xeniagolovitinskaya4546
?>

Менің сүйікті қойылымым эссе

Казахский язык

Ответы

porotikova1004

Объяснение:

......................


Менің сүйікті қойылымым эссе
Ни Дмитрий1095
Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Бестөбе кентінен басталады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және бала-бақшаға барған көше әлі есімде. Сол кезде ол маған өте ұзын болып көрінетін. Мұнда көлік сирек жүретін, бірақ серуендеп жүретін адамдар көп болатын. Иә... Туған жер ұзаққа қиып жібермейтін. Сен әрқашан өзің бармасаң да, оймен қиялдап туған көшені, есіктің алдын, «Қызым, үйге кір...»деген ананың сөздерін еске түсіресің. Жүректің әлсіздүрсілі естіледі. Қазір бойжеттім, бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көше – менің кішкентай Отаным. Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын
bristolhouse20151001

«Менің атым қалай қойылды?» шағын әңгіме.

Менің атым қалай қойылды? Деген сұрақ мені толғандырып жүрген болатын. Осы сұрағыммен анама келген болатынмын. Сонда анам маған қысқаша түрде қазақ халқының ат қою дәстүрі туралы айтып берген болатын.  

Әрбір қазақ отбасында дүниеге сәби келгенде оған жарасымды, мағыналы, әрі әдемі есім беруге тырысады. Кейбір отбасылар заманауи ат қойса, енді кейбіреулері ата-бабаларының, ұлы тұлғалардың есімін қояды.  

Әдетте бала есімін елге сыйлы, құрметті, беделді азаматы қояды. Сәбиді қолына алып, сәбидің аяғын құбылаға қаратып жатқызып немесе қолына алып, оң құлағына азан шақырып, сол құлағына қамат түсіріп, көпшіліктің көзінше сәбидің есімін екі құлағына үш мәрте қайталап айтады. Осы сәттен бастап, қазақта ата-ананың бала алдындағы міндеттері басталды деп есептеген. Нәрестеге есімді егер оның ата-әжесі тірі болса, міндетті түрде солар ұсынған ат қойылады. Осылайша менің есімімді әжем таңдап, «Айша» болсын деп шешіпті. Айша – есімі мұсылман баласына қадірлі есімдердің бірі. Ол ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) адал жары, хазірет Әбу Бәкірдің (р.а.) перзенті, барша мұсылмандардың аяулы анасы. Менің есімім осындай мәнді де мағыналы болғанына өте қуаныштымын.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Менің сүйікті қойылымым эссе
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

ViktorovnaLarin
treneva359
slava-m-apt
evrotrastop64
elenaftdv7
Lenok33lenok89
Korinchan390
Владимирович111
coalajk
laktionova-natal
fancy-decor67
Захаров-Иванович
Aleksei Biketova
roma8
natkul22