Жігітті досына қарап бағала.
Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Дос адам жанының айнасы тәрізді.
«Жігітті досына қарап бағала» деген сөздер бекер айтылмаса керек, себебі адам өзі қандай болса, дәл сондай жанына жақын жанды іздейді. Ойы, арман-тілегі, мақсат, ең бастысы өмірдегі құндылығы бір адамдардың шынайы дос болып, өмір бойы араларынан қыл өтпейді. Ал достық дегеніміз - адамды ерекше қанаттандыра білетін, қуанышты үдетіп, кайғыны азайтатын қарым-қатынас түрі. Өмірде адал дос табу, достық қарым-қатынастарды сақтай білу өте маңызды. Себебі әрқайсымыз достыққа мұқтажбыз, ол ешқашан көптік етпейді.
Нағыз, адал дос өмірде орын алатын түрлі сәтсіздіктерге мойымай, басқа түскен ауыртпалықтарды бірге көтеруге жәрдемдесіп, қуаныш пен шаттық күндерді бөліседі. Дос адамдардың мінездері әр түрлі болуы мүмкін, дегенмен құндылықтары мен арман – мақсаттары бірдей болады, бірақ бұл жағдай достыққа еш кедергі бола алмайды. Халқымыз достық қарым – қатынасты ерекше бағалаған, бұған дәлел ретінде бірнеше мақал – мәтел де келтіруге болады. Мысалы, “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Сондықтан, өміріміздегі адал достарымызды бағалап, ортамызға түсініспеушілік түсірмей, ешқашан достарымызды алдамай, керісінше достығымызды нығайта түсейік!
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
АЙТЫЛЫМ7-тапсырма.Диалогті толықтыр.— «EXPO көрмесі» дегеніміз не?— Ол қалай өтеді?— Ол қашан пайда болды?— Оған кімдер қатысады?— Ол қай қалада болады?— Халықаралық көрме бюросынаҚазақстан елі кіре ме?— Көрменің елге тигізер пайдасықандай?— Көрмеде қандай мәселелерқозғалады?— Қазақстанда көрме өте ме?
надеюсь ответ выше на фото