boyarinovigor
?>

Келісу/ келіспеу себептерін көрсете отырып, "Жас өнертапқыштар" тақырыбына шағын эссе жазыңыз

Казахский язык

Ответы

VladimirovnaKashintsev1151

Батырлар дүрілдеп өткен жер,

Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер,

Ғашықтар бір-бірін өпкен жер,

Сарылып сал-сері кеткен жер, - деп, Мұқағали атамыз жырлағындай, ұшса құс қанаты талатын өр Алтай мен Ертіс алабын алып жатқан ұлан-ғайыр, байтақ өлкені мекен еткен қазақ елі. Қазақ елі – билерше салмақтасақ, «Біз – мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау ба деп найзасына жылқының қылын таққан елміз. Дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Достықты сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз». Дауылдан соң желкенін қайта түзеп, қатты толқынына қарамастан жағаға жетіп, арман-мақсатына беттеген қайық секілді бүгінде еліміз тарих толқынында жүзіп келеді. Сан ғасырлар бойы тар жол тайғақ кешуді басынан өткерген қазақ елі тәуелсіздікті тұғырына қондырып, тұғырын биік етіп, бейбітшілікті ту еткен зайырлы мемлекетке айналды. Бұл күнге қалай жеттік деген сауал кімнің де болса көкейінде тұрары анық. Иә, расында бүгінгі бейбіт күнге қалай жеттік?

Тарих толқынына көз жіберсек, қазақ елінің іргесін қалаған Керей мен Жәнібек хандардың ерен еңбегі ұрпақтардың есінде. Елім деп еміренген, елінің басына күн туғанда толарсақтан саз кешкен батырларымыз Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай сынды батырларымыздың арқасында алпауытты жаулардан аман қалдық. Тарыдай шашылған үш жүз қазақтарының басын бір тудың астына біріктіре білген Абылайдай хандарымыздың салиқалы ел басқаруының арқасында шаңырағымыз шайқалмады. Өткір тілдің көсемі, буыршынған тілдің шешені, аста-төкте қызыл тілге дес бермей ел мен сыртқы саясатының шиеленіскен мәселелерін Бұқар жырау, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би сынды би-шешендеріміздің елі үшін емешегі езіліп, болашағына күңіренген ақыл-парасат иелерінің еткен еңбегі ерен. Бертін келе Ресей патшалығының бізді отарлауына қарсы шығып, қылышын сермеген Сырым Датұлы, Кенесары, Махамбет пен Исатай секілді айбынды, нарқасқадай ерлеріміз кеудесін оққа төсеп, жанпидалық етті. Сонау Ұлы Отан соғысында елінің болашағы мен амандығы үшін қолына қару алып, майдан қатарында қан кешкен боздақтарымыздың есімі тарих бедерінде алтын әріппен жазылып қалмақ. «Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады»,- деп, елінің болашағы үшін шыбын жанын құрбандыққа шалған А.Байтұрсынұлы сияқты ағартушы, зиялы қауым өкілдері Ә.Бөкейханов, С.Сейфуллин, М.Жұмабаев, С.Торайғыров, Ш.Құдайбердіұлы, Т.Рысқұлов сынды елдің көзі ашық, көкірегі ояу азаматтарымыз қараңғы қазақ көгіне күнді шығарамыз деп, осы жолда құрбан болды. «Ел болам десең бесігіңді түзе»,– деген М.Әуезов ұлты үшін көрегенділік танытып, болашағы үшін игі істердің бастамасы болып еді.

Желтоқсанның сол бір қаһарлы күнінде елінің болашағына алаңдап, тағдырына күйзелген жауқазындай Ләззат, Сәбира, Қайрат сынды жас өрендеріміз қыршыннан қиылды. Міне, тәуелсіздік ақ найзаның ұшымен, батырлардың білек күшімен, боздақтардың қанымен келгенін ұмытпағанымыз абзал. Қазіргі таңда сан ұлтты бір шаңырақ астына алып, тәуелсіздікті мызғымас тірегіне айналдырған еліміздің тарихы осындай. Тар жол, тайғақ кешуден өтіп, небір қиындықтарды басынан өткерген қазақ елі Азияда ойып тұрып орын тепкені мәлім. Басқаға жалтақтап, бодан болар күннен кеттік. Бар байлық, қазынамызды өзімізге бұйыратын еттік. Қоғамның саяси тұрақтылығы мен бірлігін тең етіп ұстар дәрежеге жеттік. Қысқасы, егемен ел болудың ең ауыр кезеңдерін артқа тастап, қиын белестерінен өтіп, биік асуларын бағындыра білдік. Енді, қазақ елін әлемге паш етіп, атақ-даңқын асқақтата білуіміз қажет.

Vasilii1891

Сөз таптары — өздеріне тән лексика-семантикалық, морфологиялық және синтаксистік ортақ белгілердің негізінде қалыптасқан категориялары бар сөз топтары. Сөз таптары үш түрлі белгісімен сипатталады:

а) Белгілі топқа жататын сөздердің семантикалық жағынан бірыңғайластығы (мысалы, зат есімге заттық атаулар, етістікке қимылдық атаулар жатады);

ә) Сөз түрлендіруші грамматикалық категорияларының ортақтығы;

б) Синтаксистік қызметінің ұқсастығы. Бірақ бұл үш белгі сөз таптарының бәрінен бірдей табыла бермейді. Мысалы, зат есім, етістіктен үш белгінің үшеуі де табылады, ал одағайға екінші (морфологиялық) белгі тән емес.

Сөз таптарының саны тілдерде бірдей емес. Мысалы, қазіргі орыс тілі грамматикасында 10 сөз табы, ал қазақ тілінде 9 сөз табы көрсетіліп жүр:

Зат есім

Сын есім

Сан есім

Есімдік

Етістік

Үстеу

Еліктеу сөздер

Шылау

Одағай

Сөз таптары толық мағыналы сөздер (зат есім, сын есім, етістік, үстеу) және көмекші сөздер (шылау, демеулік, частицы, артикль т. б.) болып табылады. Типологиялық тұрғыда есімдік пен сан есімді жеке сөзтабы ретінде қарастыру күмәнді деп есептеледі. Олар синтаксистік функциясы мен мағынасы жағынан әр текті және басқа сөз таптарына қатысты болып келеді. Кейбір тілдерде басқа сөз таптарының құрамында қаралады. Мысалы, үш, төрт есептік сан есімдері — зат есім-сан есімдер, үшінші, төртінші реттік сан есімдері сын есім-сан есім түрінде қаралады. Есімдік пен сан есім дәстүр бойынша толық мағыналы сөз таптарына жатқызылып жүр. Сөздерді тапқа бөлу мәселесі өте көне дәуірлерден басталады (Аристотель, т. б. грек ғалымдары, үнді ғалымдары Панини, Яска т. б.). Тіл білімінде сөз таптарын жіктеу мәселесі күні бүгінге дейін талас тудырып келеді. Оған байланысты проблемалар аз емес.[1]

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Келісу/ келіспеу себептерін көрсете отырып, "Жас өнертапқыштар" тақырыбына шағын эссе жазыңыз
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

olg14855767
tvmigunova551
Александр Сергей
steger
ninazholnerova9
Aivazyan
vikgor45
KseniGum9
unalone5593
Astrians
alplakhota67
sodrugestvo48
alakhverdov138
aistenok-28
krimenu5033