Ана тілі - әрбір адамның бойына анасының ақ сүтімен дарыған тілі. Менің ана тілім - қазақ тілі.Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, қазақ халқының ана тілі, шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты, көркем, дана, сұлу, рухани бай, Абай әрлеген, Жамбыл жырлаған, Мәңгілік елдің Мәңгілік тілі!Қазақ тілі әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, келбетті тілдердің бірі. Қазақ тілі қазақ халқының ана тілі. Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі не? Себебі, тіл халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз қазақ тілі.Тіл қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғап, оның орынсыз шұбарлануының қарсы тұруы тиіс. Себебі, ана сүтімен дарыған тіл - ең басты байлығымыз.Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
2-тапсырма. Тест тапсырмасын орында. 1.«ЕрТөстік» қандай ертегіге жатады? А) Жан-жануар ертегісі В) шыншыл ертегісі С) қиял-ғажайып ертегісі Д) аңыз әңгіме 2. Ерназардың неше ұлы болады? Бір жылы не болады? А) 7, Той болады В) 8, жұт болады С) 9, Айт болады Д) 10, ашықтық болады 3. Ерназар мен бәйбіше шаңырақтан нені көреді? А) кер биенің төсін В) кер биенің жауырын С) кер биенің сүйегін Д) ала биенің төсін 4. Төстік қандай құсты қуып жүргенде өрмекті үзіп кетеді? А) торғай В) қарлығаш С) тоты Д) тарғақ 5.Ерназар келіндерімен қандай жерге келіп тоқтайды. А) Сарыөзек В) Сорөзен С) Бойқұдық Д) Сорқұдық 6. Ерназар жалмауыз кемпірге Төстіктің несін тастап кетеді? А) алтын асығын В) алтын пышағын С) сауытын Д) егеуін 7. Шойынқұлақ кімнің баласы А) Бекторы перінің В) жалмауыз кемпірдің С) Күңкенің Д) Бапы ханның
1)Аңыз
2)в
3)а
4)д
5)д
6)д
7)в