kgrechin
?>

Бирлик туралы матинин курастыру

Казахский язык

Ответы

mansur071199486

Бірлік дегеніміз - ортақ жұмыс жасағанда ұйымшылдық көрсету, жаныңдағы достармен тату өмір сүру, өзгелерді де тыңдау, өзгенің де қамын ойлау, көпшіл болу.

Бірлік түбі тірлік деп қазақ халқы бекер айтпаған. Адамдардың арасында бірлік болу керек Адамдар арасында бірлік болса, олар ынтымақта, тату - тәтті өмір сүреді. Біз бәріміз өзара сыйласып, ұйымшылдық көрсетксек қана бірлікке қол жеткізуге болады. Бүгі біздің елімізде көптеген ұлттар тұрады,олар бір-бірімен тату жақсы араласады. Біз берекелі ел болуымыз үшін ынтымақ, бірлік қажет. Әнет баба ынтымақта болсаңдар еш жау ала алмайдыд еген .

«Халық айтса, қалып айтпайды» дегендей, дана халқымыз бүкіл тіршіліктің, адамзат жаратылысының бүкіл мәнісін «Бірлік түбі – тірлік» деген екі ауыз сөзбен түйіндеген екен. Ауызбірліксіз ешкімнің де, ешбір елдің де ешқашан асығы алшысынан түспеген. Қазақтың тағы бір қасиеті, ешкімнің ала жібін аттамауға, көрші-көлем, ағайын-жұртпен, алыс жақынмен тату-тәтті, сыйлас болуға үгіттеген. А әу баста жер бетіне жаралғаннан-ақ қауымдасып күн кешу арқылы сыртқы табиғи күштер мен жыртқыш хайуанаттардың, нешебір аждаһалардың тажалына төтеп бере білді. Бірлесе еңбек ете жүріп бой түзеп, табиғатпен етене, оны игілігіне игеріп, жаратып, адамзат қауымы, тайпа, ұлт, ел болып қалыптасты. Сөйтіп, тек бірлескен күш-қайрат ғана қай қиын-дықты да жеңе білуге, қандайма алынбас қамалды да алуға болатынын, ішкі ынтымақтың ырыс-несібе-ырзық әкелетінін, дербес елдіктің шаңырағын тіктейтінін бағзыдан бағамдады. Күрес – өмір заңы болса, ал бірлескен күш-жігер, тонның ішкі бауындай жымдасқан бірлік пен өзара ілтипат, бауырмалдық пен достық сынды киелі ұғым-сезімдер ерлікке де, жеңіске де, сән-салтанатқа, арысы мәңгілікке бастайтынына ұлы уақыт төреші.

Ішкі бірлігі болмаған талай құдіреттіимпериялар мен мемлекеттер, кейбір мықты деген халықтар мен тайпалардың өзі тарихтың алмағайып тұстарында құрдымға кетті. Біздің қазақ «Ырыс түбі - ынтымақ» деп те, «Ауыл болсаң - қауым бол» деп те, «Ел болам десең, бесігіңді түзе»(тәрбиеңді түзе) деп те айтады. «Бірлік түбі – береке» дейді сосын. «Отан – отбасынан» демекші, әрбір отбасында уыздай ұйыған бірлік пен тату-тәтті тірлік болса, әр жанұяда елін сүйетін өрелі өрендер желкілдеп өсіп келе жатса, олар ең бірінші кезекте өз қазағының, Қазақстан халқының қамын жесе, ұлы Отанымызға да құт-береке дарып, қастерлі Тәуелсіздігіміздің тұғыры асқақтай түскені. Сындарлы сыртқы саясатымызды ұстана отырып, еліміздің ішкі әлемінде де алауыздыққа жол бермеу, ұлтаралық келісім мен діни ымыра, азаматтық келісім, міне, сол арқылы тәуелсіз Қазақ Елінің баянды болашаққа жол тартқан ұлы сапарын бекемдей түсу – ортақ міндетіміз.

Eduard Popik

Құрмалас сөйлем жасалу жолына қарай үш түрге бөлінеді: а) Салалас құрмалас сөйлем; ә) Сабақтас құрмалас сөйлем; б) Аралас құрмалас сөйлем. 

Салалас құрмалас сөйлем — құрамындағы жай сөйлемдері салаласа байланысқан құрмаластың түрі. Салалас құрмалас сөйлем баяндауыштары тиянақты тұлғада келіп, бір-бірімен тең дәрежеде байланысады.

1.Ыңғайлас салалас: Келгендер арасында Абай бұрыннан білетін Дәндібай, Еренай сияқты қарттар бар және екі-үш орта жастағы адам бар. * 2.Талғаулы: Ол кезде мен толқындай шапшыған сөздерді жақсы көруші ем, я болмаса шапқан аттай шаңдатқан сөздерді жақсы көруші ем. * 3.Түсіндірмелі: Оның өлеңінің балаларға әсер еткендігі сонша – олар әлгі партизан шалды көз алдында шын көріп тұрғандай болды. * 4.Кезектес: Сәуле біресе отыра қалып жазады, біресе комбайынның макетімен шұғылданады. * 5.Қарсылықты: Ән басылып қалды, бірақ гитара сазы тоқталған жоқ. * 6.Себеп – салдар салалас: Ертең жұмыс күні еді, ертерек жатайық.

Дружинин

Неологизм-қоғамдағы саяси, мәдени, экономикалық қатынастардың, ғылым мен техниканың дамуына байланысты тілге енген жаңа сөздер мен сөз тіркестері, фразеологиялық оралымдар.

Термин-ғылым, техника, өнер туралы және т.б. кейбір тұжырымдаманың атауы болатын сөз немесе сөз тіркесі.

Диалект сөздер-Жалпы халықтық тілде қолданылып, сөздік құрамға енетін сөздер сол тілде сөйлейтін адамдардың бәріне түсінікті болып келеді. Сондай-ақ жалпылама қолданыла бермейтін, тек белгілі бір аймақ шеңберінде ғана жұмсалатын сөздер бар.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Бирлик туралы матинин курастыру
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*