ekrosenergoserv
?>

Суреттер бойынша «Қыс» тақырыбында әңгіме құрастырыңыз. Тірек сөздер: аяз болады, қар борайды, ағаштар, қырау басады, жазда дайындалады, аямайды, мақал «Қыстың қамын жаз жаса», адамға теңеген, қатал.

Казахский язык

Ответы

departed744

Қыс – мезгіл ішіндегі ең пәк, ең ажарлы, ең сұлуы. Кең даланы ақ көрпеге орап, ақ дүниенің кіршіксіз белгісі болып жататын ақ қардың аңғалдығы, күн түссе еріп кететін нәзіктігін-ай!

Басқан сайын табаныңа жабысып, қытырлаған дауыс құлағыңа жеткен кезде құрышы қанып, көңілі босап сала беретіні де рас. Бұл – аппақ қардың дауысы. Қылышын сүйретіп келген қыстың аязы бетті қарыса да, тоңдырса да жаныңызда бір жылулық бар. Бұл – мезгілдің адамға әсері. 

Рамиль211

Қыс келді. Түн ұзара бастады,Қар қалың жауды, Аяз қатты болады, Өзен суы мұз болып қатты, Балалар далада қармен ойнады,Қардан ойыншықтар жасады,Бір топ балалар аулада қар лақтырысып ойнап жүр,Бәрі жылы киім киген,Мектептер жаңа жылға дайындалып жатыр.

Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымның өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар. Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды.

Қара жердің бетін басқан аққұба ару сияқты үлпілдеген ақ ұлпа қар айналаға сән бергендей. Әркім бұл мезгілді асыға күтетіні рас. Бірі шаналарын арқалап, биік жоталарға, таулы қыраттарға бет түзейді. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты кездерде өз алдына бір бөлек әңгіме. Қолдарына шана сүйреген балалар, жүздері күлкіге толы адамдар барлығы бейне бір қыстың суығын емес, оның жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанады.

Даланың табиғаты тып-тыныш қалпынан, маужыраған күйінен серпіле түскендей күйде. Алатаудың сілемдері мен биік жоталарындағы қыс көріністері көздің жауын алады. Басында қашанда қар жататын қарт Алатау ару Алматының көркіне көрік қосып тұрғандай көрінеді. Ақындар жырға қосқан, әншілер әнге қосқан Алатау қыс мезгілінде ерекше сұлу ғой, шіркін!

Қыс мезгілін тағы да асыға күтуіміздің бір себебі - Жаңа жыл. Сірә, бұл мейрамды еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін күтетіні айдан анық. Бүлдіршіндер аппақ қардан аққала жасап, шырша безендіріп, аяз ата мен ақша қарды көруге асығады. Барлығы ақ тілектерін білдіріп, сыйлықтарын береді. Қылышын сүйретіп жеткен қаһарлы қыстың бізге берер қызығы мен қуанышы көп. Осындай естен кетпес оқиғаларға толы қыс мезгілін керемет деуге толық негіз бар. Қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып, нұрын төге түскендей, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.

alexeytikhonov
Ингредиенттер
Ұн - 700 гр.
Құрғақ ашытқы - 10 гр.
Сүт - 1 стақан
Су - 1 стақан.
Өсімдік майы - 50 гр.
Тұз - 1,5 шай қасық.
Қант - 1 шай қасық.
Қуыру үшін өсімдік майы

1-ҚАДАМ
Қамыр үшін: Сүт және су жылы күйге сәл қызады. Ашытқыны, ыдысқа қант салыңыз, сүт пен су құйыңыз, араластырыңыз және 15 минутқа қалдырыңыз.
2-ҚАДАМ
Жұмыс бетінде ұн мен тұзды араластырыңыз, құмыраны, өсімдік майын қосып, қамырды илеңіз.
3-ҚАДАМ
Қамырды үлкен ыдысқа салып, құрғақ сүлгімен жабыңыз және 1,5 сағат бойы жылы жерге қойыңыз.
ПЕРЕВОД НА РУССКИЙ ЯЗЫК
Ингредиенты
Мука – 700 гр.
Дрожжи сухие – 10 гр.
Молоко – 1 стакан
Вода – 1 стакан.
Растительное масло – 50 гр.
Соль – 1,5 ч.л.
Сахар – 1 ч.л.
Растительное масло для жарки
ШАГ 1
Для опары: Молоко и воду немного подогреваем, до теплого состояния. В чашу положить дрожжи, сахар, налить молоко и воду, перемешать и оставить минут на 15.
ШАГ 2
На рабочей поверхности смешать смешать муку с солью, добавить опару, растительное масло и замесить тесто.
ШАГ 3
Тесто положить в большую чашку, накрыть сухим полотенцем и поставить в теплое место на 1,5 часа.
Тесто положить в большую чашку, накрыть сухим полотенцем и поставить в теплое место на 1,5 часа.
Надеюсь все правильно!
dkedrin74038
Мен - облыстық «Сарыарқа самалы» («Қызыл ту») газетінің елу жылдан бергі тұрақты оқырманы әрі жергілікті жерден азды-көпті мақалалар жазып, қалам тербеп келе жатқан авторларының бірімін. Сондағы байқағаным – басылым үнемі уақыт талабына сай оқырмандарына қызмет етіп келеді. Қазір газеттен қаламы қарымды журналистердің ізденіспен атқарып келе жатқан еңбектерін танисың, сүйсінесің. Бүгінгі таңда тарихтың көзден таса қалған мәселелері төңірегінде де газетте аз жазылып жүрген жоқ. Бұл, әрине, оқырман қауымды қуантады деп ойлаймын.

    Келер жылы «Сарыарқа самалы» газетінің жарыққа шыққанына 85 жыл толады. Осы мерейтойға орай айтайын дегенім, газетке аймағымыздағы әрбір қазақ отбасы тұтас бір жылға жазылса екен деймін. Сонда рухани байлығыңыздан көз жазбайсыз, отбасыңыздағы ұл-қызыңыз да бұл басылымды оқып, пайдасын сезінер еді.

    Сөзімнің соңында, «Сарыарқа самалы» газетінің мерейі үстем, мәртебесі биік болсын демекпін.

 

 

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Суреттер бойынша «Қыс» тақырыбында әңгіме құрастырыңыз. Тірек сөздер: аяз болады, қар борайды, ағаштар, қырау басады, жазда дайындалады, аямайды, мақал «Қыстың қамын жаз жаса», адамға теңеген, қатал.
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*