kattarina71
?>

Берілген сөздер мен сөз тіркестерінен мәтін құрап жаз.Мәтінге тақырып қой.Театр, сахна, қойылым, опера, комедия, актер, музыка, тұңғыш режиссёр, жиссер, балет, шымылдық, қазақ актерлері, талантты актер, драмалықшығарма, көрермен ықыласы

Казахский язык

Ответы

emaykova785

Менің сүйікті қалам

Алматы - менің сүйікті қалам. Не себепті деп сұрасаңыз, Алматы -  Алатау бөктерінде орналасқан ғажайып, әсем қала. Алматыда ауаның өзі ерекше таза болып көрінеді. Оның көркіне көз тоймайды. Тамаша табиғаты аспанмен таласқан заңғар тауларымен, сарқырап аққан өзен-суларымен, көк майса, жасыл желегімен, апорт алмасымен ерекше. Ал жылдан жылға саны артып жатқан зәулім ғимараттардың құрылысы мен көркін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.

Алматының басты көрікті орындары - Медеу мұзайдыны, Шымбұлақ курорты, Көктөбе. Халық демалу үшін жиі баратын Көктөбеден Алматы алақандағыдай көрінеді. Ол жерден қаланың ғаламат көрінісін, ерекше сәулетін тамашалай аласыз.

Сонымен қатар, Алматыда Тұңғыш Президент саябағы, орталық цирк, Горький саябағы, орталық мұражай, Әуезов атындағы театр, Абай атындағы опера және балет театры сынды мәдениет орындары - халық көп баратын орындар бар.

Алматы Қазақстанның мәдени астанасы болып есептеледі.

ok-49566
,Абайдың сүйіп, жар етіп алған екінші әйелі Әйгерімнен туған ұлы Тұрағұл, өзінің естелігінде жазғанындай, Абайдың отыз екі жасында өмірге келген екен. Жастайынан Абайдың тәрбиесін көріп, өнер-білімге ерте ден қойған ол өте зейінді, алғыр болған. Әкесінің өнегесімен орыс әдебиетімен жастай танысып, соның арқасында осы тілде жатық сөйлеген, аудармашылықпен айналысқан. Әкесі туралы татымды да тиянақты естелік жазып, қалдырған.
Мен – әкемнің кіші жамағатынан туған тұңғыш баласымын. Әкем кіші жамағат алғанда бастапқы бәйбішесі өзінен 2-3 жас үлкен еді, ұлғайған кезімде өзімді күтуге қолайсыз болады деген шығар. Екінші, жалпы қолы жеткен, әлі келген адамға екі қатын алмақ ғұрып сықылдыланғандықтан да шығар.Мен әкемнің 32 жасында, жастықтың алғашқы арыны басылып, жігіт ағасы болып қалған кезінде туғанмын. Мен әкемді танығанда, әкемнің жүзі ашық, ажары сыртында, көзі өткір, ашуы да, қуануы да жылдам, ширақ жанды адам еді. Мәжілісі қызықты, сауықшыл, дастарқаны аса мол еді. Бір іспен қызықтамай, жай, салбырап, шаруасын істеп отырмаушы еді.Бір ғадаты жақсы атқа, қыран құсқа құмар еді, өзі 2-3 жыл салтанатын келістіріп құсбегілерін, мергендерін сайлап құс салыпты. Балаларының әрқайсысына құс салғызды, бірақ ұзақ уақыт құсшы болғанымыз жоқ. Біреудікін алып, біреуге сапырып отырады. 250 шамалы құс қолыма келіп, кеткен шығар. “Тулақтың шолағындай” құс кергенім жоқ деп айтып отырушы еді.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Берілген сөздер мен сөз тіркестерінен мәтін құрап жаз.Мәтінге тақырып қой.Театр, сахна, қойылым, опера, комедия, актер, музыка, тұңғыш режиссёр, жиссер, балет, шымылдық, қазақ актерлері, талантты актер, драмалықшығарма, көрермен ықыласы
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*