Театр – грек тілінен аударғанда «көрініс» деген мағынаны береді. Алғашында театрда сахнадағы əрекет өз кезегінде хор арқылы, немесе түрлі басқа да іс-қимылдармен толықтырылып, комплексті тұрғыда алғанда, үлкен гармониялық аура тудырған. Көбінесе, ашық аспан астында өткен қойылымдарды көрермен жартастардың үстінде, арнайы жасалған биік құрылыстардың үстіне отырып көргенін сол заманнан қалған сəулет құрылыстарынан білеміз. Сондай-ақ ежелгі театр тек Грекия жерінде ғана емес, сондай-ақ көптеген ежелгі шығыс елдерінде, Үндістан, Қытай, Индонезия, Жапония секілді елдерде кеңінен етек жайғаны да белгілі. Орта ғасырдағы Еуропада халықтық театрдың рөлін кезбе əртістер ойнаған. Ал Еуропадағы тұңғыш кəсіпқой театр Италия маскалар комедиясы екені тарихи жазбаларда кездеседі.
Театр сонау көне Грекияда пайда болып, əртістердің ойыны, музыкалық нөмірлер, поэзия, проза, дизайн секілді бірнеше өнерлерді қамтығаны аталып өтілді. Театр осындай жан-жақтылығымен де құдыретті. Яғни бірнеше адамзаттық өнерлерді бір жерде топтастыру, ұйыстыру осындай үлкен өнердің тууына себепші болып отыр. Мысалға алатын болсақ, қойылымдағы əрбір деталь өте маңызды рөл атқарады, əртістің қимылы, табиғаты, болмысы, сөзіне оның киімі, қолданатын заттары үйлесімді болуы керек. Ал жалпы театрдың мазмұнына, мəніне оған сəйкес композиция, музыка дұрыс таңдалуы тағы бар. Мысалы, осы детальдардың үйлесімін қазақ қойылымдарының ішінде «Ай-Қарагөз» қойылымынан көруге болады. Т.Шапайдың «Дариға - дəурен» əнін қойылымға дөп түсірген.
Композитордың өмір сүретін дəуірі мен оқиғаның өрбитін кезеңі бірғасырдан астам уақыттай болады. Алайда, бұл ешқандай кедергі болмай, сол қойылым мен əн тамаша үйлесіп тұр. Бұл жерде музыкалық режиссердің еңбегін атап өту керек. Немесе «Қызыл орамалды шынарым» қойылымындағы қырғыз əні де тамаша сəйкестендірілген. Спектакль бастан аяқ қазақ тілінде болса да, сол əн арқылы қырғыз халқының рухын сезінгендей боласың. Шыңғыс Айтматов есіңе түседі. Қырғыз қойылымында отырғандай сезінесің. Ал сахнаның сәнделуінің өзі - бір өнер. Сондықтан театр өнері барша өнердің ұйысқан жері деп сеніммен айта аламыз.
Театр қойылымдары пьесаның мəтіні бойынша, режиссердің, əртістің, суретшінің, композитордың жұмысынан құралады. Жалпы қойылымның негізі драматургиядан басталады. Тіпті қойылымда мүлдем сөз болмағанның өзінде мəтін өте қажет деталь. Ал сол драматургияны сахналау – кəдімгі бір тілден екінші тілге аударғандай процесс. Ал оның көрерменге жетуі мүлдем басқа жағдай.
Арасынан алып жазсаңыз болады
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Мәтіннен айтыскер ақын қандай болуы керектігін оқы ассоциаграмма құрастыр Айтыс ертеден келе жатқан қазақ әдебиетінің үлкен саласы. Айтыс "көркемсөзбен жарысу" дегенді білдіретін поэзияның күрделі жанры. Айтыстың негізгі ерекшелігі - болған оқиға, шындық өткір тіл мен айтылады. Айтыс - нағыз ақындық өнер, суырыпсалма өнер. Ол көркем ой мен мен әдеби тілдің ғасырлық даму жолын көрсетеді. Айтыстың қазақ тілінің сөздік қорын дамытуда маңызы зор. Тілдегі сұлу теңеулер, мақал-мәтелдер айтыс өлеңдерінде жасалған. Айтыс адамды әдемі сөйлеуге, шешендікке, тапқырлыққа үйретеді. Айтысқа шынайы ақындар ғана барады. Айтыс - ұйқасқан өлең ғана емес, көркемсөз, бейнелі ойға құрылған жауап. Айтыс тапқырлық қажет етеді. Себебі қарсылас ақынның өлеңіне ұтқыр жауап айтылмаса, ақын жеңіліс табады.Нағыз айтыстар ақын домбырасыз айтыспайды. Нағыз айтыскер ақын бірнеше өнерді меңгерген. Біріншіден, ол - сөз өнерін жақсы меңгерген шешен, екіншіден, әнші, үшіншіден, домбырада шебер ойнайтын әртіс. Кез келген ақын айтыскер ақын болмайды. Өлең жазатын ақын көп. Бірақ бәрі суырып салып өлең айта алмайды. Айтыскер ақын өлеңді ойдан тез шығаратын дарынды, терең ойлы, ұтқыр жауап беретін логикалық ойлауы күшті жан болуы керек. Айтыста әдептілік сақталады.
Құрбақа (лат. Bufonidae) – құйрықсыз қосмекенділер отрядының бір тұқымдасы. Жер шарында кең тараған (тек Антарктидада кездеспейді). 21 туысы, 300-дей түрі белгілі. Бұлардың көзінің арт жағында құлақ маңы безі жақсы дамыған, үстіңгі жақ сүйегінде тіс болмайды. Артқы аяғындағы саусақтарының ұшы жартылай жарғақпен байланысқан.
Кәдімгі құрбақаның терісі бұдырлы, мүйізді болатындықтан құрлықта тіршілік етуге бейімделген. Кәдімгі Қүрбақаның денесінің ұзындығы 20 см, орманды-далалы аймақтарды мекендейді. Жасыл құрбақаның денесінің ұзындығы 14 см-дей, орманды-далалы алқаптарда, биік тауларда да (4500 м-ге дейін) және шөлді жерлерде тіршілік етеді.