ответ: Кітап - алтын қазына. Мен кітап оқығанды өте жақсы көремін. Әсіресе өзім сияқты оқушы балалар жайлы жазылған қызықты әңгімелерді сүйсіне оқимын. Менің сыныбымның барлық оқушылары қаламыздағы Ә.Тәжібаев атындағы кітапханаға барып, өздеріне ұнаған кітаптарды алып оқиды. Сынып жетекшіміз Индира Кеңесқызы бізге «Оқырман күнделігі» деген шағын кітапша таратып береді. Ал біз оқыған кітаптарымызды сол күнделікке түсіріп отырамыз. Оқырман күнделігін апаймыздан алғанша асығамыз. Себебі ол жерде қызықты сұрақтар бар, сурет салу бар.
Кітапты көп оқыған оқушының сөйлеуі де өзгереді. Ойын анық жеткізіп, көркем сөйлей бастайды. Жақында біз барлық сынып оқушыларымен қаламыздағы үлкен кітапханаға бармақшымыз. Кітапханамен толық танысып, тұрақты оқырмандары боламыз. Кітап – даналықтың бастауы деп айтар едім.
КІТАПБІЛІМ БҰЛАҒЫ
Объяснение:воттт
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Берілген сөздер мен сөз тіркестерінен мәтін құрап жаз. Мәтінге тақырып қой. 6тапсырма 104щі бет
Дәстүр бойынша, бала сауаттылықты бастауыш мектепте алады, оны жазуға, оқуға және санауға үйретеді деп сенеді. Бұл сөзсіз жағдай. Бірақ қазіргі қоғамға қызметтің жаңа тәсілдері қажет, ол үшін адамнан қажетті ақпаратты іздеу, оны өңдеу, басқа адамдарға ұсыну, жаңа объектілер мен процестерді модельдеу, өз іс-әрекеттерін өз бетінше жоспарлау және құру дағдылары мен дағдыларының тұтас спектрі қажет. . Оқу, жазу және санау дағдыларына үйретумен қатар, балаларды бірінші сыныптан бастап оқуда және күнделікті өмірде цифрлық технологияны жұмыс құралы ретінде пайдалануға үйрету өте маңызды.