Коваленко
?>

29. Берілген етістіктерді үш жақта жаз.Оқы, көр, ойна.Осы шақӨткен шақКелер шақ30. Сызбаны пайдаланып, етістіктің шақтары туралы білетініңдіСТ.Етістіктіта​

Казахский язык

Ответы

propercarwashes275

Осы.ш Оқып отырмын, көріп отырмын,ойнап отырмын

Өт.ш оқыдым, көрдім, ойнадым

Кел.шақ оқимын, көремін, ойнаймын

Объяснение:

Mukhina1811

29. Оқы:

Оқыды өткен шақ

Оқып отыр осы шақ

Оқиды келер шақ

Көр:

Көрді өткен шақ

Көріп отыр осы шақ

Көреді келер шақ

Ойна:

Ойнады өткен шақ

Ойнап жүр осы шақ

Ойнайды келер шақ

cheremetdiana

Менде де дәл солай және басқалары да бар

Дағды мен ишара

Көз аларту. Ұрыс басы, сес, күш көрсету, бі­реуге ренжу түрі. Жек көрген адамдар да көз алар­тады.

Көз қысу. Ыммен сөйлесу. «Үндемей отыр, бә­рін білем» дегеннің ишарасы. Тәрбие дәстүрінде бұл әдептілік емес.

Көзін жұмып, бас шайқау. «Үндеме, дымың ішіңде болсын» деген ишара.

Кеудесін соғу. Мақтану не жеңістің үлкен белгісі. Бұл әдетті жауын жеңген батырлар, қарсыласын жыққан палуандар көп қолданған.  Жеңімпаздың кеудесін соққанының ерсілігі жоқ. Жайшылықта, орынсыз жерде кеуде соғу — әдепсіздік, тәрбиесіздік.

Қабақ түю. Біреуді ұнатпаудың, бір істі жарат­паудың не көңіл күйі болмай, ренжіп отырудың кейпі.

Қамшы тастау. Бұл — ұлттық салт­-дәстүр, әдет заңы бойынша шешендер мен билердің, талапкер­лердің дау-­жанжал кезінде сөз сұрау ғұрпы.

Қол сілтеу. Ренжу, өкпелеу. «Не болсаң о бол» дегендей, көңлі қалған, жәбірленген кісінің іс­әре­кеті. Біреуге қол сілтесең, ол мұны өзін жәбірлеу, соғу деп түсінеді. Қол сілтеу соңы жақсылыққа апар­майды.

Қол соғу. Қошемет көрсету, мадақтау, қолпаштаудың жарқын да әсерлі көрінісі. Қол соғу, шапалақтау — ақын­дарға, әнші­-өнерпаздарға, спортшы жеңімпаздарға жа­салатын көпшіліктің құрметі әрі алғыс сезімі, аса зор ризалық белгісінің жиі қайталанатын, қолданатын дәс­түрлі әдеті. Мұндай сәтте құрмет иелері жиналғандарға алғыс айтып, бас июге тиісті.

Қол көтеру. Халқымыздың таным-­түсінігінде бұл әдеттің бірнеше мән­-мағынасы бар. «Сөзім бар, айтарым бар» дегенді білдіреді. Сондай-ақ «қол көтерді» деген де сөз бар. Ол «ұрды, соқты» дегенді білдіреді. Мұның «қол көтеруге» ешқандай қатысы жоқ.

Қол құсыру. Айыпты болудың не сонысына кешірім сұраудың  «қата менен»  еген ишарасы.  Дәстүр бой­ынша кешірім сұраушы қолын қусырып (екі  қолын жеңіне тығып), өз кемшілігін мойындап, ғафу өтінеді. «Алдыңа келсе — атаңның құнын кеш» деген аталы сөз­ге жығылған қазақтың мұндайда кешірім жасап, қолын алып, төріне шақыратын тектілігі де болған.

Құйрығын жерге түю. Табалау. Араздасқан өз бәсе­келестерінің, өзіне қиянат жасаған дұшпандарының бақытсыздыққа, қолайсыз жағдайға ұшырағанын көр­генде, естігенде жәбірленуші адам: «Саған сол керек!» «Құдайым тапқан екен!» — деп, құйрығын жерге түйіп, есесі қайтқандай табалап, қуанады.

Маңдайын ұру. Қатты өкінуден, яғни қатты қата­ласудан, тағдырға мойынсынудан туған дағды. Адам­ның өзіне­-өзі белгілеген және қолданатын қатаң жазасы.  Мұның тәртібі — өкінішті адам өз маңдайын жұ­дырығымен соғады. Бұл жазаны көбінесе ер адамдар өзіне қолданады.

Мұрын тыржиту. Менсінбеу, Теңсінбеу. «Неге кел­діңнің» тілсіз берілетін нұсқасы. Бұған маңдай, бет тыржиту да жатады.

Сан соғу. Қапы кету, «қап, әттеген-­айдың» зор белгі­сі. Бұл жай өкіну емес, өксу.

Өбу. Жақсы көрген сәбиді немесе адамды маңдайы­нан, бетінен ернін тигізіп өбеді. Бұл — сүюге жақын көрініс.

Теріс қарау. Ұнатпай, жек көрудің, көргісі келмейтін, қабылдамаған адамның іс­-қимылы.

Төбесіне қолын қойып шығу. Ел ­жұртынан безінген адам ортадан төбесіне екі қолын қойып шығады. Бұл — сирек көрініс — «енді сендерді желкемнің шұқыры көр­сін,  көрмеймін, келмеймін!» деген ауыр кесім. Ауыр бол са да, ел ішінен көңілі қалып, безіп кеткендер болған. Мысалы, Шәкәрімнің «Қалқаман — Мамыр» дастанында­ғы Қалқаман өзін оққа байлаған ел­жұртынан осылай безіп, нағашыларына кеткен. «Төбеңе қолыңда қойма» деген тыйым осындай әдеттен сақтандырады.

Тістену, тіс қайрау. Ашу ­ызадан, өштесуден туған іс ­қимыл. Ашулы адам туралы «тістеніп отыр екен. Ті­сін қайрап отыр екен» дейді. Шашын жұлу. Долы әйелдердің ашуланған кезінде өз шашын өзі жұлып бүлінетін әдеті болады. Қайғы­қасыретке тап болған әйелде шашын жұлып, зар шегеді.

Ыржию (күлу). Риза адамның көңіл күйін білдіретін әдет. Бұл сабырлылық белгісі деп те қабылданады.

Ішегін тарту. Шошынғанды, қатты таңданғанда болады. Жалпы ішек тарту жақсы әдет емес.

Халық салтында әдет­-ғұрыптың түрлері көп. Оның тәрбиелік, өнеге, тәлімі де зор. Халық мінез­-құлқын жақсы білетін адамдар әркім­нің жүріс­тұрысынан, іс­-әрекетінен, қас­-қабағынан­-ақ оның көңіл күйін айтпай­-ақ сезіп­-біліп отырады. «Қабағың ашық қой» деп оның көңілділігін, «иығың түсіп кетіпті ғой» деп жабыр қаулы жайын сезе қояды. Жігіттердің мезгілсіз жүруінен, әйелдердің керілуінен, қыздардың орынсыз күлкісінен  әркім өзінше байлам жасайды, адамды сол арқылы танып, бағалайды. Әзіл­-қалждыңда кейбір туысқандық қа­тынасты білдіретін де әдет­ғұрыптар бар. Мысалы, екі жігіт бір­-біріне күлімдеп, бастарын қасыса, бажа болғаны. Егер жастар бір еркектің құлағынан тартып ойнап жатса, ол жездесі болғаны. Ел ішінде осындай ыммен білдіретін ұғымдар өте көп. Жақсы дегенді бас бармағын көрсетіп, жаман дегенді қолын сермеп, мұрнын тыржита салатын әдет бар...

Объяснение:


Дағды-Ишара түрлерінің түсініктемес
fedserv

Объяснение:

Әрбір жанға өзінің отбасы, туған - туыстары , жолдастары ыстық болса, Отан да а солай да ыстық. «Отан» десе адамның жүрегі езіліп, жүрекке жылы болып есептелінеді. Кез келген ұлт өкілдерінің өз Отаны бар екені айдан анық. «Отан үшін отқа түс - күймейсін» - деген мақал бар. Расында да егер Отан үшін жанынды қисаң, ол үлкен абырой. Отан үшін өлген адамның өзі өлгенімен, аты ешқашанда өлмейді. Тарихта мәңгі қалады.

Отан деген – сенің туып өскен, кіндік қанын тамған жер, ата – анаң, досың Отанға деген махаббат, сыйластықпен ұласса – ол адамның рухани деңгейінің биіктігі. Дегенмен де Отанға деген махаббат пен сүйіспеншілік, анаға деген махаббатпен тең.

Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстанда дүниеге келіп, осында өсіп жатырмын. Қазақстандай елім болғанына, қандай елдерде, мемлекеттерде жүрсем де мақтана аламын. Қазақстан жер көлемі жағынан Дүниежүзі бойынша тоғызыншы орында. Кең байтақ жеріміз біз үшін мақтанышқа тұрарлық. Қазақ елінде 16 млн-ға жуық халық тұрады. Әрине, бұл өзге мемлекеттерге қарағанда орташа көрсеткіш. Қазақстанда 150-ге жуық өзге ұлт өкілдері өмір сүреді. Бұл нәтижеге жүгіне отырсақ, Қазақ елі өзінің жері сияқты кең пейілді, қонақжай, бірлігі мен ынтымағы жарасқан ел екеніне көз жеткізуге болады. Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Сондықтан да оның өз әнұраны, президенті, рәміздері бар.Қазақстан Тәуелсіз мемлекет болғандықтан өзінің ұлттық валютасы да бар. Ол «теңге» 1993 ж 15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық Валютасы «теңге» болып қабылданды. Қазақ елі өте дамыған мемлекет. Оны басқа шетелдіктерде мойындаған. Себебі, Қазақстан соңғы он жылдың ішінде дами түсті, көркейіп, өз экономикасын жақсартып, ішкі – сыртқы саясатын дұрыстады. Қазақ елінің ұлан байтақ жері былай тұрсын, оның табиғаты мен өнеркәсіп жөнінен ерекшеленеді. Қазақстан мұнай мен газ, химиялық өнеркәсібі өте бай ел. Көмір де қазып алынады. Химиялық өнеркәсіпте алтын, күміс, темір, мыс, қорғасын, мырыш және т.б бар. Пайдалы қазбалардан негізінен ванадий, скандий, теллур алынады. Өзге шетелдіктермен саудаласып, экономикасын дамытуда.

Қазақстан күн сайын дамып, көркейіп жатыр. Осындай елмен әрине мақтанасын. Қазақ елі мақтанышқа тұрарлық ел. Әрине, осы жетістіктеріміздің бәрі Елбасымыздың арқасында.

«Қазақстан – ұлы Отаным»

Қазақстан менің елім, аңсағаным

Кең байтақ жеріңменен тамсанамын.

Асқар тау, белдеріңмен мақтанып,

Күлімдеп, мен де бір шаттанамын.

Отаным – Қазақстан туған елім,

Ойнап күліп ер жеткен туған жерім.

Өсе бер өркендей бер, Елім менің,

Ардақтап мәңгі мен сені өтермін.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

29. Берілген етістіктерді үш жақта жаз.Оқы, көр, ойна.Осы шақӨткен шақКелер шақ30. Сызбаны пайдаланып, етістіктің шақтары туралы білетініңдіСТ.Етістіктіта​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

yulialoveinthelow2010
myxa120283
vovababkin1477
Reutskii-Kirilovskii1625
Ауылға барғым келеді эссе​
madina27821667
seletan1
Константин
Хохлов
slipu817838
Orestov563
Tamara
kategar
genya1509
Домрачев
girra