1. Қималардың әр түрлері белгісін, мекенін, мезгілін, мақсатын т.б. сипаттарын білдіретін сөз табын көрсетіңіз.
A) етістік
B) етіс
C) сан есім
D) үстеу
ответ: D) үстеу
2. Үстеу мағанасына қарай неше түрге бөлінеді?
A) 5
B) 6
C) 7
D) 8
ответ: D) 8
3. Бұл сұрақтар қай үстеудің сұрақтары?Қайда? Қайдан? Қай жерден?
А) мезгіл
В) мекен
С) сын-қимыл
D) себеп
ответ: В) мекен
4. Мекен үстеуді табыңыз.
А) ілгері, төмен
В) жазда, түнде
С) сәл, аз
D) ерте, кешке
ответ: А) ілгері, төмен
5. «Қашан?» деген сұраққа жауап беретін сөздердің қатарын табыңыз.
А) төмен, алға, жоғарғы
В) өте, тым, аса
С) жаздыгүні, бүгін, кешке
D) жылдам, асығыс, мүлдем
ответ: С) жаздыгүні, бүгін, кешке
6.Сын-қимыл (қимыл-сын) үстеуін белгілеңіз.
А) Жеті, он
В) Ақырын, жылдам
С) Аққу, тасбақа
D) Мен, біз
ответ: В) Ақырын, жылдам
7. Себеп- салдар үстеуін табыңыз.
А) Бұл сөзді босқа айтпадым.
В) Маған көмектесу үшін алыстан келіпті.
С) Әзіл айтсаңда әділ айт.
D) Шәкен 20 жыл бойы драма театырында.
ответ: А) Бұл сөзді босқа айтпадым.
8. «Әдейі, қасақана, жорта» сөздері қай үстеуге жатады?
А) мөлшер үстеуі
В) мақсат үстеуі
С) сын-қимыл үстеуі
D) мекен үстеуі
ответ: В) мақсат үстеуі
9. Мөлшер үстеулердің қатарын табыңыз.
А) әбден, тым, ең
В) тысқары, ішкері,әрі
С) кеше, кешке, кешкісін
D) біраз, талай, қыруар, көп
ответ: D) біраз, талай, қыруар, көп
10. Күшейткіш үстеуін табыңыз.
А) артық қалам
В) көп ел
С) өте жылдам
D) жап-жасыл
ответ: С) өте жылдам
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Бабаларымыз ежелден «Өнер алды – қызыл тіл» деп сөз өнерін аса жоғары бағалаған. Ақындар сөз сайысы кезінде жеңіске жетудің жолын іздеп, нақты дәлелдер келтіріп, сөзбен жеңген. Айтыста ақындардың импровизациясы, логикасы мен дәлелінің күштілігі анық байқалуы тиіс. Сөз өнерінің, образды, көркем ойлардың тілдік көрінісін айтыс өлеңдерінен көреміз. Ақындар тіліндегі көркем құралдарының бірі – мақал-мәтелдер. Мақал-мәтелдердің көпшілігі игі қасиеттерге үндеу, уағыздау сипатында болады. Мақал-мәтелдердің ерекшелігі – мазмұны терең, аз сөзбен көп мағына береді және көпшілігі есте тез сақталады. Айтыс өлеңдеріндегі мақал-мәтелдер тілдің эстетикалық қызметін күшейтіп, өлең сөзді әсерлі етеді. Ал қанатты сөздер мен мақал-мәтелдер әдеби тілімізді байытуға қосқан айтыс ақындарының үлесі екендігін көрсетеді.1. Мәтіннің жанры
матыннын жанры лирикалык