Объяснение:
Әже - баланың әкесінің, сондай-ақ, анасының шешесін атайтын, туыстық қатынасты білдіретін атау. Одан арғылары үлкен әже немесе ұлы әже деп аталады.[1]
Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын- абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі Қазақ қоғамында әдетте жас отау иелерінің тұңғыш баласын әжесі бауырына салады. Бала ата-әженің кенжесі саналып, немерені әжесі тәрбиелеп, бағып-қағады. Әже мен немере арасындағы туыстық байланыс өте нәзік әрі берік. Балажан қазақ үшін ата мен әжеге жас сәби жай ғана ермек емес, тәрбиеленуші ерекше субъект. Тарихта күллі рулы елге ана болып саналған Айпара әже, Домалақ ене, Зере, Айғаным секілді әжелердің бейнесі аңыз-әңгімелерде, әдеби шығармаларда сомдалған.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Өнерліге өрісі кең дегенді қалай түсінесіз?
Объяснение:
Өнер –халық тарихының асыл шежіресі. Осы өнер арқылы өмірдің кең тынысы, тіршілік құбылыстары, адамның ішкі дүниесінің әртүрлі сезімі бейнеленеді. Сөз, әуен, қолөнер адам өмірінің сан ғасырлық тарихының көзіндей болып, алуан түрлі сыр шертеді. #Өнер ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, болашақ үшін тарих сахнасына айналады.
Өнер – таусылмас азық,
Жұтамас байлық, - демекші өнерлі жанның өмірі өрнекке толы, өмірі өзгеге үлгі болары анық. Қазақ халқы өнерден құр алақан емес. Халқымыздың қанына сіңген құдіретті өнері ауыз толтырып айтарлық. «Әу!» демейтін қазақ жоқ демекші, біздің қалқымыз күміс көмей, жез таңдай әншілігімен, мың бұралған бишілігімен, күмбірлеткен күйшілігімен, «сөз қадірін-өз қадірім» дейтін шешендігімен мәлім.