барған. Сондықтан, биыл да мереке күндері мен демалыс кезінде халыққа арнап әр түрлі көңіл көтеру бағдарламаларын, флешмобтар мен жарыстар ұйымдастырмақпыз. Бұл шаралардың мақсаты – елорда халқының демалысын көңілді ету әрі салауатты өмір салтын қалыптастыру», – дейді мәдениет басқармасының ба з қызметі.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
P.S. Нужно выписать глаголы в:өткен шақ, осы шақ, келер ша Мәтіннен шақ категорияларын (өткен шақ, осы шақ, келер шақ) тауып жазыңызАзия ойындары -1951 жылдан бері төрт жыл сайын Азия елдерінің арасында өткізілетін спорт жарысы. Уақытын есептеу Нью-Делиде өткен бірінші ойыннан бастап жүргізіліп келеді.Ойындардың жалпы ұзақтығы ашылу және жабылу салтанатын қоса есептегенде, жеті күннен аз емес, он алты күннен артық емес. Изия ойындары Халықаралық олимпиада кеңесімен реттеледі.Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін Азияның бірнеше елі тәуелсіздік алды.1949 жылы Азия ойындары Үндістанда өтетін болып шешім қабылданған.
Типа будущая и настоящая
Объяснение: