Қазақ халқы – салт-дәстүрге өте бай ел. Бұл – оның мәдениетті әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Белгілі қоғам қайраткері, заңгер Н.Шайкенов: «Ұлт дәстүрі – заңнан биік», - деген. Демек, салт-дәстүрлі ел – мықты әрі тұғыры берік ел. Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт-дәстүрмен, өнегені әдет-ғұрыппен, үлгіні жөн-жосықпен, әдепті ырым, тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген. Ұлттық тәлім, салт-сана сабағы адамгершілік тәрбиесінің аса сенімді әрі ғажайып жол екенін көрсетті. Отаншылдық, ерлік, мәрттік, жомарттық, қайырымдылық, жоғары адамгершілік қасиеттер осы жол арқылы дарыған. Батыр жазушы Б.Момышұлы Ұлы Отан соғысы жылдарында: «Мен өзімнің ұрыстағы тәжірибемнен солдаттың басында жауынгерлік қасиетті тәрбиелеуде халықтардың басынан өткен жауынгерлік жолдары мен ұлттық дәстүрлердің маңызы зор екеніне көзім жетті», - деп жазды. Олай болса, әдет-ғұрып – қазақ халқының мызғымас заңы деп қабылдаған жөн.
Дана халықтың өзі жасаған осы әдет-ғұрып пен жөн-жосықты біліп, үйрену және өмірде қолдану – ағайынды адастырмас сара жол. Мұны отбасында ата-ана, мектепте ұстаз, көпшілік ортада ақсақалдар жастарға үйретіп, айтып отырса, ұтарымыз көп болар еді.
Қазақтың салт-дәстүрлері:
Ас қайыруАлықАуылдың алты ауызыБаталасуБәжі басуБітімБилік ақыДәм татыруЖамбы атуЖол-жоралғыЖөн-жосықКелін қолынан шай ішуКөңіл шайКерегеге керуКөгенге түсу«Кінә менде»Қайындап баруНағашылап баруТөркіндеп баруҚырық жетіҚоңсы қонуҚол ұстатарҚыз алып қашуМығау жазасыНауқасты күзетуӨкіл куйеуӨртпен тазалауСабақ басыСөзге тоқтауТарту-таралғыТөрелікТүстенуШошай тәртібіПоделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Мәтінді мұқият тыңдап, негізгі ойын анықтаңыз. Берілген жолдарда автор сол кезеңнің қандай мәселелерін көтереді? Сызбаны толтырып, жазғаныңызға сүйеніп баяндаңыз.Бал ашамын деп бәлеге қалған…Дастарқан басында соғыс жайында әңгіме қозғалды. Әркім әртүрлі естіген оқиғаларын айтып жатты. Кенет төрде отырған бір ақсақал:– Мен сендерге бір әңгіме айтайын, – деді. Бәріміз әлгі кісіге қарап елең еттік. – Бұл өзі бұрын-соңды айта қоймаған сырым еді, – деп жалғады ол сөзін. – Қазір соғыстың аяқталғанына да пәленбай жыл өтті ғой. Сондықтан бізді ешкім тергеп, қудалай қоймас……Бұрынғы Ворошилов колхозынан бес жігіт бірге әскерге аттандық. Алдымен ауданға, сонан соң облысқа апарды. Облыс орталығынан эшелонға отырғызып батыс жаққа алып бара жатты. Бүгінгідей бөлек-бөлек жатар орны бар вагон қайда?! Кинода көрсетіп жүргендей ағаш вагон. Пойыз да жай жүреді. Әр станцияға тоқтап, су аламыз. Берген тамағын талғажау қыламыз. Екі-үш күннен кейін пойыздан кісі жалығады екен. Арамызда бізден ересектеу, әр нәрседен хабары бар, қағылез Әбдібек деген жігіт болды. Ішіміз пысқаны сондай бір кезде әлгі Әбдібекке:– Сен бал ашшы, совет жеңе ме екен, неміс жеңе ме екен? – дедік. Әбдібек құмалақты шашып кеп жіберіп:– Жаудың беті қатты. Күші басым. Біздің жеңуіміз қиын болады-ау! – деді.Кешке бәрімізді вагон-штабқа шақырды. Болған оқиғаны айна-қатесіз біреу жеткізіпті. «Мұны сендерге кім үйретті? Неге совет әскерінің жеңетініне күдік келтіресіңдер? Араларыңда жаудың тыңшысы бар шығар?» - деп, ал тергеудің астына алсын келіп. Орысша да жөнді білмейміз ғой. Сұрақтың бірін түсінсек бірін түсінбейміз. «Солай құмалақ аштырғанымыз рас», - деп мойындаудан басқа амал қалмады. Содан не керек, «Совет елінің неміс фашистерін жеңетініне күмән келтіріп, жауынгерлердің арасына іріткі салып жүр», - деген айып тағып, Әбдібекті вагоннан түсіріп алып қалды. Қалғандарымыз да майданға жеткенше көзге түрткі болып, қатаң бақылауға алындық. Артынан естідік, Әбдібек байғұсты әскери трибуналдың үкімімен соттап жіберіпті. Сол күйі қайтпады.
Жұртым менің , не қиындық көрмеді?
Жылап тұрып -Аналарым бұл жолда
Сан перзентін ұара жерге жерледі!
Барлық игіліктердің ең ұлысы- тәуелсіздік! Тәуелсіздік ең алдымен Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі.1991-ші жылы 16-шы желтоқсанда тәуелсіздікке қол жетті. Үш ғасырға созылған бабаларымыздың арманы орындалды.
Енді өз елтаңбамыз, туымыз, ұлттық теңгеміз, рәміздеріміз бар. Тарихи жерлеріміздің халықаралық шарттарға сай шекарасы бекітілді. Тәуелсіздігімізге- 25 жыл! Еліміз тыныш болсын! Тәуелсіз болу өз тағдырына өзі жауап беру деген сөз. Президентіміз- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың нұр жолымен, алға ұарай адаспай жалғастырайық, қолдау білдірейік!