Құстар өзгеше болып жаратылған құбылыс иесі. Бейне біздің аспан Әлеміндегі қорғаушымыз сияқты. Сияқты емес солай да. Себебі көк аспан олардың туған мекені. Көкті құссыз, құсты көксіз елестету қиын. Біздің көгімізде құстар сайрап жүрсе, жердегі адамдар да тыныш, бейбіт өмір сүре алады. Біз көкке қарағанда көзіміз ең әуелі ұшқан құсқа түседі. Көп жағдайда күйкі тірлікпен олардың тыныс - тіршілігіне мән беріп, тіпті көкке көз тастап, бір де қарамаймыз. Ал, олардың көкте ұшқанын, жерге қонғанын зер салып, бақылап қарайтын болсаң, олар бейне бір жұмбақ құбылыс сияқты. Ешнәрсені ашып айта алмайды. Қуанышы да, реніші де ішінде сияқты. Бір құдіретті күшің болып, құстардың тілін меңгеріп алсаң, яғни құстардың тілін түсінер болсаң, тіпті басқаша әлемде өмір сүрген болар ма едік. Өзім солай ойлаймын, себебі, құс киелі жануар.
Объяснение:
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Екі жай сөйлемнен сабақтас құрмалас сөйлем құрастырыңыздар 1. Жаңбыр жауды.Үйден шыға алмадым. 2.Машина бұзылды.Әкем жұмысқа жаяу барады. 3.Менің кітап алуым керек.Бүгін кітапханаға барамын. 4.Мен ұйықтап қалдым.Сабаққа кешіктім. 5. Мұғалім келді.Жиналыс басталды. 6.Сен көп жүрдің. Аяғың ауырды. 7.Мен Ыстықкөлге бардым. Досыммен кездестім. 8.Жаңбыр жауды. Жер көгерді. 9. Досым маған келмеді. Мен киноға бармадым. 10Қонақтар келеді, ет беріледі.