васильевич
?>

слово Әнші по лицам, на казахском языке

Казахский язык

Ответы

apromovich1
Аспаптарды бес топқа бөлуге болады:

үрмелі аспаптар - дыбысын үру арқылы шығарылатын аспаптар: сазсырнай,қоссырнай, қамыссырнай, мүйізсырнай,сыбызғы, адырна, ұран , керней;ішекті аспаптар - дыбысы ішек арқылы шығарылатындарға жататындар: жетіген,шертер, екі және үш шекті домбыралар,қылқобыз;жіңішке сым арқылы дыбысы шығарылатын аспап: шаңқобыз немесешаңқауыз;ұрмалы аспаптар - аспапқа тартылған көн арқылы дыбыс шығарылатындарға жататындар: даңғыра, дауылпаз,шыңдауыл, дабыл , кепшік, шың;аспаптың басына тағылған шынжырлар, қоныраулар арқылы дыбыс шығарылатын тобы — асатаяқтың бірнеше түрлері.

Жеке түсініктемелерӨңдеу

Шертер - екі немесе үш ішекті, саусақпен шертіп ойнайтын аспап. Шертердің шанағы терімен қапталады. Оны көбінесе мал бағатын бақташылар тартатын болған.

Асатаяқ - сілку арқылы үн шығаратын көне музыкалық аспап. Ұзындығы -110-130 см. Тұтас ағаштан арнайы қалыпта жасалады. Басы күрек тектес. Бас жағына түрлі темір сақиналардан сылдырмақтар тағылып, өрнектермен әшекейленеді. Асатаяқ өзіндік үнімен ерекшеленеді. Аспапты ырғап, шайқап ойнайды. Асатаяқ аспабын ертеде көбінесе бақсылар қолданған. Қазіргі кезде көне үлгілері қайта жасалып, ұрмалы музыкалық аспаптар тобына қосылды.

Домбыра - қазақ халқының арасына өте ерте және кең тараған, ғасырлар сырын сақтаған қос ішекті, шертіп ойнайтын музыкалық аспаптың бірі. Өзіне тән ерекшелігі бар, ішекті-шертпелі аспаптар тобына жатады. Домбыра әр түрлі үлгіде тұтас ағаштан ойылып немесе құралып жасалады. Мойнына он тоғыздан жиырма екі санына дейін пернелер байланады. Арнайы құлақ күйге келтіріледі. Домбыраның екі ішектісінен басқа да үш ішекті, қос жақты, кең шанақты қуыс мойын, шіңкілдік деп аталатын түрлері де бар. Даусы майда, қоңыр, құлаққа жағымды.

Дауылпаз - ұрып ойналатын көне музыкалық аспаптың бірі. Халық тұрмысында кеңінен қолданылған. Әсіресе, бұрынғы кезде, жаугершілікте дабыл қағып, белгі беру үшін пайдаланылған. Аспаптың жасалу құрылысыы анағұрлым күрделі. Ол тұтас ағаштан ойылып жасалады. Бет шанағы терімен қапталады. Иыққа асып алу үшін қайыстан арнайы аспалы бау бекітіледі. Дауылпаз ағаш тоқпақпен ұру арқылы дыбысталады. Қазіргі кезде дауылпаз аспабы көптеген фольклорлық ансамбльдерде кеңінен қолданылып жүр. Дауылпаз тектес аспаптар түрлі атпен басқа халықтарда да кездеседі. Айталық, өзбек халқында "Тәбльбасс", қырғызда "Доолбас" деп аталады.

Жетіген - қазақ хылқының өте ерте заманнан келе жатқан жеті ішекті шертпелі музыка аспабы. Аспап ағаштан құрастырылып жасалады. Құрылысы өте қарапайым. Жетіген аспабы талай жүздеген жылдар өтсе де, баяғы қарапайым күйінде. Жетілдірілген түрінде он үш ішек байланып, арнайы тиектер қойылған. Аспаптың үні өте нәзік, құлаққа жағымды. Ел арасында аспаптың шығуы жайында көптеген аңыздар айтылады. Сол бір аңыздың бірінде: өткен заманда өмір сүрген бір қарияның жеті баласынан айырылған қасіретті қайғысынан туындаған деседі. Бізге "жетіген" деген атау осылай жеткен. Қазіргі кезде жетіген аспабы көптеген ансамбльде ойналып, кеңінен насихатталып келеді.

Желбуаз - үрмелі аспаптар тобына жататын, ерте заманнан келе жатқан, ел көзіне еленбеген көне музыкалық аспаптың бірі. Аспап иленген мал терісінен жасалады. Сырт көрінісі меске ұқсас. Аузын бекітіп тұратын тығыны, әуен шығаратын екі сырнай түтікшесі болады. Мойынға асып алып жүруге ыңғайлап, қайыстан арнайы бау тағылады. Ұстап жүруге өте жеңіл. "Желбуаз" аспабын белгілі композитор Н.Тілендиев "Отырар сазы" оркестірінде қолданды.

Қылқобыз - ерте заманнан келе жатқан қазақ халқының екі ішекті ысқышпен ойналатын аспабының бірі. Өзіндік жасырын сыры мол, адамның еркіне көне қоймайтын, күрделі аспап. Ішегі жылқының қылынан жасалады. Қобыз аспабының екі ішектісімен бірге - үш, төрт ішектілері және "нар қобыз", "жез қобыз" деп аталатын түрлері де бар. Қобызды ағаштан шауып немесе құрап жасайды. Беті жартылай терімен қапталады. Ол дыбыстың жаңғырып шығуы үшін керек. Ерте заманда қобызды тек бақсы-балгерлер ғана ұстаған. Халық аңызында қобызды пайда болуы Қорқыт ата есімімен тығыыз байланысты екені де айтылады.

Шаңқобыз - бітімі бөлек, ойналуы ерекше қазақ халқының көне музыкалық аспабы. Үні құлаққа жағымды, адам даусына жақын. Аспапта ойнау ерін мен тістің арасындағы қуысқа тікелей байланысты. Ойнау кезінде орындаушы оң қолымен тілшенің ұшын шалып отырып, шапшаңдата дыбыстайды. Дыбысы тілшені қозғалысқа келтіргенде шығады. Аспапта жеке ән-күй орындап қана қоймай, басқа да көне музыка аспаптарымен бірге халық әуендерін сүйемелдеуге болады. Шаңқобыз аспабының құрылысы қарапайым, жұқа тақтайшадан жасалады.
sakalrip

Алдыңғы шығарылымдарда біз қазақтардың ежелгі музыкалық аспаптары туралы жазған болатынбыз. Бүгін де олар туралы аз-кем сөйлесуді жөн көрдік. Шынында да, кеше ғана, қатал кеңес дәуірінде ұлттық құндылықтарды жаңғырту біз үшін онша көп болған жоқ - олар туралы кез келген ақпаратты жинау тіпті қиын болды. Қазақтың музыкалық аспаптары туралы құнды зерттеулер басқа тілдерде жазылған. Сондықтан дәстүрлі музыкалық аспаптардың атаулары өзгерді. Көшпелі өмір салтын жүргізген ата-бабаларымызда көптеген музыкалық аспаптар болған. Олардың барлығы халықтың рухани, мәдени дамуына өз үлестерін қосты. Музыкалық аспаптар барлық жерде: серуендеу кезінде, ұлттық мерекелер мен әскери жорықтар кезінде қолданылды. Осы құралдарға тағы да тоқталайық.

Үрмелі музыкалық аспаптарға ауа ағынымен дыбыс шығаратын барлық музыкалық аспаптар жатады. Біздің ата-бабаларымыз ежелден-ақ үрмелі музыкалық аспаптарды қолданған. Олар ағаштан, сүйектен, мүйізден, темірден, саздан жасалған. Қазақтың үрмелі аспаптарына сыбызғы, сазсырнай, өзек, узкірік, борғу, жылқышық, тастауық, буғышық, муйыз сырнай т.б.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

слово Әнші по лицам, на казахском языке
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

puma802
funny-furiya
Alekseevna1064
puchkovajulia
Дмитриевич_Скрябин931
Станиславович ыфвыв
andreu420082132
Lesya
marimelons795
osipovasalex5316
cvetprint
VadimovichSvetlana622
anastasiya613
Anatolevich1506
varvara82193