Галина-Юлия1292
?>

Берілген мәтіндерд оқып, тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшелігін(формасын, мазмұнын, стилін аныктау) ​

Казахский язык

Ответы

alexluu33
Өзіңсің, Қазақстан, ән, арманым да, Аяулым, алтын бесік, қара орманым да. Бір нәрсе жетпейді деу қате болар Өзіңдей ұлан байтақ далам барында. Паң далам - Қазақстаным! Сен барда ғажап шебер, ғажап ұстамын, Түсінем өзендердің саз - ағыстарын. Қырандар қанатында даңқы кеткен Ғазалым - таусылмайтын таза нұсқалы. Ән далам - Қазақстаным! Сен менің шұғылаға толған даламсың, Жасампазым, сан асу жолдарды аларсың. Бабамның көздерінің қарашығы ең, Баламның бақытына да қорған боларсың. Жан далам - Қазақстаным! Керемет өріледі гүл өңірде өлең, Кезің қандай өрік пен шие гүлдеген! Дарқандығын сезініп, еркін басып, Өмір сүргім келеді, ұлы Елімде мен! Кең далам - Қазақстаным!
ktripoleva294
Біздің кітапхана бірінші қабатта. Онда орыс, қазақ, қырғыз және басқа тілдерде кітаптар өте көп. Мен күнде кітапхананың оқу залында боламын. Ол кешкі онға дейін жұмыс істейді. Онда сабаққа дайындалуға жақсы жағдай жасалған. Іші таза, жылы. Біздің курстың студенттері кітапханаға, оқу залына жиі барады. Онда олар оқыған еңбектерінен конспекті жасайды, семинарға, теориялық әңгімеге дайындалады. Кітапханада түрлі газет- журналдар да бар. Онда өте мәдениетті, инабатты, өз істерін жақсы білетін қыздар жұмыс істейді. Олар кейде қазақтың көрнекті жазушыларының кітабын оқуға кеңес беріп түрады.
Мен өзім қазақ жазушыларының Мұхтар Әуезовтің, Әбдіжәміл Нүрпейісовтің шығармаларымен көбірек таныспын. Қазақ халқының тарихын білгісі келетінге, оқушыларға "Абай", "Қан мен тер" эпопеяларын оқып шығуға кеңес берер едім.
Кітапхана қызметкерлері әдеби шығармалардың көрмесін ұйымдастырып, оларды насихаттап тұрды.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Берілген мәтіндерд оқып, тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшелігін(формасын, мазмұнын, стилін аныктау) ​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

sanseth5
nash-crimea2019
phiskill559
Lolira64
Державина
Nastyakarysheva8750
yocrew13
angelina-uj1350
Soliyabronzoni
ekatef45
russstep
astenSA
filimon131262
morozmd
innaterenina