Ата-аналарға Жаңа жылға сыйлық сатып алу – оңай әрі бір мезгілде қиын болып табылады. Ұсыныстардың көптігі соншалық, сыйлық таңдау қиын емес. Бірақ әркім ата-атаға арналған сыйлық ерекше, өз жүрек жылуының бөлшегі болғанын қалайды. Жаңа жылды сыйлықсыз елестетуге болмайды. Тосын сый мен тартулардың көбі балаларға келеді. Себебі, Аяз Атаның қапшығының өзі солардың тапсырыстарына толы болады Ал сол балалардың ата-әжесіне, өзіміздің ата-анамызға сыйлық таңдау өте қиын. Үлкен кісілердің көңіл-күйін көтеріп, жағдайын жақсарту үшін не сыйлау қажет? Қалыпты тiршiлiк ету үшiн адамның барлық дене мүшелеріне (соның ішінде миға) оттегі керек. Бiз белсенді қозғалып, спортпен шұғылданғанда, қан оттегіні ағза бойына жақсы таратады. Жүйелi жаттығулардың арқасында жасушаларды оттегімен және басқа қоректендiргiш заттармен қанықтыратын жаңа қан тамырлары пайда болады. Бірқалыпты дене жаттығулары егде адамдар үшiн өте пайдалы. Ата-ананаңызға хауызға абонемент сыйға тартыңыз немесе үй ауданы үлкен болса, үстел пинг-понгын алып беріңіз.Ғалымдар пинг-понгтың есте сақтау қабілетін жақсартуға көмектесетiнін дәлелдеген. Үстел теннисін ойнау кезінде жүрек-тамыр және тыныс жүйелерi үшiн пайдалы белсендi қозғалыстардан басқа, ми да үнемi жұмыс iстейдi, - ойыншы доптың ұшу бағытын ойша елестетеді, өзінің соғу стратегиясын ойында сақтайды және осы барлық ой бір секундтың мыңыншы бөлігінің ішінде қимылмен үйлестiріледi! Сонымен бiрге, пинг-понг добы өз алдына тамаша тренажер: оның қозғалыстарын қадағалай отырып, адам көз бұлшық еттерi мен тепе-теңдiк аппаратын жаттықтырады.
baxirchik
05.10.2020
Тараз - Талас өзені бойындағы ежелгі қала, салынған уақыты V ғасырдан бері емес.Тұғыш рет 568 жылы Византиялық елші Земарх ауызға алады. Бірнеше он жыл өткен соң, 630 жылы ол туралы Қытай саяхатшысы Сю-ань-Цзан хабарлайды, Тараздың ұлы Жібек жолының бойында тұрған маңызды сауда орталығы деп атайды. Бұл қала хақындағы мәліметтер барлық уақытта да тоқталмапты. VIII ғасырда Тараз Арғу-Талас, Алтын-Арғу, Талас-ұлыс атауларымен мәлім.Тараз қолөнер өндірісі жақсы дамыған бекіністік сауда қаласы болды. X ғасырдағы араб геогрофы Әл-Макдиси былай деп жазды: “Тараз-бақтары қыруар көп, халық тығыз қоныстанған, орлары, төрт қақпасы мен адамдары мекендеген қамалы бар үлкен бекіністі қала. Екінші мединада үлкен өзен, оның ар жағында шаһардың бір бөлігі, оның үстінен өтетін көпір бар. Базар ортасында мешіт үйі тұр”.Ежелгі Таразды қазу нәтижесінде жоғарыдан төмен қарай жатқан бес мәдениет қабаты анықталды. Бірінші қабат-осы заманғы: екіншісі XIII-XV ғғ. сәйкес келеді: үшіншісі қаланың XI-XII ғғ. өмір сүргенін куәландыратын қалдықтардан тұрады: төртіншісі VIII-X ғғ. Түргеш қарлұқ кезеңіне қатысты: бесіншісінде V-VII ғғ. мәдениетінің іздері табылды. Соның ішінде X-XII ғғ. Тараздың тамаша көркейгені жөнінде сыр шертетін үшінші қабат орасан бай олжа болып шықты. Үшінші қабат керамикасына тән сипат қара және қоңыр түстермен ұштасқан күңгірт –қызыл боялардың басымдығы болып табылады.Қаланың архитиктуралық – жоспарлау тұрғысындағы құрылымы қиылысқан магистральдарда тұтастырылған. Тараздың тұрғын үй кварталдары, қоғамдық ғимараттарға қарағанда, тым ұсақ өлшемде, ал бұл жайлар тура сызықты бағытта, тұрақты түрде салынғаны туралы айтар еді. Төселген тротуарлар көптігі, шошақ пішінді қыш құбырлардан тұратын сумен жабдықтау жүйелері Тараз қаласының жақсы өте жоғары деңгейге жеткенін паш етеді.XI-XII ғғ. салынып, өзіндік жоспарлармен ерекшеленген қоғамдық моншалары Тараздың даңқын алысқа жайыпты. Монша ыстық өткізгіш арналар жүйесімен жылытылған, су құбырлары болды. Монша қабырғалары өрнекті суреттермен әшекейленді.Қалашықтың жалпы аумағы 90 гектарға жуық жерді құрайды, шаһарстанның қираған орны 7,5 гектар көлемді алып жатыр. Мұнарлары қамал қабырғаларының қалдықтар да сақталған. Архиологиялық қазбалар кезінде зороастрийзмге тән жерлеу табылды. Таразда әйгілі Қарахан кесенесі (Х-ХІ ғғ.) секілді ортағасырлық ескерткіш күні бүгінге дейін сақталған. Тараздың оңтүстік-батысына таман 18 км жерде Айша-Бибі (ХІ-ХІІ ғғ.) және Бабаша-Қатын (Х-ХІ ғғ.) мавзолейлері сияқты ескерткіштер бар.Ежелгі Тараз тарихи оқиғаларға бай. Өзі өмір сүрген VI-IX ғғ. алғашқы кезеңінде қала қарлұқтарға қарады, ал Исмаил Ахмет жаулап алғаннан кейін ІХ ғ. соңында Саманидтер әулеті иеліктерінің құрамына енді. Х ғ. аяғы мен ХІ басы ғасырда Тараз Қараханидтер мемлекетінің астанасы болады. ХІ ғасырдың ғұлама ғалымы Махмұд Қашқари Тараз тұрғындары түрік және соғды тілдерінде сөйлегенін тілге тиек етеді. ХІғ. Таразда ақша сарайы жұмыс істеген. Көптеген Шығыс елдеріндегі архиологиялық қазбалар кезінде Таразда соғылған күміс дирхемдер табылды. Тараз Дех, Адахкес, Бехлу, Шелжі, Сус, Нужикес, Хамукат, Жікіл секілді шаһарлары бар үлкен аймақтың орталығы болды. Өзінің көп ғасырлық тарихында Тараз әлденеше рет қирауға ұшырады.1207-1210 жж., оны Хорезм шахы Мұхаммед, ал 1219-1220 жж.
Ответить на вопрос
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Көп нүктенің орнына тиісті шылауды қойып сөйлемдерді көшіріп жаз 2. Күн ашық ... ? 3. Жеркөктеді ... ? 4. Құстар туған жерге оралды ... ?
1)Күн ашық па?
2)Жер көктеді ме?
3)Құстар туған жерге оралды ма?