Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Сол5-тапсырма. Жыл мезгілдеріне қатысты мақал-мәтелдер тауып айтың-дар.6-тапсырма. Табиғат аясында болған бір күндерің жайлы күнделікжазыңдар.7-тапсырма. «Табиғат» тақырыбына арналған қандай өлеңдерді біле-сіңдер выполнить любое из них
Ұйықтар алдында бөлмеме келген балам:
- Әке, мына жазған шығармамды оқып, қате жері болса дұрыстап беріңізші-деп қолыма бір дәптерді ұстатты. Онда бұлай жызылыпты:
Апай бүгін бізге "Мен өскенде кім боламын?"-деген тақырыпта шағын шығарма жазып келуімізді тапсырды. Мен мектептен шығып үйге келгенше не жазу керектігімді ойланып келдім.
- Мен өскенде кім боламын? - қандай қызық сұрақ еді, маған салса бір емес, бірнеше мамандықтың иесі болғым келеді. Дәрігер болғым келеді, әсіресе кардиолог. Себебі әжемнің жүрегі ауыратындықтан үнемі кардиолог дәрігер туралы үйде, дастархан басында жиі айтылады. Шіркін кардиолог болсам ғой әжемнен ақша алмай-ақ емдеп жазар едім. Сонда әжем алатын азғантай зейнетақысы өзінде қалар еді. Ал әкемнің жағдайын ойласам, бастық болғым келеді. Өйткені, әкем жұмыс басты, соның өзінде демалыс немесе мереке күндері бастығының бұйыруымен жұмыстан тыс қимылдарға тартылады. Содан бізді ойнатып шығуға уақыты болмай қалады. Егер бастық болсам, әкемді жұмсағыш бастықтың өзін жұмсар едім. Ал анамды ойласам дүкендегі сатушы болғым келеді. Оның себебі, анам демалыс күндері қала сыртындағы базарға азық-түлік, көкөніссатып алуға кетеді. Содан шаршап келіп, үй жұмысына кіріседі, бізбен бірге ойнауға мүлде зауқы болмайды. Біз одан:
- Ана, бұл заттар үй қасындағы дүкендерде де бар емес пе, несіне ұзаққа барып, қап арқалап босқа шаршап жүрсіз-дейтінбіз. Маңдайы тершіп, екі иығынан дем алып отырған анам бізді бауырына басып, жүзі күлімсіреп:- Ол жақта арзан, бұл жерде қымбат. Ақшаны үнемдеп жұмсау да, жұмыс істеп ақша табудан кем емес -дейтін.
Үйге келген соң да ойландым. Шіркін бір адам үш түрлі мамандық иесі болуға мүмкіндік болар ма екен ? Болса, мен осы үш түрлі жұмыстың бәрінде істер едім.
Баламның жазған шығармасы осы, оқып шықтым. Қасымда не дер екен деп, демін ішіне тартып, тұрған баламды бауырыма басып, маңдайынан иіскеп, ризашылық білдірдім де:
- Балам шығармаң жақсы екен. Маған өте ұнады. Бірақ, менің ойымша бала өскенде ең алдымен Қазақ болуы керек. Содан соң жаны қалаған бір немесе бірнеше кәсіпті игерсе нұр үстіне нұр болары хақ -дедім.
- Сонда қалай - деді балам, маған қарап. Қазақ болып туылған бала қазақ болып өседі ғой онсызда-деді сұраулы жүзбен.
- Жоқ дедім мен, қазақ отбасында туылғанның, қазақша ат пен затқа ие болып жүргеннің бәрі бірдей қазақ болып ержетпейді. Қазақ болып өспеген соң, халқына тиер қайыры да болмайды. Себебі, қазақ болу дегеніміз - түр мен пішіннің ұқсастығы емес, тіл мен ділдің, дін мен мәдениеттің, ойлау мен істің, арман мен мүденің, тұрмыс пен танымның тұтастықта болу дегендік . Мен осыны айттым да, соңғы кезде жазған "Ұлт моласы"-деген өлеңімді оқып бердім.