Біз отбасымызбен ағайын туыстарымызбен көктем мезгілінде наурыз мейрамын атап өтеміз. Ал 8 наурызда яғни халықаралық әйелдер қыздар мерекесін тойлаймыз әкеміз бауырларымыз ағаларымыз анама және де үйдегі қыз балаларға және туысқан тәтелерге әпкелерге әжелерге сыйлық сыйлайды.30 тамыз Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанын саябақта шағын мейрам қылып атап өтеміз. Қыс мезгіліндегі ең сүйікті мейрамым Жаңа жыл мейрамын өз үйімізде және де туыстарымызға қонаққа бару арқылы үйімізге қонаққа шақыру арқылы атап өтеміз
Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар өмір сүреді. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.
Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.
Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық
Объяснение:
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Туған жердің (атамекеннің) табиғаты: Жайлау – сияқты.Күн мен ай сияқты.Асқар таулар сияқты.
Жасыл жайлау түкті кілем көк кілем
Көк кілемде көп ойнаймын көп күлем
Маңдайымнан сипап өткен самалды
Қазагымның алақаны деп білем
Қайырмасы
Қайда жүрсем атамекен
Көкейіңде жатады екен
Күннің өзі қимай оны
Ұясына батады екен
Жасыл жайлау түкті кілем көк кілем
Көк кілемде көп ойнаймын көп күлем
Күннің нұрын айдың аппақ сәулесін
Қазағымның махаббаты деп білем
Қайырмасы
Жасыл жайлау түкті кілем көк кілем
Көк кілемде көп ойнаймын көп күлем
Асқар тауын аспаныммен астасқан
Қазағымның мәртебесі деп білем