Құстарды неден қорғау қажет және оларға қандай жағдай жасау керек?
Құстар - біздің досымыз, олар табиғаттағы керемет тіршілік иелері. Көк аспан құстардың мекені, аспанды құссыз елестету мүмкін емес. Олар тамаша әуендерімен айналаны әсем әнге бөлеп, адамдарға керемет көңіл – күй сыйлайды. Осындай кішкентай ғана тіршілік иелерінің адамға да біршама пайдасы бар. Олар бау - бақша, егістік жерлердегі жәндіктерді жеп табиғатқа пайдасын тигізеді екен. Сондықтан құстарды қорғау және егістікті бау - бақшалы жерлерге тарту үшін қолдан жасанды ұялар салу, ағаштарды көбірек егу керек. Сонда құстар біздің жерден алатын азық - түлік өнімдерімізді құрттардың құртуынан, жәндіктердің жеуінен құтқарады екен. Біздің күнделікті жеп отырған азық – түлігіміздің мол болуы – құстардың арқасында. Сондықтан қолымыздан келгенше құстарға оңтайлы жағдай жасап, күтім көрсетуіміз керек.
Бұдан бөлек күн суытып, жыл құстары жылы жаққа кеткен кезде қыстап қалатын құстарды қыстың аязынан қорғап, қолымыздан келгенше оларға ұя салып, жем шашып, қамқор болсақ, нұр үстіне нұр болар еді. Ойымды келесі өлең жолдарымен тәмамдасам деймін:
Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар,
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар!
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
1. Ақпараттық технология дегеніміз не?2. Ақпараттық технологияның маңызы неде?3. Ақпараттық технологияның қандай түрлері бар?4. «Кибернетика», «Нанотехнология» дегендіқалай түсінесің?
.
1. Ақпараттық технология (ағылш. information technology, қысқ. IT) — объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс.
2. Ақпараттық технологияның маңызы:
- компьютерлік және ақпараттық сауаттылықты арттыру;
- оқу процесінде компьютерді пайдалану;
- модельдеу идеясы оқыту процесінде жаңа мүмкіндіктер береді;
- компьютерлік оқыту бағдарламалары.
3. Ақпараттық технологиялардың негізгі түрлеріне мыналар жатады:
1. Деректерді өңдеудің ақпараттық технологиясы жақсы құрылымдалған есептерді шешуге арналған, шешу алгоритмдері жақсы белгілі және барлық қажетті кіріс деректері бар;
2. Басқарудың ақпараттық технологиясы басқару шешімдерін қабылдауға байланысты кәсіпорындардың барлық қызметкерлеріне ақпараттық қызмет көрсетуге арналған;
3. Автоматтандырылған кеңсенің ақпараттық технологиясы кәсіпорын персоналының қолданыстағы байланыс жүйесін толықтыруға бағытталған;
4. Шешім қабылдауды қолдаудың ақпараттық технологиясы шешім қабылдауды қолдау жүйесі және адам қатысатын итерациялық процесс нәтижесінде болатын басқарушылық шешімді әзірлеуге арналған);
5. Сараптамалық жүйелердің ақпараттық технологиясы жасанды интеллектті пайдалануға негізделген.
4. Кибернетика - табиғат пен қоғамдағы басқару мен байланыстың жалпы заңдары туралы ғылым; нанотехнология - бұл көзге көрінбейтін аса ұсақ бөлшектерді ретке келтіре отырып, соның ерекшеліктерін алдын-ала белгілеп беру арқылы әлдебір құрылымды құрастыруға қажетті жекелеген атомдарды ыңғайластыра орналастыру.