ЖАЗЫЛЫМ-тапсырма.Мәтінді пайдаланып, сөйлем құрап жаз.Үлгі: Мағжан — лирик, сыршыл ақын.Мағжан Жұмабаев 1893 жылыБала кезінен өте зерек болып, сауат ашқантілдерін үйренедіаудардытұңғыш реталтын медальменорыс тілін
Мағжан Жұмабаев 1893 жылы 25 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Бала кезінен өте зерек болып,төрт жасында хат таниды.
Мағжан Жұмабаев алғаш ауыл молдасынан сауат ашқан.
Мағжан 1910 жылы Қызылжардағы медреседе оқып, мұнда шығыс тілдерін үйренеді.
Мағжан орыс тілін жетік меңгергенінің арқасында Пушкин, Лермонтов, Горкий, Байрон,Гете сынды ақын-жазушылардың шығармаларын қазақ тіліне аударды.
Мағжан ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармаларымен кіші кезінен сусындап өскендіктен, тұңғыш рет Абай атамызға арнап"Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға"атты өлең жазады.
Мағжан Омбы мұғалімдер семинариясын алтын медальмен бітірген.
Pavel1545
21.07.2021
Атырау – Еуропа мен Азия құрлықтарының шекарасындағы әсем қала. 1991 жылға дейін қала Гурьев деп аталды. Кейін Атырауға ауыстырылып, теңіз жағасындағы қала Қазақстанның ірі қалаларының біріне айналды. Атырау қаласы Түрікменстан, Өзбекстан және Ресейдің Астрахань облысымен шектеседі.Қала көшелері кең әрі олардың атаулары ерекше. Атырау көшелерінің атаулары Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов, Шоқан Уәлиханов, Степан, Разин, Емельян Пугачев сынды тарихи тұлғалардың құрметіне қойылған.Атырау қаласының заманауи сәулетінің Қазақстанның өзге қалаларынан еш айырмашылығы жоқ. Қаланың басты көрікті мекені - XIX ғасырда салынған Православ шіркеуі. Бұл шіркеу Атырау қаласында тұрғызылған алғашқы ғимарат. Жайық өзенінің бойындағы жаяу жүргіншілер көпірі қаланың мақтанышына айналған. Бұл көпір Әлемдік Рекордтар кітабына енген.
tooltechnic
21.07.2021
Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді