horizma609
?>

Қазақстан туризмі қалай дамып келеді​

Казахский язык

Ответы

Зинина-Олесия

Қазақстандағы туризм әлі дамып жатқан, енді қарқын алып келе жатқан сала. Себебі тәуелсіздік алғанымыз кеше. Соған қарамастан жиырма бес жылдан аса уақыт ішінде бүгінгі күнге жету үлкен жетістік. Бұған септігін тигізіп отырған туризм саласы десек, артық айтқанымыз емес.

Еліміздегі туризм саласын қалыптастыруға және дамытуға географиялық картасы да, орналасу аумағы да, табиғаты да сай келеді. Арысы мұнаймен, құмды даламен шектесетін, берісі Арқа, Алтай, Алатау, Тарбағатай тауларымен шектесетін елдің орталығы да, солтүстігі де ең керемет байлыққа байып жатыр. Ол, әрине, орманды алқаптар.

Қазақстанға туристердің келу үрдісі жалғасып жатыр. Елімізге келетін туристердің, жиһанкездердің айтуынша Алматы, Астана, Көкшетау, Ақтау және қанша ма мың жылдық тарихы бар Түркістан қаласы Қазақстандағы ең керемет туристік қалалар қатарына жатады.

Бұдан өзге елдің туристік және мәдени дамыған қаласы ретінде Шымкент, Тараз қалаларын да атап өтеді. Туристік саланың дамуы тек бір табиғат ортасымен шектелмейді. Инфрақұрылымдық салалар бойынша дамыған, мәдени ошағы кең, қонақжайлығы және көз тартатын жәдігерлерімен де ерекшеленеді.

Елдің туристік саласын дамыту үшін көптеген бағдарламалар қолға алынды. «Жасыл әлем» түсінігі тек қана таза ауа, таза қала емес, сонымен қатар туристік бағытты дамытуға арналған бірден-бір құндылық. Қазақстандағы туризмнің дамуы – елдің ішкі экономикасының өсуіне әсер етеді. Сондықтан әрбір ел азаматы өз қаласының, ауданының осы саладағы мехнизімін құрып, дамытуға үлес қосуға міндетті.

radatailless

ответ:Күйлер тақырыбы мен мазмұнына қарай аңыз-күйлер, тартыс күйлер, тарихи күйлер, арнау күйлер, лирикалық күйлер, психологиялық күйлер болып жіктеледі.

Қазақтың аспаптық музыкасы ХVІІІ ғасырдың соңында жоғары деңгейге көтерілді. Бұл кезде Байжұма, Баламайсан, Есжан, Байжігіт, Ұзақ, Боғда, Махамбет сияқты күйшілердің атағы халыққа кеңінен мәлім болды. ХІХ ғасырда ежелгі күйшілік өнердің одан әрі өрістеп дамуына Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Тоқа, Абыл, Есір, Ықылас, Байсерке, Қазанғап, Сейтек, Дина, Сүгір сияқты күйшілік өнердегі ірі тұлғалар елеулі үлес қосты.

Домбыра күйлері орындалу мәндері мен құрылымдылық ерекшеліктеріне қарай төкпе және шертпе деп аталатын екі үлкен түрге бөлінеді. Төкпе күйлер тұрақты екпін мен өлшемде, оң қолдың тұтас сілтенуімен орындалады. Ал шертпе күйлер көбінесе жалғыс дауысты болып, оң қол саусақтарының ұшымен орындалады.

Қазақтың ең көне күйлерінің көпшілігі – қобыз күйлері. Ежелгі түркі тектес халықтарда қобыз күйлері жыраулар өнерінен бастау алады. Жыраулар жырды қобызбен сүйемелдеп отырған. Қобыз күйлерінде бұрынғы бақсы сарындары да көп кездеседі. Бұл өнерді дамытуға Кетбұға, Кербала, Айрауық, Көккесене, Ықылас және Жаппас Қаламбаев, Дәулет Мықтыбаев сынды ұлы күйшілер зор үлес қосқан.

Қазақтың ежелгі аспаптық музыкасы аса бай көркемдік тереңдігімен ерекшелігімен , рухани мәдениеттің құнды қазынасы ретінде ұрпақтан ұрпаққа жалғаса бермек.Қазақтың халық аспаптық музыкасының бүгінгі күнге жетуіне атақты домбырашылар Дина Нүрпейісова, Оқап Қабиғожин, Науша және Махамбет Бөкейхановтар, Лұқпан Мұхитов, Қали Жантілеуов, Ғылман Хайрошев, Төлеген Аршанов Смағұл Көшекбаевтардың сіңірген еңбектері ұшан-теңіз.

Домбыра – қағып, шертіп ойнайтын ішекті музыкалық аспап. Қазақтың ән-күй орындаушылық дәстүріне байланысты домбыра аспабының бірнеше түрі бар, олардың тек сырт пішіні ғана емес, ішек және перне саны да әр қилы болып келеді. Қазір домбыраның екі түрі кездеседі. Негізінен 2 ішекті болып келеді. 3 ішекті домбыралар да бар. Қазақстанның батыс өңірі, Арқа мен солтүстік-шығыс өңірлерінің домбыралары ел арасында көп пайдаланылады.

Объяснение: норм?

Zeegofer
Наурыз — шығыс елдерінін букілхалықтық мейрамы, Улыстын улы куні. Наурыз шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше кун ретінде аталып өтіледі. Қазақ халқы да Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды салт-дастурге айландырған. Шығыстын данышпандары Махмуд Қашқари, Омар Хаямнан бастап қазақтын улы ақыны Абай Қунанбаев, Алихан Бөкейханов, Ахмет Байтурсынов, Сакен Сейфуллин сынды улт қайраткерлері де Наурыз туралы енбектер, өлендер, асыл сөздер жазып қалдырған.Наурыз шығыс елдері ушін бірліктін, татулықтын, енбектін, ізгіліктін, бақыттын мерекесі ретінде тойланған. Сондықтан да болар, бул куні шаттанбайтын, қуанбайтын, мейірленбейтін адам болмаған.Бул куні жақсы тілек тілеу, қуттықтау, кешірім жасау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тауып, кейінгі урпақтар сондай жақсы өнегеден улгі алған. Наурыз мерекесіне тан — көпшілікке наурыз көже даярланады, ол тағам жеті турлі дамнен даярлануы шарт. Халықта наурыз көжені тойып ішкен адам келесі жылға дейін ішім-жемнен тарлық көрмейді деген уғым бар.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Қазақстан туризмі қалай дамып келеді​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

valueva260860
suhovaab
Dmitrievich-Telishev
uglichdeti
kuk-nina
pravovoimeridian
Doronin755
Дмитрий-Олейникова
kapitan19
NurlanAleksandrovich
Kuzina Sergeevna
edubenskaya
karavan85450
Bogdanov
oksana-popova