«Сіз үшін отбасының маңызы қандай?» диалог.
Мейрамбек: Әпке, осы «Отан отбасынан басталады» деп жатады үлкен кісілер, осы сөздердің мағынасы қандай?
Алтыншаш: Жаным, шындап келгенде, әрбір отбасы қоғамның бір бөлшегі, шағын Отан. Отбасы – әрқайсымыз үшін сүйіспеншілік, сыйластық, жарастық, татулық орнаған қасиетті мекен. Осы кішігірім «Отанымызда» бойымызға дарыған тәлім – тәрбие, елімізге, жерімізге деген сүйіспеншілік, ар – намыс қағидалары өмір бойы бізді жетелеп жүреді. Себебі, отбасының бала тәрбиесінде алар орны ерекше, баланың қалыптасуы отбасынан бастау алады.
Мейрамбек: Сонда, біздің отбасымыз да Отанның бір бөлшегі сияқты ма?
Алтыншаш: Дұрыс айтасың, әрбір отбасы қоғамның бір мүшесі ретіндей. Отбасының адам өмірінде алар орны мен маңызы ерекше.
Мейрамбек: Ал отбасының қандай маңызы бар?
Алтыншаш: туған үйдің жылуы адам көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ата мен ананың тәрбиесі қатар жүрген жерде жақсы азамат қалыптасатыны сөзсіз. отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі.
Мейрамбек: Мен сіздің арқаңызда бұл терең ұғымның мағынасын енді ғана түсінген сияқтымын. Рахмет сізге!
Алтыншаш: Оқасы жоқ, алтыным!
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Мәтінді мұқият оқып, төмендегі кестені толтырыңыз. Тұңғыш Елбасымыздың « ... Біздің бір ғана Отанымыз тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік ел» етуді мұрат қылдық. Осы идеяны әрқайсысымыз сезініп, өмірлік сабақ ретінде түйсек, осы жолда бар әлеуетімізді салсақ, 2050 жылы мұрат еткен «Мәңгілік елге» жететінімізге сенімдімін ... , өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бағытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік ел» деген сөздермен толыға түседі. «Мәңгілік ел» – ата-бабаларымыздың сан мыңдаған жылдан бергі асыл арманы. Ол арман әлем елдерімен терезесі тең болып әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Президенттің 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат. Бір мүдде. Бір болашақ» атты Қазақстан халқына жолдауында «Мәңгілік ел» – бұл бүкіл қазақстандықтарды біріктіретін жалпыұлттық құндылықтар және еліміздің болашағының іргетасын құрайды» – деп жазылған. Мәңгілік ел – жалпықазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы, әрі бабаларымыздың асыл арманын жүзеге асыру, яғни мәңгілік ел болу шектеусіз ғұмыры бар, тәуелсіз, тұғыры биік, ғылым- білімі дамыған, бірлігі жарасқан қабілетті ел болу үшін болашақ ұрпағымыз осы негіздегі мықты идеологияны бойына сіңіру қажет.