Ақпан – тұрақсыз: кейде аяздың беті қайтып, сынады, кейде аспан түнеріп, жапалақтай қар жауады. Бұрқасынды да, ашық та күндері көп… Ақпанда қыс пен көктем белдеседі. Қаңтарда бұрқасын, боран тәулік бойы соқса, ақпанда түнде, таң алдында соғады… Ақпан борандайды, келер наурыз – жылауық. Ақпан аяғында аяз айылын жиып, қыс қаһарынан айырылады.
Бұл – өлара шақтағы ойға орала қалған орамдар. Енді қос айға кеңірек тоқталып, халық берген «мінездемеге» көз жүгіртелік. Ақпанның бел ортасында қыс пен көктем ұшырасады екен. Бұл күні ауа райы қандай болса, көктем райы сол тақылеттес болмақ. Қар жауса, көктем – жаңбырлы.
…«Амал ақпаннан басталады», «Ақпан ақырып келеді, жан-жағын шақырып келеді», «Ақпанның ақ түтегі» деген тіркестерді ел ішінен жиі құлақ шалады. Сарыарқаның шығыс жағы қаңтардың аяғындағы ақпанға ұласқан боранды «Қаңтар ақпанға тапсырып жатыр» дейді екен.
Объяснение:болама?
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Құрылымы мен рәсімдеуін сақтап саяхат шығудың немесе отбасылық демалыстың пайдасы туралы досына хат жаз
Басқан сайын табаныңа жабысып, қытырлаған дауыс құлағыңа жеткен кезде құрышы қанып, көңілі босап сала беретіні де рас. Бұл – аппақ қардың дауысы. Қылышын сүйретіп келген қыстың аязы бетті қарыса да, тоңдырса да жаныңызда бір жылулық бар. Бұл – мезгілдің адамға әсері.